3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ
Практикалық сабақтар: С++ тілінің объектілі-бағытталған құралдары. Кластар және объектілер
Орындауға арналған тапсырмалар: Дата класымен жұмыс жасайтын программа құрыңыз. Программа берілген класпен енгізу, мәнді шығару амалдарын орындасын.
Жол класымен жұмыс жасайтын программа құрыңыз. Класс келесі өрістерді қосуы керек: жол массиві, оның ұзындығы, құрылған уақыты. Программа берілген класпен жұмыс жасайтын қарапайым функцияларды қамтуы керек: жолды өзгерту, жолды енгізу, жолдан жол бөлігін табу.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы): Призма бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау. Берілген объект көмегімен призма бетінің ауданы мен көлемін есептейтін программа жазу.
Жолдарға арналған класс құру. Жол символдар масссиві ретінде сақталуы қажет. Класта ішкі жолдарды алу, барлық символдарды жоғарғы және төменгі регистрлерге ауыстыру әдістері қарастырылу қажет.
Кез келген өлшемді матрицаны сипаттайтын класс құру. Жолдар мен бағандар санын өзгерту мүмкіндігін, кез келген өлшемді ішкі матрицаны және барлық матрицаны экранға шығару мүмкіндігін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.