Д.Әбіров-Қазақстан Республикасының мәдениетінің бірінші еңбек сіңірген қайраткері және балетмейстерінің өмір жолы



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0.64 Mb.
1   2
1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнерінің бірінші декадасында болған балет мектебінің оқушылары «Ұйқыдағы ару» балетінен «Гүлдер вальсі» үзіндісін көрермендерге ұсынған.Солардың арасындағы 13 жастағы Дәурен де бар еді.Ол театрда өнер көрсеткені және Қазақстанның атақты әртістерімен кездескені үшін өте қатты риза болды.Бұл сәт Д.Әбіровтың өнер баспалдағына үлкен қадам жасауына ықпал етті.

Жоғары сынып оқушысы болар алдында ол өзін режиссурада танытқысы келіп,стильді сыған биін қойған.Осы мезетте оның «жеке орындаушысы» дәрежесі анықтала бастады.Мысалы:(«Жизель»(Альберт),«Бақшысарай бұрқағы»(Вяцлав),«Аққу көлі»(Зигфрид),«Эсмеральда»(Аполлон).

Атақты балет-әртісі Г.С.Уланова 1942 жылғы бірінші түлектерге мемлекеттік комиссиясына басшылық етіп,Д.Әбіровтың классикалық би пәнінен тапсырған мемлекеттік емтиханын жоғары бағалады.

Бірақ соғыс зардабы оны өнердегі жолын үзіп тастады.Ол Жаркенттегі шекара қызметіне өтеді.Ұлы Отан соғысында «Жеңіс үшін»медалімен марапатталды.

Соғыстан кейін әскери ансамбльдерде ұлттық билер қоя бастады.Олар орыс,белорусь,украин және турлі вальстер еді.

Осылайша оның бала кезінен балетмейстер болу арманы орындала бастайды.1947 жылы өзінің кәсіби сахналық тәжірибесін қайта қалпына келтіру ушін,екінші рет классикадан емтихан тапсырады.Оның басында Абай атындағы Опера және Балет театрының алдында жеке орындаушы ретінде үлкен міндет тұрған.Сол жылы дарынды бишіні театр дирекциясы және мәдениет басқарушысы Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы ГИТИС-ке балетмейстер бөліміне жолдама алды.Оның басқарушысы атақты Кеңес одағының балетмейстері Р.Захаров болған.Сонымен қатар балет өнерінің шеберлерінен:Н.Тарасов,М.Васильев,Т.Ткаченко ұстаздарынан дәріс алды.Осы аңыз есімдер кітабымен бүкіл әлем хореографтар білім алды.

Д.Әбіровтың дипломдық жұмысы М.Чулакидің «Юность»атты балеті болған.Оның сюжеті кеңес өмірінің нақты үлгісін көрсетті.Бұл балет Әбіров ұзақ жылдар өз шығармашылығының шыңдаған Абай атындағы Опера және Балет театрында қойылды.Оның жасы сол кезде 28-де еді.Д.Әбіров шығармашылық өмірін ұзақ жылдар бойы Абай театрымен байланыстырды.1952 жылы ол «Ыстық көл»операсына бірінші ұлттық қырғыз биін қойды.Сол кезде Д.Әбіровтың ұлттық қазақ биінің тарихына ден қойды.Өз халқының би мәдениеті туралы мақалалар жинап,Қазақ балетіне деген көз қарасы әжептәуір өзгерді.Жинақтаған материалдарды меңгеру негізінде «Қаз-қатарды»қазақтың ұлттық биін,Н.Тілендиевтің өңдеуімен Құрманғазының музыкасына қойды.1953 жылы бірінші хореография училищесінде,содан кейін ғана театр сахнасында орындалды.Бұл би атаққа ие болып,кинохроникалық түсірілім жасалып,соның арқасында архив матери алдарында сақталды.Біз сол арқылы Д.Әбіровтың шығармашылығындағы өзіндік қолтаңбасын көреміз.Д.Әбіров қаншалықты ұлттық қазақ биіне зор еңбек етумен қатар,классикаға да мол үлесін қосты.1953ж «Эсмеральда»,«Бақшы сарай бұрқағы»,«Махаббат туралы аңыз» репертуарлары ұзақ уақыт театрда көрсетілді.Оның ішінде «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Біржан мен Сара», «Амангелді», «Қамбар сұлу», «Айсұлу» және басқалары бар он төрттен астам опералық спектакльдер,табысты орындалған көптеген концерттік нөмірлердің қойылымдарын жүзеге асырды.

1954ж Д.Әбіров өнерпаз әуесқой ансамбліне «қазақтың жастар биін» қойды.Оның Мәскеудегі классикалық білім алғанына,республикадағы алдыңғы қатарлы театрда қызмет еткеніне қарамастан,өнерпаз әуесқой ансамблінде жұмыс істегені қызық көрінді.Бірақ,тексерісте,дәл сол жерде ол өзінің таңғажайып халықтық қимылдарын ойластырды,олар сол уақытта кәсіби балет лексикасында белгісіз болды.Оларға әлі алдыда қалыптасу керек болды,сондықтан Д.Әбіров оларды өзінің қойылымдарына батыл қоса білді.

Д.Әбіров қиын классикалық қимылдардан және үлкен сүйініш – тірекке ұрынбай,барлығын қарапайым үлкен сахналық көзқараспен және қазақтың халық мінезімен қойды.

Д.Әбіровтың өнер жолындағы,жаңа сатысы болып Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы бидің жаңа нұсқасы табылды.Оған алғаш «Айжан қыз» биіндегі негізгі фолклорлық қимылдар енгізілді.Бұған Д.Әбіров атақты «Қаз-қатарды» қосып,орындаушыларды пуантыға тұрғызды.

«Назугум» операсына қойылған билердің бағы ашылған деуге болады.Д.Әбіров өзінің оқытушы жолын 30-ға келген жасында,туған хореография училищесінің қабырғасынан бастады.Т.Жүргенев атындағы Қазақ халық өнер академиясының «Хореография» факультетінде профессор болып жұмыс істей тұра,ол өмірінің соңына дейін ұстаздық етті.



Ярулиннің «Шурале» балетінің қойылымы Д.Әбіровтың балетмейстелік мансабының жұлдызды уақыты болды,осы балетте З.Райбаев,С.Кушербаева,А.Асылмуратов,А.Джамилов,М.Мунтин тағы басқалардың жұлдызы жанды.Осы балеттің қайта дамуын қаламаймыз,себебі,»Шурале» - Қазақстан хореографиясының асыл мұрасы.

1957ж Д.Әбіровпен бірге Тулебаевтың «Біржан – Сара» операсына өзгерістер енгізілді.Онда көбінесе үлкен дәрежеде қазақ халықтық биі лексикасының ерекшелігі бекітілді,ол Д.Әбіровтың зерттемелерінің нәтижесі еді.Ол ерлер мен әйелдердің билеріндегі сахналық нұсқаларын дамыта өзгертті.Мысалы: шабыста ол енді бұрылысты,яғни классикалық би халықтың қимылдарымен байытылды.Ол әр классикалық қимылды халықтың пластикасымен жаңартуға тырысты.Осы жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар фестивалінде біздің орындаушылар С.Көшербаева мен З.Райбаев Әбіровтың қойған «У ручья» дуэт номерімен өздерінің өнерін көрсетті.Бұл номер фестиваль медаліне ие болды.

Москвадағы он күндік дайындығына байланысты Д.Әбіров В.Великановтың «Қамбар Назым» балетін қайта дамытты.Бұл редакцияда Д.Әбіров классикаға сүйеніп,ұлттық би қимылын негізін анықтауға талаптанды.Қазақ халық биінен материалдар жинаудағы көп жылдық еңбегінің арқасында толыққанды мазмұнға ие болды.Ұмытылып бара жатқан бұл спектакль Д.Әбіровтың редакциясының арқасында өзінің ары қарай сахналық өмірін жалғастыра алды.

Осы он күндік үшін Н.Тілендиевтің әуеніне «Ортеке» атты номер дайындалды.Мағынасы жағынан би мазмұны құрылған.Бұл жерде еріншек қойшыны келеке қылып әзілдейді.Халық ақыны Шашубай Қошқарбаев орындағандай – бұл номер бейнелеу,суреттеу негізінде қойылған.Декададан кейін 1958ж Д.Әбіров Абай атындағы опера және балет театрының бас балетмейстері болып тағайындалды,бұл жұмыста 1966 жылға дейін істейді.

Осы жылдары кішкентай балалар қуанышпен қабылдаған А.Зацепиннің «Қарт Хоттабыч» балетін қойды.Өкінішке орай бізде балаларға арналған балеттер өте аз және аса қажет.Оны қайта өркендету жас ұрпақтың тәрбиесіне артық емес.

