Дістемелік кешен


ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ - ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ



бет12/40
Дата24.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#201285
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
konstruktivti bilim beru adisteri pani boi nsha oak mi-20-31

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ - ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына,  өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне  кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.
Д. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M.Fishman, L.McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне, сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол шешімін талап ететін проблемаларды айқындауында, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.
Кей жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе, оқушылардың көпшілігі еркін ойлауда, ойларын жеткізуде біршама қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса жоғары сыныптарда қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы тұсында байқалады.
Балалардың қажеттіліктерін ескере отыра дағды және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет