Кеңістіктік мінездемелер. Оларға дененің және оның бӛліктерінің қалпы, бағыты, амплитудасы, траекториясы жатады (дененің бастапқы қалпы және қимылды орындау кезіндегі оперативтік қалпы).
Арғарайғы қимылдың нәтижелілігі кӛбінен бастапқы қалыпқа тәуелді. Мысалы,бір орыннан секіруде итерілу алдында аяқты бүгу және қолды сермеу әрідегі әрекеттің тиімділігін (итерілу және ұшу) және түпкі нәтижесін анықтайды.
Жаттығуды орындау процесінде белгілі тұрған тұрыс та маңызды роль атқарады. Түпкі нәтиже оның орындылығына тәуелді. Мысалы конькиші дұрыс тұрмаса, жүгірістің техникасы қиындайды; шаңғымен трамплиннен секіруде дұрыс тұрмаса толық кӛлемде ауа жастығын пайдалануға және қалықтап ұшуға мүмкіндік бермейді.
Қозғалыстың бағыты қозғалыс әрекетінің дәлдігіне және оның түпкі нәтижесіне әсер етеді. Мысалы, найза не дискі лақтыруда қолдың дұрыс жайдан ауытқуы снарядтың ұшу
бағытына елеулі кері әсерін тигізеді.
|
Сондықтан,қимыл
|
әрекеттерінорындай отырыпәр
|
кез
|
ұтымды техника
|
талабына сай бағытты таңдайды.
|
|
|
Ұтымды техника кӛбіне қимылдың дайындық немесе негізгі
|
фазаларындағы амплитудасына тәуелді.
|
Кӛп
|
жағдайларда ол
|
күш қолданудың ұзақтығын,демек тездету мӛлшерін (мысалы,
бұл, лақтырулар нәтижесіне аса маңызды); 2) бұлшық еттердің толық созылуын және жиырылуын; 3) орындалатын қимылдың спорттық және кӛркем гимнастикаға, конькимен мәнерлеп сырғанауға тән сәнділігін және эстетикасын анықтайды.
Қозғалыс амплитудасы буындардың бітіміне және сіңірлердің иілгіштігіне байланысты.
Физикалық жаттығулардың тиімділігі үшін қозғалыс траекториясы елеулі маңыз атқарады. Оның түрі қисық сызықты және түзу сызықты болуы мүмкін. Кӛптеген жағдайларда траекторияның дӛңгеленген түрі ұтымды болып табылады. Бұл бұлшық ет күшін тиімді жұмсаумен байланысты. Кей жағдайларда түзу сызықты траектория бәрінен де артық болып табылады (бокстағы соққы, сайысудағы шаншу).
Уақытша мінездемелер. Оларға қимылдың ұзақтығы және
қарқын жатады. Жалпы жаттығудың ұзақтығы (жүгірістің,малтудың және т.б.)оның әсер ету мӛлшерін анықтайды (жүктемені). Жеке қимылдың ұзақтығы бүкіл қимыл әрекетінің орындалуына әсер етеді. Қимылдың қарқыны уақыт бірлігіндегі қимыл санымен анықталады. Дененің орын ауыстыру жылдамдығы циклдік жаттығуларды жасағанда оған тәуелді (жүру,жүгіру,малту және т.б.). Жаттығудағы жүктеменің мӛлшері де қарқынға тура тәуелділікте болады.
Кеңістіктік-уақыттық мінездемелер – бұл жылдамдық және жеделдету.Олар дененің және оның бӛліктерінің кеңістікте орын ауыстыру мінездемесін анықтайды. Қимылдардың жиілігі
оның жылдамдығына (қарқын), жаттығуды орындау процесіндегі жүктеменің мӛлшеріне, кӛптеген қимыл әрекеттерінің (жүру,жүгіру.секіру,лақтыру) нәтижесіне тәуелді.
Динамикалық мінездемелер. Олар қозғалыс процесіндегі ішкі және сыртқы күштердің бір-біріне әсер етуін кӛрсетеді. Ішкі күштер болып табылатындар: белсенді жиырылу күштері– бұлшық еттердің тартылу күші,бұлшық еттердің және сіңірлердің созылуына икемді қарсылық ету күштері, реактивті күштер.Алайда, ішкі күштер сыртқы күштермен әрекеттеспей, кеңістікте дененің орынын ауыстыра алмайды. Сыртқы күштерге тірек күші әрекеті, гравитациялық күштер(ауырлық күші), үйкеліс және сыртқы ортаның кедергі (су, ауа, қар және т.б.) қозғалатын денелердің екпіндік күштері және т.б. жатады.
Ырғақ физикалық жаттығулардың кешенді мінездемесі болып, кеңістікте және уақытта күш салудың бӛліну тәртібін,
олардың ӛзгеруінің жүйелілігін және мӛлшерін (ӛсу
және кему) қозғалыс динамикасында кӛрсетеді. Ырғақ
техниканың бүкіл элементтерін бір-бүтін қылып біріктіреді, қозғалу әрекеті техникасының маңызды интегралдық белгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |