Дістемелік кешені



бет47/58
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#14976
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
ОН ҮШІНШІ САБАҚ
Етістік. Есімше мен көсемше. Етіс категориясы. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Етістік заттың қимылын, іс-әректін білдіріп, не істеді?не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Глагол обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что делать? что сделать?.
Лексикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне орай етістік екі топқа бөлінеді: негізгі етістіктер және көмекші етістіктер. Негізгі лексикалық мағынасына ие болып, сөйлем ішінде белгілі бір мүше бола алатын жеке етістікті негізгі етістік дейді.
Мысалы: айт, қадірле, бағала.
Негізгі етістікке тіркесу арқылы толық мағына бере алатын , өзіндік лексикалық мағынасы жоқ етістікті көмекші етістік дейді. Көмекші етістіктерге е,де,ет етістіктері жатады.
Етістікке тән қимыл-әрекеттің себебін, белгісін, сын-сипатын көрсетіп тұратын категория көсемше деп аталады.
Деепричастие- это форма глагола , обозначающая добавочное действие по отношению к основному действию.
Жұрнақтары:
-а,-е,-й: күле, жаза,сөйлей.
-п,-ып,-іп: алып ,іліп,санап.
-қалы,-келі,-ғалы,-гелі: ұсынғалы,бергелі, жапқалы,кеткелі.
Есімге де , етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің категориясы есімше деп аталады.
Причастие-это форма глагола, обозначающая принадлежность предмета к действию и имеющая признаки глагола и прилагательного.
Жұрнақтары:
-қан,-кен,-ған,-ген: отырған, терген,,сатқан,жеткен.
-шы,-ші: тасушы,-тиеуші
-ар,-ер,-р: алар,сезер,сөйлер.
-атын,- етін,-йтын: қарайтын, беретін, сермейтін. 46-бет ( Серғалиев .Қазақ тілі Атамұра 80-бет).

Іс-әрекет , қимыл мен субьект және обьект арасындағы қатынастарды білдіретін етістіктің категориясы етіс деп аталады.


Залоги глагола выражают возможные отношения между действующим лицом и обьектом действия.
Етістің төрт түрі болады: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Іс-әрекеттің сол іс-әрекетті орындаушының өзіне жұмсалғанын білдіретін етісті өздік етіс дейді. Жұрнақтары: -ын,-ін,-н.Мысалы: жуын,киін т.б.
Іс-қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің түрін өзгелік етіс дейді. Жұрнақтары: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз,-ыр,-ір,-т. Мысалы:ойландыр, астыр, бергіз,босат, кетір т.б.
Іс-қимылдың орындаушысы айтылмай жүзеге асқанын білдіретін етістің түрін ырықсыз етіс дейді. Жұрнақтары: ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н . Мысалы: есептел, салын, кесіл, көрін т.б.
Іс-қимылдың орындаушысының біреу ғана емес, бірнешеу екенін білдіретін етістің түрін ортақ етіс дейді. Жұрнақтары: -ыс,-іс,-с .Мысалы: беріс, алыс, ұшырас т.б. (47-бет М.Серғалиев. Қазақ тілі)

Етістіктің іс-әрекетті орындаушымен ,уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін етістіктің райы деп атайды. Рай төрт түрлі болады: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.


Іс-қимылды орындауға міндеттейтін райдың түрін бұйрық рай дейді.
Бұйрық рай көбінесе екінші жақта қолданылады: сал,бар,тап т.б.
Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждения к действию направленное на одно лицо.
Іс-қимылдың үш жаққа да, үш шаққа да байланысты орындалатынын білдіретін райдың түрін ашық рай дейді. Ашық райдағы сөздер жекеше де, көпше де қолданыла береді: сеземін,сезесің, сезесіздер т.б.
Іс-қимылдың орындалатынының немесе орындалмайтынының шартын білдіретін райдың түрін шартты рай дейді. Жұрнақтары: -са,се .Мысалы: ұсынсам, ұсынсаңыз т.б.
Условное наклонение обозначает действие, являющееся условием для совершения другого действия.
Іс-қимылды орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіретін райдың түрін қалау рай дейді.
Желательное налонение выражает желание, намерение говорящего.
Етістіктің түбіріне –қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақтары жалғанып оған кел көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады: сұрағым келеді, қайтқым келеді т.б.(50-бет М.Серғалиев: Қазақ тілі)
Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.
Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ,осы шақ.
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын білдіретін етістіктің шағын өткен шақ дейді. Өткен шақтың төрт түрі болады: жедел өткен шақ, ежелгі өкен шақ, бұрынғы өткен шақ , ауыспалы өткен шақ..
Іс-қимылдың сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіретін етістіктің шақтарының бірін келер шақ дейді.
Келер шақ мағынасы мен тұлғасына байланысты үш түрлі болады: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.
Болжалды келер шақ алдағы уақытта болатын іс-әрекетті жүзеге асу-аспауын болжалды түрде аңғартады.
Будещее предположительное время озночает вероятное действие, причем степень вероятности является неопредленным.
Іс-қимылдың сөз болып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістіктің шағын осы шақ дейді .
Нақ осы шақ сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.
Собственное-настоящее время обозначает действие которое происходит в момент речи.
Мағынасына қарай осы шақтың екі түрі болады: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ. (49-бет М.Серғалиев. Қазақ тілі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет