Д.Әбіров-Қазақстан Республикасының мәдениетінің бірінші еңбек сіңірген қайраткері және балетмейстерінің өмір жолы



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#35413
  1   2


Д.Әбіров-Қазақстан Республикасының мәдениетінің бірінші еңбек

сіңірген қайраткері және балетмейстерінің өмір жолы

Баратова А.

Шоинбаева Ш.У.

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі



Қазақстан хореографиясы салыстырмалы түрде өзгелерден анағұрлым жас.Оның тарихы 1933 жылдан бастау алады.Қазақ классикалық балет негізінің дамуы мен орнығуына көп еңбек сіңірген тұлғалар-А.Александров,Л.Жуков,Ю.Ковалев сынды ұстаздар мен балетмейстерлерге үлкен құрметімізді білдіреміз.Уақыт өте келе,өзіміздің ұлттық режиссерлық мектеп ашу туралы ұсыныстар туды.Сондықтан Қазақ балетінің мықты деңгейдегі өкілдері Мәскеу және Ленинградтық жоғары оқу орнының балетмейстері бөліміне бағыт алды.Олар:Д.Әбіров,З.Райбаев,Б.Аюханов, Ментай Тілеубаев,Ж.Байдарлин болды.

Маған өнер адамы Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің щығармашылық ерекшелігін зерттеу қызығушылық тудырды.Ол Алматы хореография училищесінің алғашқы түлегі,кәсіби классикалық бидің ерлер арасындағы тұңғыш орындаушысы,балет әртісі,балетмейстер,ҚР-ның халық әртісі.Қазақ хореографиялық училищесінің түлегі,педагогы А.Селезневадан білім алды.1923 жылы Қаракемер аулындағы Кордай ауданы,Жамбыл облысында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келді.1930 жылдың басында КСРО тарихындағы Сталиндік қысым кезеңінде,ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру,отандастарымыз аштықтан зардап шеккен.Бұл зорлық-зомбылық қасіреттен Д.Әбіровтың ата-анасы да қаша алмады.Жетім баланы Алматының №13 балалар үйіне қабылдады.Сол уақытта Республикадағы бірінші балет мектебі ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет