Дістемелік кешені


- тақырып. Дене әдістемесіндегі оқыту тәсілдерінің негізі



бет20/68
Дата25.12.2021
өлшемі0,8 Mb.
#105065
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Дене шынықтыру мм

4 - тақырып. Дене әдістемесіндегі оқыту тәсілдерінің негізі
4.1. Физкалық тәрбие әдістері мен дене шынықтыру сапасының негіздері
Физикалық тәрбиенің мақсатына жету үшін келесі топтағы әдістер қолданылады: 1) физикалық жаттығулар; 2) табиғаттың сауықтыру күштері; 3) гигиеналық факторлар.Физикалық тәрбиенің негізгі ерекше әдісі болып табылатыны – физикалық жаттығулар,кӛмекші әдістері – табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық сауықтыру факторлары.Осы әдістерді кешенді түрде қолдану физикалық мәдениет және спорт мамандарына сауықтыру,білім беру және тәрбиелеу мәселелерін тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.Физикалық тәрбиенің барлық әдістерін мына схема түрінде кӛрсетуге болады (3-сурет).

34


Дене тәрбиесі құралдары




Гигиеналық













Физикалық







Табиғаттың




факторлары













жаттығулар




сауықтыру күші
















































































































Тәртіп




Тамақтану




Қогам-қ жәнежекегигиена







Д.Ж.формасы




Д.Ш.жаттығул-арыныңмаз-ы




Күн







Ауа







Су




























































  1. сурет. Физикалық тәрбие әдістері.


4.2. Физикалық жаттығулар
Физикалық жаттығулар бұл – физикалық тәрбие мәселелерін жүзеге асыруға бағытталған,оның заңдылықтары бойынша ұйымдастырылған және қалыптасқан қозғалыс әрекеттері. (олардың жиынтығын қоса)
Физикалық деген сӛз сырттай адамның денесінің және оның бӛліктерінің кеңістікте және уақытта орын ауыстыруы түрінде кӛрінетін істелетін жұмыстың ӛзгешелігін қамтып кӛрсетеді (ой еңбегінен ӛзгешелігі)
Жаттығу деген сӛз адамның физикалық және психикалық қасиетіне ықпал ету және осы әрекетті орындау әдісін жетілдіру мақсатында іс-әрекеттің арнайы түрдегі қайталанылуы.
Осылайша, физикалық жаттығу бір жағынан нақтылы қозғалыс әрекеті болса,екінші жағынан бірнеше рет қайталану әрекеті болып табылады.
Физикалық жаттығулардың пайдасы (әсері)

алдымен,олардың мазмұнымен анықталады.Физикалық


35

жаттығулардың мазмұны – бұл физикалық жаттығудың белгілі

бір түрін орындағанда адам ағзасында ӛтетін
физиологиялық,психологиялық,биохимиялық процестердің. жиынтығы. (ағзадағы физиологиялық қозғалулар,физикалық қасиеттің біліну дәрежесі)
Физикалық жаттығулардың мазмұны олардың сауықтыру мәнін,білім беру ролін,жеке тұлғаға әсерін шарттастырады.
Сауықтыру мағынасы.Физикалық жаттығуларды орындау ағзада денсаулық кӛрсеткіштерінің жоғарылауымен кӛрінетін және кӛптеген жағдайларда емдеу нәтижесін кӛрсететін бейімделушілік морфологиялық және функционалдық қайта құрылулар туғызады.
Физикалық жаттығулардың сауықтыру мағынасы әсіресе гипокинезия,гиподинамия,жүрек-тамыр ауруларымен ауырған кезде қажет.
Физикалық жаттығулардың әсерімен дененің бітімін елеулі түрде ӛзгертіп отыруға болады.Сәйкесінше физикалық жаттығуларды орындау методикасын таңдап алып,бірде бұлшық еттер тобы кӛлемін ұлғайтып,бірде олардың кӛлемін кішірейтіп отыруға болады.
Физикалық жаттығулардың кӛмегімен адамның физикалық дамуын және физикалық дайындығын арттыратындай етіп, оның физикалық қасиеттеріне бағытты-бағдарлы түрде әсер етіп отыруға болады.Бұл ӛз кезегінде денсаулық кӛрсеткіштерінде кӛрінеді. Мысалы,шымырлықты жетілдіргенде тек қана қандай да бір жұмысты ұзақ уақыт атқара алу қабілеті ғана тәрбиеленбейді,сонымен бірге жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі де жетіледі.
Білім берушілік маңызы(мән,орын,ролі).Физикалық жаттығулар арқылы ӛз денесі мен оның бӛліктерінің қозғалыс
заңдылықтары және қоршаған ортадағы қозғалыс заңдылықтары танылады.Физикалық жаттығуларды орындай отырып,жаттығушылар ӛздерінің қозғалыстарын басқаруға үйренеді, жаңа қозғалыс дағдыларын және білімдерін меңгереді.Бұл,ӛз кезегінде едәуір қиын қозғалыс әрекеттерін меңгеруге және спорттағы қозғалыс заңдылықтарын тануға

36


мүмкіндік береді.Адам неғұрлым бай,(үлкен,)қозғалыс іскерлігіне ие болса,ол соғұрлым жеңіл қоршаған ортаға бейімделеді және соғұрлым жеңіл қозғалыстың жаңа формаларын(түрлерін) меңгереді.
Физикалық жаттығулармен айналысу процесінде арнайы білімнің тұтас қатарын меңгеру жүзеге асады,бұрын алған білім толығады және тереңдейді.
Жеке тұлғаға әсері.Физикалық жаттығулар кӛбінесе жайсыз кӛрінетін жеке қасиеттердің тұтас қатары тууын талап етеді.Әртүрлі қиындықтарды жеңе отырып және ӛз эмоцияларын
басқара отырып,физикалық жаттығулармен айналысу процесінде адам ӛзіне ӛмір сүру үшін құнды мінез-құлық қалыптастырады.(табандылық,еңбексүйгіштік, батылдық,жігерлілік)
Физикалық жаттығулармен айналысу,әдетте,ұжымда ӛткізіледі. Физикалық жаттығуларды орындағанда кӛбінесе бір айналысушының іс-қимылы келесінікіне тәуелді немесе кӛбінде келесісінікін анықтайды. Ӛз қимыл-әрекеттерін ұжымның қимыл-әрекеттері ырғағына сәйкестендіруге ұқсайтын, жеке тұлғаның жалпы қозғалыс стратегиясына бағыну әрекеті жүзеге асады.Бұл кӛптеген қозғалыс және спорт ойындарында кӛрінеді.Ұстамды бола білу,ӛзін ұжым қалауына бағындыру,бір ғана дұрыс шешім табу және ӛзінің жеке менмендігімен санаспай,жолдасына кӛмектесу. Осы және басқа да ӛнегелік қасиеттер физикалық жаттығулармен айналысқан кезде қалыптасады.
Кез келген физикалық жаттығудың мазмұны,әдетте адамға әсер ету кешенімен байланысты. Қолданылатын жаттығудың мазмұнын педагогикалық аспектіде жан-жақты бағалай білу, білім беру-тәрбиелеу мақсатында оның қыр-сырларын нақты қолдану мүмкіншілігін анықтау физикалық мәдениет мұғаліміне (спорт түрінен жаттықтырушыға) кәсіптік жағынан аса қажет.
Кез келген физикалық жаттығудың мазмұнының ерекшелігі оның түрімен анықталады. Физикалық жаттығудың түрі – бұл осы жаттығудың құрамындағы айқындалған

37


процестердің,сол сияқты аталған жаттығудың құрамындағы элэменттердің реттілігі және келісімділігі.
Физикалық жаттығудың түрі ішкі және сыртқы құрылым болып екіге бӛлінеді. Физикалық жаттығудың ішкі құрылымы
әрекеттестікпен,сәйкестікпен және аталған жаттығуды орындаған кезде ағзада әр түрлі процестердің жүруімен байланысты. Физикалық жаттығудың сыртқы құрылымы – бұл оның қозғалыстың параметрлерінің кеңістіктік,уақыттық,және динамикалық(күштік) сәйкестігімен анықталатын кӛрінетін түрі.
Физикалық жаттығудың мазмұны және түрі бір- біріне ӛзара тығыз байланыста.Олар органикалық бірлік құрайды және де мазмұны түріне қарағанда жетекші роль атқарады.Қозғалыс әрекетін толық жетілдіру үшін бірінші кезекте оның мазмұндық жағына лайықты ӛзгерістер енгізуді қамтамасыз ету керек.Жаттығудың мазмұнын ӛзгертуге байланысты оның түрі де ӛзгереді.Сонымен қатар , түр де ӛз жағынан мазмұнға әсер етеді. Кемеліне жетпеген түр жаттығудың мазмұнының толық кӛлемде ашылуына мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет