Джакыпбекова Гулзира Бекбосыновна Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар: Осы сабақ



Дата05.07.2018
өлшемі20,98 Kb.
#47216
түріСабақ
Жамбыл облысы. Шу қаласы.
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі

Джакыпбекова Гүлзира Бекбосынова



Тақырыбы:

Бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Қысқа мерзімді жоспар

Математика пәні




Сабақ:

Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джакыпбекова Гулзира Бекбосыновна

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Бағалау критерийлері

Бір таңбалы санды оқиды.

Бір таңбалы санды жазады.

Бір таңбалы сандарды салыстырады.


Сабақ мақсаттары

Оқушыларды сандарды салыстыру үшін жиындардың элементтерінен жүптар құрастыру тәсілін қолдануды үйрету, екі жиынның элементтерінің сандарын теңестіру тәсілдерін іздеу дағдысын дамыту.



Барлық оқушылар орындай алады:

Барлық оқушы жаңа білімді оқиды,жазады


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сандарды оқиды, жазады, салыстырады, дәлелдейді.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Заттардың екі тобын жалғастырып, фигуралар жұптарын құрастыра алады. Оларды салыстырады, тең, тең емес белгілерін пайдаланады



Тілдік мақсат

Тірек сөздердің айтылуын есте сақтап,қолдана алады.






Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:Тең, сонша, тең емес


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қанша алма?

-Қанша жидек?

-Неше жұп құрастыруға болады?

-Жидек қанша болса алма сонша ма?

-Егер барлық алма мен жидектің саны бірдей болса, онда олардың санын көрсететін сандарды тең деп айтуға бола ма?

-Сендер қалай ойлайсыңдар?


Алдынғы оқу:

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Сондарды тура және кері санау, ретін табу, сынып бөлмесіндегі әр түрлі заттарды санау.





Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Басы

5 минут

1.Психологиялық дайындық

Екі қолымда да бес саусақ

Жетпейді оған еш саусақ

Бір мен екі алмаңдар

Үшке сеніп қалмаңдар

2.Топқа бөлу: 1,2,3 сандары арқылы топқа бөлемін

3.Ретке келтіру








Ортасы

25 минут



1к.1-тапсырма: Бүкіл сыныптық жұмыс

«Қобалжуды басу» әдісін қолданамын.

1-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санайды.

Дескриптор: 1-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санады.



2к.1-тапсырма: Топтық жұмыс

1-топ: 1,4,6,0

2-топ: 2,5,7,0

3-топ: 3,8,9,0

Балалар бөлмеден санға сәйкес заттар туралы топты талқылайды. Мысалы: 1сағат немесе мұғалім

2 көз немесе гүл т.б.

Ал нөл саны туралы өздері тұжырым жасайды. Ьопта сандардың қатарын табады. Әр топ «керілген жіпке»

өз сандарын ретімен орналастырады. Ал нөл саны алдына қойылады. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дескриптор: Натурал сандар қатарын және нөл санын үйренді.

Ширату жаттығу

Оқу мақсатына сай жаттығу. Сандарды баспен, көзбен, аяқ ұшымен, йықпен бейнелейді.



3к. 1 тапсырма: Жұптық тапсырма

Жұп құрастыра отырып сандарды салыстыр

Заттар қатарын салыстыр

Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі- бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз.

Ойын: «Бұл қалай?» Жеке жұмыс

Әр оқушыға ламинатталған қағаз таратылады.

Ашық сұрақтар: Төрт шаршы сал, қасына үш дөңгелек салып, салыстыр. Екі жұпты салыстыр. Енді тең болмау үшін не істеуге болады т.б.

Дескритор: Балалар салыстырады, тең, тең емес, сонша тірек сөздерді түсінді



1-10-ға дейінгі сандар

Жемістер және көкөністер

Оқу құралдары

Ламинатталған қағаз, фламастер, сулы шүберек


Соңы

5 минут



-Нені білдім, нені үйрендім?

-Нені толық түсінбедім?

-Немен жұмысты жалғастыру қажет?
Геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.


Геометриялық фигуралар

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік,

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Әр бір оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес тапсырмаларды, әдістерді іріктедім.
Оқушының арнайы қабілеттілігін, ерекшелігін, жауапшылдығын, белсенділігін ескеремін.



Сабақ басында әр топқа геометриялық фигуралар беремін. Тапсырма барысында сол фигураларды құрастырады. Дұрыс құрастырған топтар бағаланады.

Бейнелеу өнері
Дүниетану
Дене шынықтыру
Ламинатталған парақты пайдаланғанда фламастерді ауызға салмау, қолмен сүртпеу, жұмыс аяқталған соң колды тазалау.
Бір-бірін құрметтеу,адамгершілік

ынтымақтастық,өмір бойы білім алу құндылықтары қалыптасады.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.
2.



Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1
2.



Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.
2.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет