Miras M. KOSIBAYEV
175
Türk Dünyası 39. Sayı
халықтарының аталған жылдардың әрқайсысында өзіне тән бір қасиет
бар деп нанғанын атап өтеді. Мәселен,
олардың көзқарасынша, сиыр
малы бір-бірімен көп сүзісетіндіктен, сиыр жылы кіргенде ұрыс көп
болады деп, тауық жылы келсе, азық-түлік көбейіп, адамдардың қам-
қарекеті ілгерілейді деп түсінген. «Бұл кітапты жазған жылымыз төрт
жүз алпыс алтыншы жылдың Мұхаррам айы болып, жылан жылы кірген
еді. Бұл жыл өтіп төрт жүз алпыс жетінші жылға аяқ басқанда, жылқы
жылы кіреді. Жыл санау осы біз көрсеткен тәртіп бойынша жүреді» деп,
М.Қашқари жоғарыда көрсетілген жыл санау ретін нақтылап береді (МҚ:
I: 403).
Түркі халқы табиғатпен етене жақын өмір сүргендіктен, оның
дүниетанымдық бағдары мен болмысы да
осы табиғатпен тікелей
байланысты дамыды. М.Қашқари көшпенді түріктер жылды төрт мезгілге
бөліп, әр үш айды бір атпен атайтыны жайлы айтып, ерте көктем айын
oɣlaq ay
одан кейінгі айды лақтың үлкен болып қалуына байланысты
uluɣ
oɣlaq ay
, үшінші айды
uluɣ ay
«үлкен ай» деп көрсетеді (МҚ: I: 405).
Uluɣ
ay
«үлкен ай» деп аталуын М.Қашқари айдың жаз ортасында болып, осы
кезде жердің жүзі түрлі берекеге толып, мал-жандар оңалып семіріп, сүт
көбейіп молшылықтың болуымен байланыстырады. Ғұлама түркілерде
аптаның жеті күнінің аты жоқ екенін ескертіп, «апта» ұғымы исламнан
кейін мәлім болғанын айтады (МҚ: I: 403).
Орта ғасырлық түркілер үшін төрт түлік мал өмір сүру кепілі болған
дейтін болсақ, сол төрт түлік мал белгілі бір кеңістікте (жайылымда)
және белгілі бір уақыт аясында ғана өсіп өне алатыны белгілі. Соған
сәйкес ескерткіш тіліндегі
At tušaɣu boldı «Атты тұсайтын кез болды»,
At bošuɣu boldı «Атты босататын кез болды»
(МҚ: I:505),
Koy kügi
boldı «Қойдың күйлейтін кезі болды»
(МҚ: III: 188) т.б. сынды тілдік
бірліктер төрт түлікке қатысты белгілі уақыт межені көрсететін болса,
Ol
koy tülekinde keldi «Ол қой төлдегенде келді»,
мысалы қойдың көктемде
төлдейтінін ескерер болсақ, белгілі бір мезгіл межесін көрсетеді (МҚ:
I: 446). Тілімізде көктемді төрт түлікпен бейнелейтін
мал отығар кез
«қыстаудан ірге аударып, жайлауға көшкен елдің айнала жасыл желек,
шүйгін шөпке оралып, тез отығып, тойынатын кез»,
қозы пісер кез
«жаз
жайлауда мал еркін шүйгінді жерде жайылып, көктемде туған қозы
жетіліп союға да жарап қалған кез»,
мал аяқтанар кез
«қыс қыстаудан
көшкенде жердің оты шығып, мал көкке сүйенген кезде жас қозының да
жайылымда жүріп буыны қатып, аяқтанған кезі» сынды тілдік бірліктерді
кездестіруге болады.
Ескерткіш тілін зерделей отырып, орта ғасырлық түркі халықтарының
кеңістік туралы аялық білімі көне түркілердің кеңістікті игерудегі яғни
«Диуани Лұғат-Ит-Түрік» Еңбегі Негізінде Орта Ғасыр Түркілері Танымындағы Әлем Бейнесінің
Этнолингвомәдени Көрінісі
Türk Dünyası 39. Sayı
176
тылсым құбылыстардың құпиясын білуге ұмтылу, табиғи құбылыстардың
ыстық-суығына бейімделу, адам өмірін мүмкіндігінше жеңілдетіп,
өздерінің қажеттілігін өтейтін ата-кәсіптері мал шаруашылығын
өркендету негізіндегі позициялардан бастау алғанын көруге болады.
Алтайдың топонимикалық жүйесін зерттеген Л.М.Дмитриева кеңістікке
мынадай сипаттама береді: «Дүниенің
топонимикалық бейнесінде
«кеңістік» категориясы неғұрлым маңызды орынды иеленеді, өйткені
бұл категория адам мен шындық өмір арасындағы қатынастарда негізгі,
іргелі категория болып саналады. «Кеңістік» концептісі топонимикалық
тұлға санасының бөлшегі, оның ментальдік ішкі таным көрінісі мен
тілдік ұласуы ретінде дүниенің топонимикалық
бейнесінде басты әрі
негізгі роль атқарады» (Дмитриева 2003: 9). Орта ғасыр түркілерінің
кеңістікті танып білудің тік бағыттағы және көлденең бағыттағы
бағдарларын жетік меңгергенін М. Қашқаридың жәдігерінің 23-24
беттерінде орын алған дөңгелек картадан көруге болады. Ғалымның
дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Картаның
дөңгелек болуы тылсым құпиялы құбылысқа толы жер шарының шар
тәрізді домалақ екені түркілер үшін жаңалық болмағанын көрсетеді. Ең
ежелгі түрік картасында түркілер мекендеген аймақтардағы шаһарлар
мен елді мекендер, таулар мен өзендер, көлдер мен теңіздердің атаулары
мен орналасуы бүге-шүгесіне дейін анық көрсетілген. Рұмнан Машынға
дейінгі түркі тайпалары мекен еткен жерлерді
қағаз бетіне бедерлеп
шыққан ғалым, олардың әрқайсысына сипаттама береді. Олардың жер
көлемі, қай аралықтарды мекендейтіні, тілі, географиялық ерекшеліктері
жайында сөз етеді. Т.Жанұзақов пен Қ.Рысберген ономастикалық
кеңістікті зерттей келе «Әдетте ономастикалық кеңістікті кез келген
халықтың, қауымдастықтың тілдік құралдарымен белгіленетін ақиқат
және қияли нысаналардың атаулары мен есімдері, яғни онимдік бірліктері
құрайды. Ол атаулар тілді тұтынушы халықтың қалыптасқан «әлемнің
тілдік моделіне» сай, қоршаған ортаны сан ғасырлар бойы қалыптасқан
дүниетаным, ұлттың ой-өрісі негізінде бөлектеу ерекшелігіне сәйкес
жасалады», – дейді (Жанұзақов 2004: 6). Соған сәйкес картадағы орта
ғасырлық түркі халықтарының дүниетанымы мен жүріп өткен жолынан
мол ақпарат беретін жер-су атаулары –
әлі де сыры ашылмаған асыл
қазыналар.
Жалпы алғанда, діни таным қоғамдық сананың төрінен орын алған
орта ғасыр түркілерінің дүниетанымы, жаратқан ие, адам баласының
пайда болуы, өмір мен өлім, уақыт пен кеңістік,
әділеттілік пен
бақытқа лайық өмірі, түркілік болмысы мен ойлауы, құндылықтық
бағыт бағдарлары т.б. жайлы рухани-мәдени әлемі көне түркілер
дүниетанымының негізі Тәңірлік идеясы Ислам дінімен үйлесімділікпен