Мәнмәтіндік тапсырмалар Адам тұтынатын киімдердің барлығы жүздеген ғасырлар бұрын пайда болған. Әдепкіде киім адамды тек суықтан қорғау қызметін атқарған. Алайда ғалымдар осыдан 23 мың жыл бұрын адамдардың өз киімдерін ұлу қабыршақтарымен, моншақтармен әсемдеуге тырысқандығын анықтаған. Әсем киім арқылы адамдар бұрын да сәнді көріне алатынын сезген. Ғалымдар зерттеген бұғы мүйізі бейнеленген бас киім, ертеде әр түрлі жағдайларға байланысты арнайы киім кию салтының болғандығын дәлелдейді. Ертедегі адамдардың жұмыс киімінен өзге киімі болмағандықтан, оның сыртынан алжапқыш киетін болған. Алжалқыш ертедегі адамдардың алғашқы киімі деген де жорамал бар.
Алжапқыш бөлшектері: Аспабау, төменгі бөлігі, белдік, қалта Алжапқышқа қажетті өлшемдер: Кұ, Тбұ, Бжа, Мжа Бел сызығынан жоғары қарай қажетті ұзындыққа дейінгі өлшемнің шартты белгісі: Кұ Бірінші шақтап көруде қисық тұстардағы түйреуіштердің аралығы: 1,5 -2см Көбінесе балаларға арналған киімдерді өңдеуге қолданады,оны жағаға,иінішке,жеңге,бұйым етегіне тігеді: жапсырма