Ортасы
25 минут
|
1к.1-тапсырма: Бүкіл сыныптық жұмыс
«Қобалжуды басу» әдісін қолданамын.
1-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Дескриптор: 1-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санады.
2к.1-тапсырма: Топтық жұмыс
1-топ: 1,4,6,0
2-топ: 2,5,7,0
3-топ: 3,8,9,0
Балалар бөлмеден санға сәйкес заттар туралы топты талқылайды. Мысалы: 1сағат немесе мұғалім
2 көз немесе гүл т.б.
Ал нөл саны туралы өздері тұжырым жасайды. Ьопта сандардың қатарын табады. Әр топ «керілген жіпке»
өз сандарын ретімен орналастырады. Ал нөл саны алдына қойылады. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Дескриптор: Натурал сандар қатарын және нөл санын үйренді.
Ширату жаттығу
Оқу мақсатына сай жаттығу. Сандарды баспен, көзбен, аяқ ұшымен, йықпен бейнелейді.
3к. 1 тапсырма: Жұптық тапсырма
Жұп құрастыра отырып сандарды салыстыр
Заттар қатарын салыстыр
Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі- бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз.
Ойын: «Бұл қалай?» Жеке жұмыс
Әр оқушыға ламинатталған қағаз таратылады.
Ашық сұрақтар: Төрт шаршы сал, қасына үш дөңгелек салып, салыстыр. Екі жұпты салыстыр. Енді тең болмау үшін не істеуге болады т.б.
Дескритор: Балалар салыстырады, тең, тең емес, сонша тірек сөздерді түсінді
|
1-10-ға дейінгі сандар
Жемістер және көкөністер
Оқу құралдары
Ламинатталған қағаз, фламастер, сулы шүберек
|
Әр бір оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес тапсырмаларды, әдістерді іріктедім.
Оқушының арнайы қабілеттілігін, ерекшелігін, жауапшылдығын, белсенділігін ескеремін.
|
Сабақ басында әр топқа геометриялық фигуралар беремін. Тапсырма барысында сол фигураларды құрастырады. Дұрыс құрастырған топтар бағаланады.
|
Бейнелеу өнері
Дүниетану
Дене шынықтыру
Ламинатталған парақты пайдаланғанда фламастерді ауызға салмау, қолмен сүртпеу, жұмыс аяқталған соң колды тазалау.
Бір-бірін құрметтеу,адамгершілік
ынтымақтастық,өмір бойы білім алу құндылықтары қалыптасады.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|