Дістемелік кешен


Дәріс 5 . Басқарушылық өзара әрекетегі тұлға



бет34/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Дәріс 5 . Басқарушылық өзара әрекетегі тұлға
1 сағ. 5апта
Мақсаты: студенттерді басқарушы іс-әрекеттегі коммуникативтік процестермен және персоналмен өзара әрекеттесе отырып жасалатын, менеджер мен басшының кәсіптік іс-әрекетінде пайдалану мүмкіндігімен таныстыру.
Кілт сөздер: коммуникация, коммуникативтік қабілеттер, коммуникативтік цикл, аттракция, эмпатия, сөйлеудің жалпы мәдениеті, сендіру, иландыру.
Дәріс жоспары:
1Мененжердің коммуникативтік жүріс-тұрысы
2 Мененжер іс-әрекеттегі коммуникативтік құбылыстар мен процестер
3.Мененжер іс-әрекеттегі рефлексивтік процестер.
1 сұрақ. Басшының коммуникативтік жүріс-тұрысы
Практикалық және теориялық тұрғыдан алғанда, осыларды сақтау басшының тиімді коммуникативтік жүріс-тұрысының негізі болып табылатын ережелер мен талаптар ең маңызды. Тиімді емес коммуникациялар - жаман басқарудың негізгі себептерінің бірі.
Басшының коммуникативтік жүріс-тұрыс сферасы бірнеше негізгі түрге бөлінеді: басқа функциялар мен міндеттерді орындаумен ілесе жүретін параллель коммуникациялар; әңгімелер мен келіссөздер; іскер кеңестерді ұйымдастыру және жүргізу; басшының жұрт алдында сөз сөйлеуі; олардың іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатымен, қол астындағыларға әсер ету түрі ретіндегі тілдік атқарушы іс-әрекеттер. Сондай-ақ коммуникацияның вербальды емес түрлері – мимика, пантомима және жазбаша (іскерлік хаттар) түрлері бар. Осы түрлердің әрқайсысы басшының тілдік жүріс-тұрысына спецификалы талаптар қояды.
Негізгі талаптар тілдің жалпы мәдениетіне қойылады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы лингвистикалық нормаларды сақтау.
Тіл мәдениетінің ажырамастай құрамдас бөлігі – алдын ала идеалды тұрғыда, одан кейін барып вербальды тұрғыда тұжырымдалуға тиісті хабарламаның ақпаратқа қанықтығы.
Коммуникацияның тиімділігі фразаларды құрудың қысқа да нұсқалығынан және құрылымдық қарапайымдылығынан тұрады.
Сөйлеудегі қате – эмоциялық бояудың болмауы және оның гипертрофиялануы; айтылған сөздің мазмұны мен оның эмоциялық қаныққандық шамасының үйлесімі қажет.
Коммуникацияның вербальды және вербальды емес құралдарының үйлесіміне де осындай талап қойылады.
Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталғандығын ескере отырып құру керек; мазмұны бойынша олар өздері жүзеге асырылып отырған міндетке сәйкес келуге тиіс.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды талабы – оның адресаттың ерекшеліктеріне адекваттығы.
Барлық осы талаптардың үйлесімі – басшының әңгімелер мен келіссөздер жүргізу кезінде ең толығымен көрініс табатын коммуникативтік құзыреттілігінің шарттарының бірі. Бұл ретте спецификалы ережелерді де сақтау қажет: қатынасты әңгімелесудің бірінші кезеңдерінен орнату; әңгімеге мұқият дайындалу (өз мақсаттарының, өз жүріс-тұрысының тактикасының анықтығы); тыңдай білу; серігіне деген құрмет пен зейін; асығыс қорытындылар жасамау; қорғаныстағы енжар позиция алмау; қажет болмаған дауға қосылмау; әңгіменің осыларға алып келуі мүмкін нәтижелер туралы есте ұстау.
Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да орын алады. Бес негізгі кезеңді бөліп көрсетеді: кеңестің басталуы, негізгі ақпаратты беру, дәлелдеу, қарсы дәлелдерді бейтараптандыру немесе жоққа шығару, шешім қабылдау. Оларға іскерлік кеңестерді өткізудің бес негізгі принциптері сәйкес келеді - әрбір негізгі кезең үшін:
1) қатысушылардың мәселеге көңілін аудару. Олардың талқылауға қатысу қажеттігін мотивациялау;
2) қатысушылардың талқыланып отырған мәселенің ең тиімді шешілуіне деген жеке қызығушылығын ояту;
3) барлық айтылған сөздерді максималды дәлелдеу;
4) басқалардың дәлелдерін теріске шығармастан бұрын, олардың шын мәніндегі себептерін ашып көруге тырысу;
5) ақырғы шешімді жасап шығарған кезде, кеңеске қатысушылардың мүдделерін ескеру.
2 сұрақ. Басқарушы іс-әрекеттегі коммуникативтік құбылыстар мен процестер
Мененжердің коммуникативтік жүріс-тұрысының барлық түрлері коммуникация барысында пайда болатын белгілі бір заңдылықтар мен феномендерге негізделген. Олар коммуникативтік құбылыстар түсінігімен белгіленген. Олардың негізгілері: елтіп әкету, иландыру, сендірук, еліктеу; осылардың әрқайсысының спецификалы заңдылықтары бар.
Елтіп әкетіу – эмоциялық күйді (көбінесе ұғынылмайтын деңгейде) бір адамнан екінші бір адамға беру процесі. Бұл әсер көбінесе үлкен аудиториялар үшін тән болып келеді.
Иландыру адамның ақпаратты қабылдаудағы саналылығын және сын көзімен қарауын қасақана төмендетумен, оны белсене түсінудің, талдаудың және өткен тәжірибемен байланыстырудың жоқтығымен байланысты, адамның психикалық саласына әсер ету процесі ретінде анықталады. Иландырылған ақпараттың мазмұны ой елегінен өткізуге және коррекцияға нашар беріледі, «иландырылған жүріс-тұрыс ұйғарымдары» түрін алады. Иландырудың тиімділігі суггестордың («иландырушының») беделіне байланысты болып келеді.
Сендіру қисынды негіздеудің көмегімен ақпаратты қабылдап отырған адамнан ерікті келісімге қол жеткізуге құрылады. Бұл интеллектуалдық әсер ету, дәл сол кезде иландыру - эмоциялық-еріктік.
Еліктеу – бөтен адамның жүріс-тұрысын белсенді жаңғырту. Еліктеудің бірнеше негізгі типтері бар: қисынды және қисыннан тыс, ішкі және сыртқы, еліктеу сән және еліктеу-әдет, ішкі- және топаралық еліктеу. Бұл – конформисттік жүріс-тұрыстың негізгі механизмдерінің бірі.
Барлық осы құбылыстардың психологиялық механизмдері спецификалы коммуникативтік психикалық процестердің және олар себепші болған тұлға қасиеттерінің болуымен байланысты. Бұл – эмпатия, аттракция, идентификация, рефлексия және т.б. процестері.
Оларды сипаттамастан бұрын, осылар өрістеп отырған ортақ коммуникативтік контексті суреттейтін түсініктерді анықтап алу керек.
Коммуникативтік цикл – бұл негізгі коммуникативтік әрекеттер қатарының дәйектілігі. Оның құрылымы жалпы алғанда коммуникацияның жалпы құрылымымен (10 бөлім) ұқсас, бірақ өзіне қосымша құрамдас бөліктерді қосады:
- коммуникативтік мотивтелгендіктің – коммуникативтік актіні бастауға және оның түрін таңдауға түрткінің пайда болуы;
- серіктесті «шақыру»;
- шақырудан «бас тарту»;
- «шақыруды» қабылдау;
- ақпаратты беру;
- адресантпен байланысты аяқтау және қатынастың аяқталғандығы мен адресанттың жауап сөз айтуын инициациялауды білдіретін спецификалы операциялар;
- адресантпен байланыстың ықтимал үзілулері;
- бастапқы хабарламаны коррекциялау және коммуникативтік циклді аяқтау немесе оны қайталау (егер коммуникацияның бастапқы мақсаттарына қол жеткізілмесе).
2. Коммуникативтік күй – бұл тұлғаның коммуникацияға қосылғандығының шамасы мен толықтығын, оның мүмкіндіктері мен коммуникациядағы белсенділігін сипаттайтын жалпылама түсінік. Бұл тұлғаның коммуникацияға – рецептивтік қондырғыға көңіл аууын қамтамасыз ететін, басқа индивидтер тарапынан әсерлерді қабылдауға даярлық та.
3. Коммуникативтік құзіреттілік – бұл басқа адамдармен қарым-қатынастарды орнату және ұстап тұру қабілеттілігі.
4. Коммуникативтік қабілеттер өзара әрекеттесу тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның себебі – алынған білімдер мен дағдылар емес, жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері. Осы қабілеттердің құрамына экстраверттелгендік, ашықтық (оның ішінде когнитивтік), эмоциялылық, алғырлық және т.б. Интегративтік қасиет ретіндегі коммуникативтік қабілетті қамтамасыз етудегі негізгі роль коммуникативтік қабілеттермен тығыз үйлескендігі соншалықты, оларды процестер ретінде де, жеке бастың қасиеттері ретінде де қарастыруға болатын коммуникативтік процестерге тиесілі. Осылардың негізгілері болып келесілер табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет