Дизайн-мышление



бет7/7
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#80911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5420493630882187227

Бірте-бірте, өзінің барлық шығындары мен кірістерін жазып, содан кейін оларды талдай отырып, бір ай ішіндегі өз шығыстарыңызды жоспарлауға болады. Бірақ болжауға мүмкін емес жағдайлар бар, сондықтан өз бюджетіңізді жоспарлаған уақытта «кез келген жағдайға» кейбір шығыс сомасын қарастырғаныңыз дұрыс.

Жеке табыс — бұл жеке тұлғалардың заттай және ақшалай түрдегі

Жеке табыс — бұл жеке тұлғалардың заттай және ақшалай түрдегі

жиынтық табысы, ол жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, дивидендтер,

бағалы қағаздардың пайыздары және басқалар түрінде түседі және белгілі бір

өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке мақсатта пайдаланылады.

Салықтар мен тұтынуға жұмсалған шығыстар төленгеннен кейін қалған кірістердің бір бөлігі «жинақтаулар» деп аталады — бұл тұтынуға жұмсалатын болашақ шығыстар.


Оқы, қызық!
"4 конверттер" әдісі өз кірістері мен шығындарын қадағалаудың ең қарапайым және тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Оны барынша үнемді, ұтымды және ойластырылған отбасылық бюджетті қалай жасау керектігін білмеген біздің әжелеріміз де кезінде қолданған. Әдістің мәні - қаражатты ең қарапайым төрт конвертке бөлу.
Бірінші конвертке азық-түлікке және тамаққа жұмсауға арналған жоспарланған ақша салынады. Екінші конвертке - коммуналдық шығындар мен жол жүру билеттерін сатып алуға байланысты шығындар үшін ақша саламыз. Үшіншісіне - "қара күнге" деп ақша саламыз. Төртінші конвертке түскен ақшаларды ойын-сауық, киім-кешек және басқа да нәрселерді сатып алуларға жұмсауға болады. Егер тамақтануға бөлінген қаражат аяқталса, онда жетіспейтін сома "Ойын-сауық" конвертінен алынады.
Қарапайымдылыққа қарамастан, "4 конверт" әдісі өте тиімді және бухгалтерлік есептермен айналысу қажеттігінен арылтады. Отбасылық бюджетті қалай құру керектігін біле отырып, тапқан ақшаларды тиімді және сауатты қолдана отырып, ертеңгі күн туралы алаңдамауға және өзінің қаржылық тәуелсіздігіне әрдайым сенімді болуға болады.
"4 конверттер" әдісі

Жеке табыстарды қалыптастырудың негізгі көздері:

• бизнестен түскен пайда;

• меншіктен түскен кірістер: мысалы, пәтерді жалға беру немесе меншікті сату;

• жеке шаруашылықтан түскен табыс: мысалы, жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген алманы сату;

• қызметкерлердің еңбегі үшін алатын жалақысы және басқа да төлемдері;

• мемлекет төлемдері (зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар, гранттар және т. б.)

1 Тапсырма

1 Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, кестені толтырыңыздар.

Ақмола облысы Ерейментау қала сының тұрғыны Тұяқов Сәбит ет өнімдері нарығын зерттеп, «San-Ет» ет сату дүкенін ашты. Бизнесті ашу алдында онда тек етті жіліктеп бөлшектеу машығы мен ет кесетін жабдығы ғана болатын. Ең алдымен Сәбит «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау» жобасы бойынша кә сіп кер лік негіздеріне үйрететін «Бастау» жобасының оқуына қатысты және онда қажетті кеңесін алып, сауатты бизнес -жоспар әзірлеуіне жәрдем берді. Оқу сертификатын алған соң, ол гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, ақшалай қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болады. Қаланың орталығындағы ғимараттың бөлмесін жалға алды, өз қаражаты есебінен шикізат сатып алады, ал ақшалай грант қаражатына құрал-жабдықтар сатып алады. Ол патент (арнаулы салық режимі) бойынша жеке кәсіпкерлігін ашып, өз бизнесін өзі жүргізді. Қазіргі уақытта Сәбит Ерейментау ауданындағы табысты кәсіпкердің бірі.

2 тапсырма

2 тапсырма

Соңғы айда қандай шығындар болғанын есептеңіз және оларды ақшалай түсімдермен (ата-аналардан алынған ақшамен) салыстырыңыз.

3 тапсырма

Жеке табыстарды қалыптастырудың қандай

көздерін білесіз? Қандай көзі сізге ең тартымды

болып көрінеді? Неліктен?

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет