2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, құрамынан жіктеу есімдіктерін тауып, олардың қай жақта, қандай қосымшада, қай сөзбен байланысып тұрғанын түсіндіріңдер. 1. Мен түнімен түс көріп шығамын. 2. Біз осы мәселенің бәріне келістік. 3. Менің әкем де сол қоспен кеткен еді. 4. Олар айырларын маяға бойлата қадап, екі-үш бауды бірден лақтырды. 5. Оның үзіп-үзіп айтқан өкінішті пікірін мен түсіне алмадым. 6. Сенің маған ғана емес, досқа деген жүрегіңнің кіршіксіз екенін білемін. 7. Сен мен үшін ешкімді жазғырма. Мені ғана жазғыр. Мен қате басқан адаммын. 8. Олар үшін сіз не көрмедіңіз. Сізді отқа да, суға да айдады. 9. Сені тәңірі алдында, адам алдында күнәлі ете алмаймын. 10. Оның көз жанарындағы әлсіз сәуле дәл осы жолы сәл молая түскендей.