Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Диагностика - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан- жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.

Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бақылаудың психологиялық- педагогикалық мәні - оқушыларға дер кезінде көмек көрсету.

Бақылаудың қызметі:
Бақылаудың қызметі:
Білімдік: Оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрынғы білімдерін толықтырады.
Тәрбиелік: Бақылау нәтижесінде күнделікті сабаққа дайындалады, жауапкершілігі артады.
Дамытушылық: Өз бетімен жаңа білімді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалардайындайды.