Экономиканың негізгі мәселесі — бұл «шектеулі ресурстар немесе экономикалық жүйенің мүмкіндіктеріне қарай адамдардың шексіз қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керек?» екенін біз білеміз. Айталық, сіз кондитерлік өнімдерді шығаратын өндірістік цех ашқыңыз келеді. Бұл өндірісті ашу үшін сізге не қажет? Сіздің қажетті біліміңіз , жер және адам ресурстарыңыз бар делік, бірақ ғимаратыңыз, жабдықтарыңыз, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған шикізат пен материалдарыңыз жоқ, сондай-ақ сіздің кәсіпкерлік тәжірибеңіз бен қажетті қаржыңыз жоқ. Осыны негізге ала отырып, мынандай тұжырым жасауға болады, қаншалықты бизнес ашуға және кондитерлік өнімдерге деген адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға құлшынысыңыз жоғары болғанымен, сізде қазіргі кезде ресурстар мен мүмкіндіктер біршама шектеулі.