Физикалық жаттығулардың классификациясы.Физикалық жаттығуларды классификациялау дегеніміз–оларды нақты белгілеріне сәйкес реттелген жиынтық ретінде ойша топтарға және топшаларға бӛліп қарастыру.
Физикалық тәрбие теориясында және әдістемесінде физикалық жаттығулардың классификациясының тұтас қатары жасалған.
Физикалық жаттығуларды физикалық тәрбиенің тарихи
белгісі бойынша қалыптасқан жүйелері бойынша классификациялау. Қоғамда ежелден былай қалыптасқан, физикалық жаттығулардың әртүрлілігі біртіндеп барлығы тӛрт типтік топта: гимнастика,ойындар,спорт,туризмде жинақталған.
Осы топтардағы физикалық жаттығулардың әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар, бірақ ең алдымен олар педагогикалық мүмкіншіліктерімен,физикалық тәрбие жүйесіндегі арнайы бағытымен және сабақ ӛткізудің оларға тән әдістемесімен ерекшеленеді.
Біздің физикалық тәрбие жүйесінде ойын,спорт,туризм:
– біріншіден, адамды жан-жақты физикалық тәрбиемен қамтамасыз етуге;
– екіншіден, кӛптеген адамдардың физикалық тәрбие
саласындағы жеке сұраныстары мен мүдделерін қанағаттандыруға;
– үшіншіден, адамдардың физикалық мәдениетпен айналысуын қарапайым қозғалыс ойындарынан бастап, физикалық мәдениет қорының егде жастағы сауықтыру жаттығуларымен айналысуына дейін бүкіл ӛмір бойына қамтуға мүмкіндік береді.
2. Физикалық жаттығуларды олардың анатомиялық белгілеріне қарай классификациялау. Бұл белгілері бойынша барлық физикалық жаттуығулар олардың қол, аяқ, іш, арқа
бұлшықеттеріне әсер етулері бойынша топтастырылады. Мұндай классификациялаудың кӛмегімен жаттығулардың әртүрлі кешендері құрылады (гигиеналық гимнастика,атлеттік гимнастика,дененің құрысын жазу).
3. Физикалық жаттығуларды олардың басым бағытта жеке физикалық сапа белгілерін тәрбиелеуге бағытталуына қарай классификациялау. Мұнда жаттығулар келесі топтар бойынша
классификацияланады: 1) күш жұмсаудың барынша жоғарылығымен сипатталатын жылдамдық-күштік жаттығулар (мысалы, жақын қашықтыққа жүгіру, секіру, лақтырулар және т.б.); 2) циклдік сипаттағы шыдамдылыққа бағытталған жаттығулар (мысалы, орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы жарыстары, малту және т.б.); 3) жоғары қозғалыс үйлесімділігін талап ететін жаттығулар (мысалы, акробаттық және гимнастикалық жаттығулар, суға секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б.); 4) физикалық сапалардың және қозғалыс дағдыларының қозғалыс әрекеттерінің ауыспалы режимі, әрекеттің жағдайы және түрі үзіліссіз ауысып отыру жағдайларында кешенді кӛрінісін талап ететін жаттығулар (мысалы,спорттық ойындар,күрес,бокс,сайысу) .
Физикалық жаттығуларды қозғалыстың биохимиялық құрылымы бойынша классификациялау. Жаттығулар бұл белгі бойынша циклдік, ациклдік және аралас болып бӛлінеді
Физикалық жаттығуларды физиологиялық қуаттылық аймақтары бойынша классификациялау. Бұл белгі бойынша жаттығулар максималды, субмаксималды, үлкен және біркелкі қуатты болып, үшке бӛлінеді.
Физикалық жаттығуларды спорттық мамандану белгілері бойынша классификациялау. Барлық жаттығулар үш топқа бірігеді: жарыстық, арнайы дайындықтық және жалпы дайындықтық.
Жаттығулардың кез келген классификациясында олардың әрқайсысының жаттығуды орындаушыға әсері бойынша салыстырмалы тұрақты белгілері бар деп жорамалданады.
Достарыңызбен бөлісу: |