Сонымен қатар Д.Әбіров Алматы театр өміріне кең резонанс берген Ғ.Жұбанованың «Аққанат» және Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық балеттерін тудырады.

Д.Әбіровты Алматының драмалық театрына «Шоқан Уалиханов» , «Акация гүлдегенде» т.б пьессаларына би қоюға шақырды.

Ол қазақ киностудиясында 60 жылдардың басында КСРО киноэкрандарында көрсетілген өзінің мәнін күні бүгінге дейін жоймаған фильмдер«Қыз бен Жігіт» , «Біздің сүйікті дәрігер» фильмдеріне би қойылымдарын тудырды.

Д.Әбіров республикасының филармониялық ұжымының бас балетмейстері болып 1977 жылдан бастап 1984 жылға дейін істеді.Ол өзінің өмірінің 25 жылын шығармашылық театрға береді.Режиссер және балетмейстер ретінде ол көптеген қызықты бағдарламалар шығарды.Республикада,облыстарда хореографиялық өнерді дамытуға белсенді атсалысып,ол шет елдерде өз өнерін көрсететін.18 би ұжымын ұйымдастырды.

«Алтынай» , «Салтанат» мемлекеттік ансабльдеріне Д.Әбіровтың қойған көптеген билері Қазақ би өнерінің мұрасы болып қалды.Олар«Қоштасу»,«Балбырауын»,«Алтынай» т.б

1984-1989 жылдары аралығында Д.Әбіров Т.Жүргенев атындағы мемлекеттік театр және кино институтының сахналық қимыл кафедрасының меңгерушісі болды,ал 1989ж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында хореография бөлімін басқарады.Оның бастамасымен көптеген пединституттарда хореография кафедралары ашылды және «Ырғақ биі» пәні республика мектептеріне енгізілді. Қазақ балетін Мәскеудегі ұлттық өнердің онкүндігіне дайындауға байланысты жас балетмейстер Д.Әбіровке Үлкен театр хореографы Р.Захаровпен бірге еңбек етудің тамаша мүмкіндігі ашылды.Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі республиканың мәдени өміріндегі жарқын жаңалық болды.

Д.Әбіров өзіндік жаңа жолмен жүре отырып,дәстүрлі қазақ ән – би мәдениетінен,жаңа қазақты сахналық би хореографиясын шығарды.Ол шығарған театрлық репертуарда бірқатар ұрпақ өсіп өнді.Республикалық хореография өнерінде өзіндік орны бар.Көптеген ұлттық кадрлар бүгінге Әбіровтың шеберлігі мен ұстаздық еңбегіне тағзым етеді.

Ол «Қазақ халық биі» және «Қазақ биінің тарихы» кітаптарын жазды.Онда Әбіров қазақ биі тарихы мен жан дамуының бұрынғыдан бүгінге дейінгі кәсіби сахнада қалыптасуымен дамуының маңыздылығын айтады.Ол қазақтың балетмейстерлері мен орындаушыларының шығармашылығына талдау жасайды. Әбіров ұлттық қазақ биіне оны орындаудың ерекше дәстүрін кіргізді.Халық фольклорын терең зерттей отырып,ол өзін халық биін орындаудың этнографиялық нақтылығының жаңа түрлерін іздестіруші өзгеше хореограф ретінде қалыптастырды.Жалпыға танылған толыққанды,көп жанрлы Қазақстан өнеріне шығармашылықтың жаңа асуларына қол жеткізу мен өзінің алға қадам басқан қозғалысын одан әрі жалғастыру міндеті тұрды.

Оған ҚР – сының хореография өнерін дамытуға қосқан зор үлесіне «ҚР халық әртісі» «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтарын тағайындады.Ол Ұлы Отан соғысы жеңістері медалі мен Еңбек Қызыл Ту Ордерінің иегері.

Әбіров еңбектерін оқу – Қазақстан балетмейстер өнеріне үлкен жетістік беретін бағыт.Әрі ол хореография өнерінің ары қарай дамуына үлкен жол ашуға шабыт береді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.«Қазақ биінің тарихы» Д.Т.Әбіров 1997ж.Алматы қаласы

2.А.В.Селезнев атындағы мұражайдың архивында жиналған матиериалдар



3.Студенттік ғылыми – практикалық конференция.Т.Жүргенева атындағы КазНАИ.«Қазақстан мәдениеті:қазіргі кезең мен дәстүрлер» Садыкова А.А 2004ж.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет