Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады.
|
тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.
|
Дыбысты айтудың тұрақты және біркелкі бұзылуының болмауы, дыбыстарды автоматтандыруда үлкен қиындық тудырады. Дыбыстардың барлық топтарының артикуляциясы зардап шегеді, бірақ әсіресе тіл ұшының нәзік сараланған қозғалысын қажет ететін дыбыстар бұзылады.
|
сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз.
Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.).
|