Әдебиет: Н.Ә-27,29, 31.
Тақырып № 18.Ноғайлы елі. (1сағ) Мақсаты : Ноғай атауы, ұлты және жұртының шығу тарихына тоқталу.
Жоспары 1.Ноғай атауы, ұлты және жұрты.Маңғыттардың Едіге ордасының құрылуы. Маңғыттар және көшпелі өзбектер. «Маңғыт», «ноғай » терминдерінің ара қатынасы.Ноғай ордасы тәуелсіз саяси құрылым ретінде. Ноғайлардың орналасқан аймағы.
2.Қазақ-ноғай қарым-қатынастары.Ноғай-қырым татарлары және астрахань қарым-қатынастары. Ших-Мамай би және қырым ханы Мұхаммед Гирей. «Астрахань катастрофасы». Алты Ұлыс ордасының құрылуы. Кіші Ноғай ордасы. Ормамбет би аңыздарда біртұтас халықтың қазақ және ноғай деп бөлінуі нағыз қасіретті оқиға ретінде.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 31.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 19.Башқұрттар. (1сағ) Мақсаты: : Башқұрт атауы және ұлтының қалыптасуын көрсету, мәдениетіне сипаттама бру.
Жоспары: Башқұрт атауы және ұлтының қалыптасуы. Башқұр сөзінің этимологиялық түсіндірмесі. Башқұрттардың шығу тегі жөніндегі аңыздар. Жергілікті фин-угор тұрғындары.Араб және парсы саяхатшыларының зерттеулері.Башқұрттар құрамындағы қыпшақтар, табындар, тамалар, жалайырлар. Башқұрт Республикасының жариялануы. Діні. Мәдениеті.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 20.Татарлар. (1сағ) Мақсаты : Татар этнонимін талдау және шығу тарихын анықтау.
Жоспары: Татар этнонимі.Шығу тарихы. Түркі тілдес ұлт. Нәсілі. Территориясы. Татар тарихы.Халқы.Ағартушылық бағыттағы іс-шаралар. Қазан губерниясының құрылуы.Татарлар-Ресейдің ең сауатты халқы.Ескі шоқыну дәстүрі. Иван Грозныйдың жорықтары.Татар-Башқұрт мәдениет орталықтары қауымдастығы.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 21.Қырғыздар мен ұйғырлар. (1сағ) Мақсаты: Қырғыз ұлтының қалыптасуын көрсету.
Жоспары: 1. Қырғыз ұлтының қалыптасуы.Моғолстан мен Моғолия қырғыздар мен ұйғырлардың саяси тарихының бастау алар нүктесі. Қырғыз этносының қалыптасуындағы моғол компонентінің рөлі. Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынастары. ІІ Абдаллах және Моғолстан. 1680 жылы жоңғарлардың Жаркендті жаулап алуы. Накшбандардың сопылық ордені, моғолиядағы оның белогорлық және черногорлық секталары. Моғолияның ішкі саяси өміріндегі қырғыздардың ролі.
2. Ұйғыр мемлекетінің құрылуы.1702 ж Қонтайшы Цеван-Рабтанның (1697-1727) Шығыс Түркістанды жаулап алуы. Циндардың Жоңғар хандығын жойғаннан кейін, қазіргі Қытайдың Синьцзян провинциясы болып отырған- Шығыс Түркістанды жаулап алуы. 1762-1821 жж қырғыздарды зорлықпен Қоқан хандығына қосу. 1925 жРСФСР құрамында Қара-Қырғыз АО-ның құрылуы.