Дістемелік кешені


Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері



бет15/34
Дата19.12.2021
өлшемі120,47 Kb.
#103320
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Оқу әдістемелік кешен. Менеджмент 19-20 Word

Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Белсенділік, Сыни ойлау және басқа критерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау

60

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100


Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,


Жеке таныстырылымы,

Топтық жоба, және басқа.



80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



.

VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.

Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.

Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

F

0

0-24

Қанағаттанарлықсыз



«Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі


қолы


Б.Ж.Бекжанова

Пән оқытушысы

қолы


А.Д.Оразымбетова


Дәрістік сабақ конспектілері (тезис)

Лекция1. Тақырыбы:Педагогикалық менеджменттің ғылыми – теориялық негіздері.

1.Менеджмент және менеджер туралы жалпы түсінік.

2. Менеджменттің даму кезеңдері.

3. «Менеджмент», «басқару» ұғымдарына сипаттама.

4. Педагогикалық менеджменттің мақсат, міндеттері.

Негізгі ұғымдар: менеджмент, білім беру менеджменті, менеджер, т.б.

Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.



  • Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;

  • Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;

  • Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;

  • Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.

Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.

Экономикалық ғылым аясында дүниеге келген (Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд, Х.П.Циммерман) менеджмент жедел дамып, сан алуан аспектілері бар пәнаралық теорияға айналды.

Бұл ғылыми-практикалық бағыт ПСИХОЛОГИЯДА белсенді қарастырылуда (Э.Мэйо, Д.Рена, Г.С.Никифоров, Ю.Н.Сливкин және т.б.).

және ПЕДАГОГИКАДА (Т.М. Баймолдаев, В.Д.Белиловский, К.П.Вазина, Ю.А.Конаржевский, Н.В.Кухарев, Н.А.Лебедева, Ю.Н.Петров, А.А.Семченко және т.б.) зерттелуде.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет.

Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа үлгі керек. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.

2. Білім берушілік үдеріс деп үш құрамдас бөліктер: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы түсіндіріледі.

Білім берушілік үдеріс – бұл тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет.

В.П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджменттің (білім берушілік үдерісті тиімді басқару теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіне тән заңдылықтары мен ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Білім берушілік үдеріс менеджер еңбегінің пәні болып басқарылатын субъект қызметі табылады, еңбек өнімі – ақпарат, ал еңбек құралы сөз, тіл, баян.

Оқу-танымдық үдеріс және оқу-тәрбиелік үдеріс менеджері еңбектерінің нәтижесі болып менеджмент объектісі білім алушының (екінші субъект) білім , тәрбие және даму дәрежесі табылады.

Педагогикалық менеджмент-әрекетті жүйе ретінде өзіне келесі құрылымдық-функционалдық компоненттер мен жүйені түзетін факторларды енгізеді: қызмет мақсаты (жоспарланған , күтілетін нәтиже), қызмет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, білім алушылар, студенттер және т.б.), қызмет мазмұны (оқу, басқарушылық және басқа ақпарат), қызмет тәсілдері (оқытушының білім алушымен, басшының оқытушымен өзара әрекеттесу әдісі, стилі)

Менеджменттің негізгі категориялары

Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай – «басқарудың объектісі мен субъектісі», «олардың арасындағы тура және кері байланыс», «басқару жүйесі», «қоршаған орта».

Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын педагогикалық ұжымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың іс-жұмысының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн.

Басқару объектісі – бұл басқарылатындардың барлығы, яғни сала, біртұтас педагогикалық үрдіс. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, біртұтас педагогикалық үрдісі.

Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.

Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісінің іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым толық көрсететіндер.

Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.

Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек.

Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

- дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;

- тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;

- оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);

- мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.

Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан.

Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.

Басқаруға тəн жəне бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.

Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.

Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.

Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.



Лекция 2. Тақырыбы: Білім беру жүйелерін басқару

1. Басқару қызметі ұғымы және маңызы. Басқарудың негізгі мақсаты және міндеттері. Басқару үрдісінің циклді сипаты.

2. Білім беру мекемелерін басқару қағидалары. Білім бері мекемелерін басқару функциялары (мақсаттылығы және жоспарлау, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, бақылау және талдау жасау).

3. Басқару әдістері: психологиялық- педагогикалық, ұйымдастыру-ұйғарымдық, экономикалық.



Негізгі ұғымдар: басқару, басқару қағидалары, басқару әдістері, т.б.

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа боып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, 20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір бассшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңгғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды.

Кең мағынасыда алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: «Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.

«биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.

«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет