6.2. Қозғалмалыдағдының қалыптасу негіздері Оқушылардың қозғалмалы қимылдарды оқу процесі кезіндегі
іс-әрекетіне оқып білу тән. Сондықтан оқытудың нәтижесі
педагогтың оқу процесін физиологиялық, психлогиялық, педагогикалық, құрылымдық заңдылықтарға сай етіп ұйымдастыруына байланысты болады. Ал ол заңдылықтар оқушылардың қазіргі әдістемесі мен тұжырымдамасында /шарттырефлекторлық, әрекеттерінің және түсініктерінің
қалыптасу кезендерінде, алгоритмикалық жарлықтарда, оқушылардың бағдарламасында т.б./ жатыр.
Оқытушылардың әдістемесі мен тұжырымдамасы арқылы жалпылама жағдайлардың жиынтығы және мәнді, мазмұнды, оқу процесінің әдістемесі ұйымдастырылуын, сонымен қатар білім алушылардың және білім берушілердің оны іске асырудағы іс-әрекеттілігі түсіндіріледі.
Қимыл әрекеттін меңгеру мынандай әдістемелік тізбек арқылы жүзеге асады.
66
Қалыпты оқу мотивациясымен айналысатындардың қалыптасуы.Мотивация–тұрақты мативтердің,ниеттенудің жеке шығармашылығы және алға қойған мақсаттар жиынтығы. Жетістік мотивациясы психикадағы ӛңделген жетістіктер механизімі. Олар мотив «табысты аңсау» - белсенділік-мақсат «табысқа жету» формуласы арқылы іске асады. Оқытушы ӛзінің оқушыларын оқытар кезде оларды алдағы меңгеретін жаңа қимыл әрекеттерге түсінікпен, саналықпен қарауға, ниеттендіруі тиіс. Ешқандай ықтиярыз болған оқу жаттығу техникасында әр
түрлі қателіктерге әкеп соғады.
2. Қозғалмалы әрекетінің мәні туралы түсініктерінің қалыптасуы. Білім істің орындалуына бағдар жасау негізінде
және берілген түсініктемелердің тыңдау негізінде қалыптасады. осыған байланысты.
Түсініктемелер оқушының кӛнілін ішкі шарттарға аударады, яғни істің табысты орындалуы осыған байланысты. Қозғалмалы әрекет пен шарттардың ерекшелік элементтері М.М. Богена /1985/, терминологиясы бойынша негізгі тірек нүктелелері /НТН/ деп аталады және әрекеттің бағдарламасын құратын әрекеттің шама негізі /ӘШН/ болып табылады. Әрекеттің нысаналы негізінің құрылуы оқытудағы ең жауапты кезең болып келеді.
2. Әр әрекеттің нысаналы негіздерінің қозғалысын үйренудегі толыққанды ұсынысының құрылуы /НТН/. Бұлұсынулардың ішіне мыналар кіруі керек:
білімге негізделген әңгіме, түсініктеме, түсіндірмелер, салыстырмалар, анализ т.б-нан алынатын логикалық бейне;
оқушылардың ақырғы жаттығуларды орындау негізінде пайда болатын қозғалмалы тәжірибенің қозғалмалы
/кинестезиялық/ бейнесі.
Оқытылып отырған қозғалмалы әрекетті түгелімен қамту. Қозғалмалы әрекетті орындауға керекті білімдер
67
негізгі тірек нүктелеріне жинақталған кезде кіріседі /НТН/.
Орындаудағы алғашқы талаптанулар қозғалмалы аппаратының жоғары кернеуімен қабаттаса жүреді. Оқушы істің табыстылығын анықтайтын орындау кезіндегі назардың шоғырлануын қажет ететін элементтер қозғалыс әрекетінің фазаларын, яғни негізгі тірек нүктелерін бақылауда ұстайтын болғандықтан, бұл қалыпты жағдай. Алғашқы талаптану кезінде қозғалысты басқарудан хабардар болуға кӛмектесетін оқудың әдіс-тәсілдерін ӛз уақытымен қолданып отыру ӛте маңызды. Кез келген ӛзгерістер атқарушылардың сапасын тӛмендетіп жіберуі мүмкін болғандықтан істі бір қарқынды шарттармен орындау қажет. Дүркін-дүркін қайталау жолмен құрылған және автоматизімге дейін жеткен қозғалыс әрекеті қозғалмалы дағдыға ауысады. Қозғалмалы дағдыны қалыптастыру кезінде орталық жүйке жүйесінде бірінен соң бірі жүйке процесінің ӛтуінің үш кезені алмасады /қоздыру мен тежеу/.
Бірінші кезең /фаза/,қозғалыстың жеке элементтің бүтінәрекетке бірігуіне жүйке жүйесінің иррадиациясы тән. Жаңа қозғалмалы әрекетті орындауға талпыну кезінде бастың ми
қабығында белгілі бір қозғалысты орындауды қамсыздандыратын жүйке орталықтары қозады. Бұл жағдайда антогинист бұлшықеттер қозғалысының еркін орындалуына кедергі келтіреді.
Екінші кезен /фаза/, қозудың концентрациясымен,үйлестіктің жақсаруымен артық қозғалыстырдың жайылуымен ерекшеленеді. Бірнеше қайталаудан кейін бастағы ми қабығындағы жүйке процесі орындалатын қозғалысты тікелей қамсыздандыратын орталықтарға тарамайды. Бұл жерде жинақталған қозғалмалы ептілік туралы айтуға болады.
Үшінші кезен /фаза/, тұрақтандырумен үйлестіктің жоғарыдәрежесімен және қозғалыстың автоматтандырылуы мен бейнеленеді. Бұл жерде толығымен қозғалмалы дағдының бүкіл белгілері кӛрінеді. Қозғалмалы дағдының қалыптасуы мына заңдарға сай ӛтеді; дағдыны дамытудағы жылдамдықтың ӛзгеру
68
заңы, дағдыны дамытудағы «үстірт» заңы, дағдыны дамытудағы шексіздік заңы, баяаулау заңы, дағдыны тасымалдау заңы т.б.