Дістемелік материалдар кешені


Биологиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары



бет119/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³
Biologiyany-o ytu- distemesi, Ару
2.Биологиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары

«Оқушыны  ізденуге, салыстыруға, қорытынды жасай білуге, өзінше тың пікір айта білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу  дағдыларына баулу  » мәселесін өзекті проблема етіп алдым. Ең бастысы әрбір сабақтың ғылымилығына, нақтылығына және тәрбиелік  мақсаттарына көңіл аударамын. Педагогикалық әдебиеттердегі жаңалықтарды өз тәжірибеммен байытып,  оқытудың ең озық жолдарымен байланыстырып отырамын. Әрбір сабағымда оқушыларды білсем , үйренсем, көрсем, жаңалық ашсам деген ұмтылысқа тәрбиелеп отырамын. Осы бүгінгі ұрпаққа заман талабына сай әрбір сабақ жаңашылдыққа толы болуы, жаңа технологиялық білім элементтері және дәстүрлі емес сабақтардың маңыздылығын айтқым келеді.  Оқыту үрдісінде биология сабағында жаңа технологияларды сабақтарда пайдалану оқушылардың қызығушылығын, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін, жаңа ілімдерді игеру дағдысын қалыптастырады және  білім сапасын арттырады.


Биология сабағында  түрлендіріп сабақ өтудің мәні:
- оқушылардың ойлау қабілеті артып, шығармашылық белсенділігі артады.
- оқушылардың биология сабағына қызығушылығы артады.
- танымдық белсенділігі артады.
- оқушының қабілеттілігі көрінеді.
Оқытудың дәстүрлі түрі тек шектеу түрде, мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлық, консультанттық, ойлап табушы, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырушылық қабілеттерін байқай алады.Әрине сапалы сабақты жүзеге асыру үшін материалдық – техникалық база  қажет. Сондықтан өзім сабақты заманауи техникалық жабдықталған арнаулы кабинетте өткезіп, төмендегі базаны қамтиды.
- оқып үйретудің және сабақтарды бақылаудың заманауи құралы интерактивті тақтаны пайдалану
- теледидар, видеоапаратуралар, компютерлер
- оқып үйренудің тақырыптық бағыттары бойынша плакаттар жинақтамасы, оқу құралдары, әдістемелік материалдар
- видефильмдер, слайдтар
- білім, қабілет дағдыларын қалыптастыруға және бағалауға арналған тесттер
- әрбір тақырып бойынша оқушылардың өздігінен істейтін сұрақ тапсырмалары мен бағалау критерилері
Дәстүрлі емес сабақтарды , яғни технологияларды таңдау, іс жүзінде қолдану олардың бала психологиясына және жалпы физикалық  жай-күйіне әсерін есепке алуды талап етеді. Егер қаншалықты тиімді болғанымен, бала түсінігіне қиын, қабылдауы күрделі технологияларды оң нәтиже бере қоюы екіталай. Сондықтан технологияларды таңдағанда  жалпы жағдай, кластың оны қабылдауға даярлық деңгейі ескерілуі тиіс. Тек сонда ғана олар білім беру процесінің сапасын шын мәнінде арттыратын қуатты күшке айналады.Қорыта келе  білім сапасы – мұғалім қызметінің сапасы. Ендеше әрбір сабақтағы жаңашылдық оқушының оқу танымдық  қызығушылығын арттыруға, заман талабына сай білім алуына жағдай жасап, білім сапасын арттырады.

Л5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет