Internet resources www.nasoup.com. http://www.azps.ru
http://www.top-personal.ru
http://www.hrm.ua
http://www.hrm.ru
Дәріс 14. Басқарудағы конфликтілер психологиясы 1 сағ. 14 апта Мақсаты: студенттерді ұйымдағы кикілжіңнің табиғатымен таныстыру және кикілжіңді жағдайларды басқару дағдыларын қалыптастыру. Кілт сөздер: кикілжің, кикілжіңдердің түрлері, кикілжіңшіл тұлға, келіссөздер, келіссөздердің стильдері. Дәріс жоспары: Конфликтілер: анықтамасы және түрлері
Конфликтілердің (шиеленіс, қақтығыс) негізгі теориялары, конфликтілердің зардаптарын бағалау.
Конфликтілердерді басқару негіздері.
№ 1 сұрақ. Конфликтілер: анықтамасы және түрлері. Кикілжің (латынның conflictus сөзінен) – қарама-қарсы бағытталған қарама-қайшылықты тенденциялардың қақтығысы. Кикілжің – осы кезде бір жақтың әрекеттері, екінші жақтың мүдделерімен қақтығысып қалып, оның мақсаттарының жүзеге асырылуына кедергі келтіретін, адамдар мен топтардың өзара әрекеттесуінің бір түрі. Өндірістік кикілжіңдердің шамамен алғанда 80%-ы әлеуметтік-психологиялық сипатта және өндірістік кикілжіңнен тұлғааралық кикілжіңге көшеді. Кикілжіңдерге және олардың нәтижесіндегі уайымдауларға жұмыс уақытының 15%-ға жуығы шығындалатыны анықталған.
Конфликтілердің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады: