4-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулердің астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратыңыз. Батыста тасыған қазандай кемерінен асып, төгіліп Ақ Еділ жатыр, Шығыста, көз ұшыңда, шоқ-шоқ тоғайлар қылаңытады, арттарында дөңбек жолдардың басында бұлардың жолдарына көзін сатып Уфа қарап тұр. Күлтайдың бірге туысқан ағасы бар еді. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. Әлі қар бекіген жоқ. Осылайша Дәрменнің ойы жартымсыз жора-малдарға малтықты. Бастапқыда Қанқажыны маңайлатпай; кейін тіл тартпастан көне қалған ата-ананың бұл асығыстығына әлі ешкімнің көзі жетпеді. Кенет арт жақтан ат дүбірі естілді. Омбыға келгені кеше ғана. Ол ішке кірді. Онда татар саудагерінше киініп, керуенге ілесіп баратын болды. Бұқарашыл ғалым қолдан келгенше жәрдемін тигізгенше асықты.
5-жаттығу. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз. Бүгінгі, көктемде, жаздыгүні, әрқашан, енді, кейде, кеш, кешке, күнде.
6-жаттығу. Сөйлемдерді жазып, үстеулердің астын сызыңыз. Ол әрең келді. Сен осылайша отыр. Олар кенеттен тұрды. Сонша адам отыр. Қыруар уақыт кетті. Ол үнемі келеді. Бірталай адам жиналды. Қыруар мал бар. Бірқыдыру уақыт өтті. Ол тез келсін.