Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы


Дәріс №6 Сан есептерін шығару әдістері Жоспар



Pdf көрінісі
бет27/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Дәріс №6 Сан есептерін шығару әдістері Жоспар: 
 
1.
Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы және жіктелуі. 
2.
Сан есептерін шешу тәсілдері және әдістемесі. 
3.
VІІІ сыныпта шығаратын есептердің типтері. 
4.
IX сыныпта енгізілетін есептердің типтері. 
5.
X сыныпта енгізілетін есептердің типтері. 
Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы және жіктелуі. 
Сандық мәліметтер заттар 
мен құбылыстарды сан жағынан сипаттай отырып, химияны оқытудың білім мен тәрбие 
беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруға 
жәрдемдеседі. 
Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады, жетілдіреді 
және қолданылады. Есептеулер жасау арқылы химиялық теориялардың, заңдардың және 
ұғымдардың 
мәні 
ашылады, 
деректі 
материалдардың 
түсініктілігі 
артады, 
политехникалық білім беріледі, химиялық тілдің мағынасы нақтылынады. 
Заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды ашу арқылы пәнаралық 
байланыс жүзеге асады, оқушыларда, ғылыми материалистік көзқарас қалыптасады. Еңбек 
сүйгіштігі, мақсатына жету жолындағы табандылығы, өз ісіне жауапкершілігі артады. 
Есеп шығару барысында түсіну, талқылау, жинақтау, ой тұжырымын жасау, 
жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушылардың ақыл-ойы 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
дамиды, интелектуалды біліктері мен дағдылары қалыптасады. 
Әдістемелік әдебиеттерге және арнайы оқу құралдарын сан есептерін жіктеудің 
бір ізге түсірген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан есептерін әр түрлі негізге 
сүйеніп жіктейді. С.Г.Шаповаленко оқу материалының заң, теория, ұғым түрі және 
символикасы химиялық формула, теңдеу бойынша сан есептерңн жеті типке бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет