«Тізбек» ойыны.
Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.
а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).
б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.
в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.
г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтан бұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.
Өтілген материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.
Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.
Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.
Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
Бүгінде мемлекеттік тіл туралы көп айтылып жүр, көз майын тауысып, жанарын жасытып жүргендер жетеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да ең өзекті мәселе. Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя білсе, қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгеретіні анық.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген. Олай болса облыс, аудан көлемінде өтетін тәрбиелік мәні бар, қазақ тілінің мәртебесін көтеретін шараларға міндетті түрде қатысып, әсіресе жастар арасындағы ұлттық намыс, патриоттық сезімін тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарап, алдымызда тұрған жетістіктерге жете берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |