Қазақ тіліне тән дауыстылар
(Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.
І.
|
Тілдің қатысына қарай
(по положению языка)
|
Жуан (твердые)
|
а, о, ү, ы, у
|
Жіңішке (мягкие)
|
ә, ө, ү, і, е, и
|
ІІ.
|
Еріннің қатысына қарай
(по участию губ)
|
Еріндік (губные)
|
о, ө, ү, ү, у
|
Езулік (негубные)
|
а, ә, ы, і, е, и
|
III.
|
Жақтың қатысына қарай
(по степени раскрытия рта)
|
Ашық (широкие)
|
а, э, о, е, е
|
Қысаң (узкие)
|
ү, ү, ы, і, и, у
|
Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)
Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Согласные образуются при преодолении различного рода преград в разных участках речевого аппарата.
Қазақ тіліне тән дауыссыздар
(Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.
I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай
(По участию шума и голоса)
1. Қатаң (глухие)
|
п, ф, к, к, т, с, ш, щ, х, ц, ч
|
2. Ұяң (звонкие)
|
б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3
|
|
3. Үнді
(сонорные)
|
1. Мұрын жолды
(носовые)
|
м, н, ң
|
2. Ауыз жолды
(плавные)
|
л, р, й, у
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, мазмұнын әңгімелеп беріңіздер.
Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше мәтелінің мәнін түсіндіріп беріңіздер.
Мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді теріп жазыңыздар.
ЖАНУАРЛАР ТІЛІ
Қоғамдағы қатынас құралдарының ішінде ең маңыздысы тіл болып табылады. Сөз құдіреті, адамзат мүмкіндіктерінің ең көрнектісі де – тіл. Жан-жануарлар да бір-бірімен сөйлеседі.
Дельфиндер үшін дыбыстық әсердің маңызы зор. Адамдар үшін көрудің қажеттілігі – дельфиндерге дыбыстың маңыздылығына бара-бар. Олар дыбыстың көмегі арқылы өздерін қоршаған табиғат жайлы мәлімет ала алады. Бұл дыбыс шығаратын тіршілік иелеріне ғана қатысты емес, сонымен қатар дельфиндердің қақтығысуына қауіп тудыратын теңіз түбі, құздарға да байланысты болып отырады.
Дельфиндердің кең таралған дыбысы –«өзіндік ысқырық». Бұл дыбысты шығару барасында дельфин кеудесінен көбікше тізбекшесі көтеріледі, сондықтан да оны үнемі көруге мүмкіндік береді. Дельфиндер ойнап жүріп немесе жай жүзіп жүрген кездерінде де ысқыра береді. Егер белгісіз бір нәрсе мазалаған жағдайда олар бәрі бірігіп ысқыра бастайды. Ысқырық оларға үйірлерімен бірге болуға көмегін тигізеді. Дельфин балалары өмірге келісімен-ақ ысқырық шығара бастайды.
Дельфиндер әр түрлі дыбыстар шығара алады. Кейде алақанның шапалақтаған дыбысына ұқсас жақтың шыртылдаған қатты дауысын естуге болады. Жақтың шыртылдауын, көбінесе, басқаларды үркіту мақсатында асау еркек дельфиндер пайдаланады. Ал аналары мұндай дыбыстарды басқа жануарлар балаларымен ойнай бастаған кезеңінде шығарады.
Бұл дыбыстарды коммуникативті деп атауға болады, себебі олардың барлығы дельфиннің басқа дельфинмен немесе бүкіл топпен қатынас құралы болып табылады. Дегенмен қарапайым әдістер мен мүшелерден басқа да дыбысты жіберу және қабылдау жүйелері дельфиндердің сөйлеуіне және тыңдауына әсерін тигізеді. Осындай дыбыстарды өте биік жиілікте қабылдау арқылы дельфиндер дыбыс шығармаған жағдайда да заттардың орналасу орнын таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: |