Дістемелік материалдар кешені


Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын



бет116/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын:
-биологиялық эстафеталар,
-викториналар,
-кроссвордтар,

  • ребустар,

-жұмбақтар.
Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:

  1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.

Ойын ерікті түрде құрылады.
Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.
Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.
Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына биология сабағында ойын – тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.

Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мемлекеттерін көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру .
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде, ұлағатты саналады.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар, практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып саналады.
Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне-оның іргелілігі, алдын-алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютер арқылы оқушылар биология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез-келген тақырыпты оқушылар өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.
Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мпұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Биология- оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы.
Нәтижесінде оқушыларда оларды ойша елестету және тақырыпты түсіну қиынға түседі.
Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.
Олар:
- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
- Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.
- Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары
- Ойын арқылы оқыту
- Сөзжұмбақ, ребустар
- Тестілеу.
Сонымен қатар « Миллионды кім ұтады?» ойынының компьютерлік нұсқасын өз сабақтарымда пайдаланамын . Оқушылар бұл ойын арқылы өз білімдерін шыңдайды.
Сонымен биология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерде:
2)Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
3)Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қаыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын , табиғи сұранысын қанағаттандырады.
4)Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
5)Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:
1)Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады.
Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар биология пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыарда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.



Л4.2

(пункт материалы Л2.2)

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты
кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр
түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес.
Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе , тез арада түзетуге
болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық
байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3) Оқу материалын беру беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді
Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.
Биология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелейді.
Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызамын.
Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар:
Оқушы білім алуға дайын ;
Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын;
Қайталау –білімді бекіту үшін қажетті элемент
Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек.
Мектеп емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де , оқушы үшінде таптырмас құрал. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені .
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен » мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән берілді. Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де біікті, білімді жастар екені түсінікті .
Сапалы білім, санаы тәрбие беру үшін мұғалімнің үздіксіз ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетілдіруі қажет Соың нәәтижесінде ғалымдар жаңа технологияларды көптеп шығаруда.
Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім
беру бағыты өзгерді, өздігінен білім ала-алатын логикалық пайымдай, талдай қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылады.Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек.
Мектептегі ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенімім мол.
Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапапы меңгертуге бағытталған.
Қорыта айтқанда , интерактивті тақта ақпарат берудің көптеген арналармен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Интерактивті тақтаны қолдану оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Сондықтан да интерактивті тақта- оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде , ал компьютер- кітап пен қалам сияқты оқушының жұмыс құралы ретінде қолданылады. «Күрделі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолнда ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет