Джаншанло Р. Е



бет15/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Меншікті капиталды толықтырудың басты көзі, ұзақ мерзімді сипатта ішкі өзін –өзі қаржыландыру көзі ретінде айналымда қалатын, ұйымның табысы. Меншікті салмағының ішкі көздерінің құрылымында амортизациялық аударымдары болады. Олар меншікті капиталдың сомасын көбейтпейді, керісінше қайта инвестициялау қаражаты болады.
Меншікті капиталдың өзге көздеріне мүлікті жалға беруден түскен түсімдер, құрылтайшылармен есеп айырысу және т.б. жатады. Олар ұйымның меншікті капиталының құрылуына айтарлықтай рөл ойнамайды. Меншікті капиталдың қалыптасудың сыртқы көздерінің басты бөлігін акцияларды қосымша эмиссиялау жатады.
Өзге сыртқы көздердің санына ұйымның заңды және жеке тұлғаларына алғыс ретінде тегін берілетрін, материалды және материалды емес аквтитер жатады. Сонымен қатар, аталып көрсеткендей, егер ұйымның қаражаттары қысқа мерзімді міндеттемелердің есебінен құрылса, оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болады. Меншікті және қарыздық капиталдыңқатынасының оңтайлылық дәрежесіне ұйымның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы байланысты (кесте 8).
Кесте 8 – Ұйымның меншікті капиталының динамикасы мен құрылымы

Капитал көздері

Қаражаттардың бары, мың теңге

Қаражаттардың құрылымы, %

жыл басына

жыл аяғына

ауытқу
(+, -)

жыл басына

жыл аяғына

ауытқу
(+, -)

Шығарылған капитал

100

100



-

23,1

7,7

-15,4

Бөлінбеген пайда

333

1197

+864

76,9

92,3

+15,4

Барлығы

433

1297

+864

100,0

100,0

-

Меншікті капиталдың құрылымы мен динамикасын талдау кесте 9 жүргізіледі.


Кесте 9– Капитал көздерінің құрылымы мен динамикасын талдау

Капитал көздері

Қаражаттардың бары, мың теңге

Қаражаттардың құрылымы, %

жыл басына

жыл аяғына

жыл басына

жыл аяғына

жыл басына

жыл аяғына

Меншікті капитал

433

1297

+864

63,3

23,5

-39,8

Қарыз капиталы

251

4212

+3961

36,7

76,5

+39,8

Барлығы

684

5509

+4825

100,0

100,0

-

Кесте 9 көретініміз, аталған ұйымда активтердің құрылуының көздернің негізгі салмағының басымдылығын қарыз капиталы алады, есепті жылы оның мөлшері 39,8%-ға артқан, ал меншікті капитал сәйкесінше төмендеген.


Келесі талдау үдерістерінде меншікті капиталдың динамикасы мен құрылымын егжей – тегжейлі зерттеп, жекелеген құрамдастарының өзгеру себептерін және есепті жылдағы өзгерістерге баға беру қажет.
Сондай-ақ, кесте 9 мәліметтері меншікті капитал құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді: әрдайым шығарылған капиталдың салмағының басымдылығынан бөлінбеген пайда сомасы мен мөлшері артқан. Есепті жылы меншікті капитал сомасы 864 мың теңгеге артқан, немесе 199,5%.
Қаржылық тұрақтылық абсолютті және қатысты көрсеткіштер жүйелерімен сипатталады. Абсолютті бір ұйымның шегінде пайда болатын қаржылық жағдайларды сипаттауға қолданылады. Қатысты – экономикадағы қаржылық жағдайды сипаттауға.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштер қормен қамту көздерінің дәрежесінің сипатыболып табылады. Қормен қамту көздерінің құрылуының сипаты үш негізгі көрсеткіштермен анықталады:

  1. Меншікті айналым қаражаттарының болуы таза айналым капиталын сипаттайды. Оның өткен кезеңмен салыстырғанда артуы ұйым қызметінің ары қарайғы жетілуін көрсетеді. Меншікті айналым қаражаттарын келесі формуламен жазуға болады:

МАҚ = МК – ҰА
Бұл жерде, МК – меншікті капитал; ҰА – ұзақ мерзімді активтер.
Динамикада МАҚ ұлғаюы оң үрдісті береді, кемуі – теріс. Егер МАҚ> 0, болса, ол талданып отырған ұйымда меншікті айналым қаражаттарының тапшылығы жоқ екендігін білдіреді. Оның тұрақты активтерді қаржыландыруға қарағанда, көптеген тұрақты көздері барын көрсетеді. Егер МАҚ< 0, онда ұйымда меншікті айналым қаражаттарының тапшылы байқалады, яғни оның тұрақты қаржылық активтерді қаржыландыруға тұрақты пассивтері жеткіліксіз;

  1. Қорларды құру үшін ұзақ мерзімді қаржылық және айналым қаражаттарының болуы, ұзақ мерзімді міндеттемелердің алдыңғы көрсеткіштерінің ұлғаюымен анықталады:

ҰҚ= МАҚ + ҰМ,
Бұл жерде ҰМ – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Көрсеткіш (қысқа мерзімді міндеттемелерге қарағанда) кез-келген уақытта талап етілмеуі мүмкін, ұйымның құзыретінде бар айналым қаражаттарының болуын сипаттайды.
ҰҚ дәстүрлі кемуі ұйым үшін жағымсыз құбылысты көрсетеді, ал артуы – позитивті. Алайда, ҰҚ кемуі ұзақ мерзімді қарыздар мен кредиттердің өтелуі (қайтарылуымен) байланысты болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасының азаюынан болған ҰҚ төмендеуі, ұйымның қаржылық жағдайының жетістігі болып табылады;

  1. Қорларды құру көздерінің жалпы негізгі көлемі, алдыңғы көрсеткіштің қысқа мерзімді қарыз қаражаттарының артуының артуымен анықталады:

НК= ҰҚ + ҚМ;
Бұл жерде ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер.
Қорларды құру көздерінің жалпы негізгі көлемі – ұйымның әдеттегі қорлар көзін құрудың жеткіліктілігін көрсетеді. Көздердің тізімі кесте 10 келтірілген.

Кесте 10 –Меншікті айналым қаражаттарының, қорлардың және қорлардың құрылу көздерінің талдауы



Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл аяғына

Ауытқу (+, -)

Меншікті айналым қаражаттары

329

1202

+873

Қорлар

546

935

+389

Қорларды құру көздері

580

3617

+3037

Қорлардың құрылу көздерінің үш көрсеткішіне қорлармен қамтылудың үш көрсеткіші сәйкес келеді:



  1. Меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (+) және кемшілігі (-):

∆МАҚ =МАҚ – Қ,
Бұл жерде Қ – қорлар.

  1. Меншікті айналым қаражаттары мен қорлардың құрылу көздерінің ұзақмерзімді қарыздарының артықшылығы (+) және кемшілігі (-):

∆ҰҚ= ҰҚ – Қ;

  1. Қорлардың құрылу көздерінің жалпы көлемінің артықшылығы (+) және кемшілігі (-):

∆НК=НК– Қ.
Қорлар көзінің құрылуының болуына байланысты қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлерін белгілі шарттылық деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. Ұйымның қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы қаржылық тұрақтылықтың шекті түрін анықтайды және келесі шартпен анықталады:

Қ< МАҚ.
Көрсетілген қатынас қорлардың толық меншікті айналым қаражаттарымен жабылатындығын көрсетеді, яғни ұйым сыртқы кредиторларға толықтай тәуелсіз. Алайда мұндай жағдайды мінсіз деп қарауға болмайды, себебі ол ұйымның басшылары негізгі қызметін қаржыландырудың сыртқы көздерін пайдалана алмайтындығын, пайдаланғысы келмейтіндігі менондай мүмкіндігінің жоқтығын білдіреді.

  1. Ұйымның қаржылық жағдайының қалпты тұрақтылығы, оның төлемқабілеттігіне кепілдік беріп келесі шарқа сәйкес болады:

Қ= МАҚ+ҚМ.
Келтірілген қатынас ұйым өзінің қорларын өтеуде, меншікті және тартылған, қаражат көздерінойдағыдай және әртүрлі қиыстыра алатындығына куәлік етеді.

  1. Төлемқабілеттілікке байналысты қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, нақты меншікті капиталының есебінен меншікті айналым қаражаттарын ұлғайтатын, және де қосымша ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыз қаражаттарын тарту есебінен тепе – теңдігін қалпына келтіре алуды сақтауы:

Қ=МАҚ+ҚМ+НК.
Қаржылық тұрақтылық қалыпты деп саналады, егер, қысқа мерзімді кредит пен қарыз қаражаттар көздерінің қорларын құрудағы тартылған қаражаттар көлемі қорлар бағасы мен дайын өнімнің сомаларының қосындысынан артпаса.

  1. Ақша қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар мен дебиторлық қарыздар кредиторлық қарыздары мен уақыты өткен ссудаларды көрсете алмайтын ұйымның дәрменсіздік шегінде болатын дағдарыстық қаржылық жағдай:

Қ>МАҚ + ҚМ.
Соңғы екі жағдайда ( тұрақсыз және дағдарыстық қаржылық жағдайда) тұрақтылық пассивтер құрылымын оңтайландыру есебінен қалпына келтірілуі мүмкін, сонымен қатар қорлар деңгейін негіздеу арқылы төмендету арқылы.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 11-кесте құрастырылады.


11-кесте – Қорлардың қалыптасу көздерін талдау
(мың. тенге)

Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл соңына

Ауытқу
(+, -)

Меншікті айналым құралдарының қалыптасу көздері

433

1297

+864

Ұзақ мерзімді активтер

104

95

-9

Меншікті айналым құралдарының қолда бары

329

1202

+873

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

Меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражатының қалыптасу көздерінің қолда бары

329

1202

+873

Қысқа мерзімді міндеттемелер

251

4212

+3961

Қорлардың қалыптасу көздері

580

5414

+4834

Қорлар

546

935

+389

Меншікті айналым құралдарының артығы (+), жетіспеушілігі (-)

-217

267

+484

Меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражатының қалыптасу көздерінің артығы (+), жетіспеушілігі (-)

-217

267

+484

Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы сомасының артығы (+), жетіспеушілігі (-)

34

4479

+4445

Жүргізілген есептеулер негізінде келесідей қорытынды жасауға болады: жыл басында ұйымның қаржылық жағдайы тұрақсыз, қорлардың меншікті және қарыз қалыптасу көздерімен жеткілікті қамсыздандырылмаған. Қарастырылып отырған кезең соңында жағдай түбегейлі өзгерген, қорлардың қалыптасу көздері айтарлықтай артқан: меншікті қалыптасу көздері 873 мың теңгеге артып, 1202 мың теңгені құрады, қысқа мерзімді міндеттемелер 3961 мың теңгеге артып, 4212 мың теңгені құрады, ал негізгі қалыптасу көздерінің жалпы сомасы 4834 мың теңгеге артып, 5414 мың теңгені құрады. Талданып отырған кезең соңына меншікті құралдар 267 мың теңгеге артық шығып, қорлар мен шығындардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы сомасының артығы 4479 мың теңгені құрады.


Қаржылық тұрақтылықты абсолютті көрсеткіштермен қатар қаржылық коэффициенттер сипаттайды. Олар баланс активі мен пассивінің абсолютті көрсеткіштерінің қатынасы ретінде есептеледі.
1) қаржылық жағдайды мүліктердің қорлану көздері тұрғысынан сипаттайтын капитализация коэффициенті ;
2) қаржылық тұрақтылықты сырттан тартылған көздерге қызмет етумен байланысты шығындар тұрғысынан сипаттайтын жабу коэффициенті.
Келесі негізгі көрсеткіштер қарастырылады:
1.Қаржылық тәуелсіздік (автономия) коэффициенті = Капитал / Баланс валютасы.
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті меншікті құралдардың қаржыландыру көздерінің жалпы сомасындағы салмақты үлесін көрсетеді. Коэффициент мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты және сыртқы қарыз берушіілерден тәуелсіз болады. Көрсеткіштің ұсынылатын мәні - >0,5.
2. Қарыздар бойынша берешек коэффициенті(қаржылық тұтқа, қаржылық леверидж) = (Қысқа мерзімді міндеттемелер + Ұзақ мерзімді міндеттемелер) / Капитал.
Бұл коэффициентавтономия коэффициенті сияқты ұйымның экономикалық тәуелсіздігін сипаттайды. Қарыздар бойынша берешек коэффициентінің жоғары деңгейі болашақта ақша қаражаттарының жетіспеушілігін білдіреді. Көрсеткіштің ұсынылатын мәні - ≤1.
3. Өзін-өзі қаржыландырукоэффициенті =Капитал /(Қысқа мерзімді міндеттемелер + Ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті ұйымның қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті меншікті құралдарының қолда барын көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылатын мәні - >1.
4. Меншікті құралдармен қамсыздандырылу коэффициенті = (Қысқа мерзімді активтер – Қысқа мерзімді міндеттемелер) / Қысқа мерзімді активтер.
Бұл коэффициент те ұйымның қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті меншікті құралдарының қолда барын көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылатын мәні - >0,1.
5. Иммобилизация коэффициенті = Ұзақ мерзімді активтер / Қысқа мерзімді активтер.
Берілген көрсеткіш активтер өтімділігі деңгейін және болашақта қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Иммобилизация мәні көбіне ұйымның сала ерекшеліктеріне байланысты. Көрсеткіштің артуы жағымды тенденция ретінде қарастырылады.
6. Маневр коэффициенті =(Қысқа мерзімді активтер – Қысқа мерзімді міндеттемелер) / Капитал.
Маневр коэффициентіұйымның меншікті айналым құралдарының деңгейін меншік көздер есебінен қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді.Көрсеткіштің оңтайлы мәні - >0,5.
7.Қаржылық кернеуліккоэффициенті (тәуелдік, тұрақсыздық) = (Қысқа мерзімді міндеттемелер + Ұзақ мерзімді міндеттемелер) / Баланс валютасы.
Қаржылық кернеулік коэффициенті ұйымның сырттан тартылған қарыз қаражаттарының қаржыландыру көздерінің жалпы сомасындағы үлесін көрсетеді. Оны бір мен автономия коэффициентінің айырмасы ретінде есептеуге болады. Егер коэффициент мәні 0,5-тен аспаса, ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты деп есептеуге болады.
8. Меншікті айналым құралдары есебінен қорлармен қамтамасыз етілукоэффициенті =Меншікті айналым құралдары/ Қорлар.
Коэффициент қаншалықты материалдық қорлардың меншікті көздермен жабылатынын және сырттан қаражат тартудың қажеттілігін көрсетеді.Көрсеткіштің қалыпты мәні - 0,6 - 0,8.
9. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті = (Ұзақ мерзімді активтер + Қорлар) / Баланс валютасы.
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті ұйымның құралдарының құрамы туралы маңызды сипаттамасын береді. Көрсеткіштің қалыпты мәні - >0,5.
10. Қарыздық құралдарды ұзақ мерзімге тарту коэффициенті = Ұзақ мерзімді міндеттемелер/ (Капитал + Ұзақ мерзімді міндеттемелер).
Берілген коэффициент ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың меншікті және қарыз құралдарындағы үлесін көрсетеді.Бұл коэффициенттің болуы мен оның артуы ұйымның қаржылық тұрақтылығының нашарлауын білдіреді. Көрсеткіштің бірге жақындауы ұйымның қаржылық жағдайы тұрақсыз екендігін көрсетеді.
Қатысты көрсеткіштерді бағалау үшін 12-кесте құрастырылады.
12-кесте – Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштерін бағалау



Көрсеткіштер





Жыл басына

Жыл соңына

Ауытқу
(+, -)

Ұсынылатын мәні

1. Автономия коэфффициенті

0,63

0,23

-0,40

> 0,5

2. Берешек коэффициенті

0,58

3,25

+2,67

≤1

3. Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті

1,72

0,31

-1,41

>1

4. Меншікті құралдармен қамсыздандырылу коэффициенті

0,57

0,22

-0,35

> 0,1

5. Иммобилизация коэффициенті

0,18

0,02

-0,16

*

6. Маневр коэффициенті

0,76

0,93

+0,17

> 0,5

7. Қаржылық кернеулік коэффициенті (тәуелдік, тұрақсыздық)

0,37

0,76

+0,39

≤0,5

8. Меншікті айналым құралдары есебінен қорлармен қамтамасыз етілу коэффициенті

0,60

1,28

+0,68

0,6 - 0,8

9. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті

0,95

0,19

-0,76

>0,5

10. Қарыздық құралдарды ұзақ мерзімге тарту коэффициенті

-

-

-

**

Ескерту: * - көрсеткіштің артуы жағымды тенденция ретінде қарастырылады;
** - көрсеткіштің кемуі жағымды тенденция ретінде қарастырылады

Есептелген көрсеткіштер негізінде (12-кесте) мынадай қорытынды жасауға болады:


- автономия коэффициенті жыл соңына 0,23 болып, жыл басына қарағанда 0,40 бірлікке төмен және оңтайлы мәні 0,5-тен төмен, яғни ұйымның міндеттемелері меншікті құралдар есебінен өтеле алмайды;
- талданып отырған кезеңдеменшікті құралдармен қамсыздандырылу коэффициенті0,35 бірлікке төмендеп, 0,22 құрады, бұл ұсынылатын мән 0,1-ден айтарлықтай жоғары, демек ұйым қаржылық тұрақтылық үшін қажетті меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етілген;
- маневр коэффициенті талданып отырған кезеңде 0,17 бірлікке артып, 0,93 құрады, бұл оңтайлы мәннен жоғары жәнеқаржылық көзқарас бойынша меншікті құралдар көздерінің жоғары айналымдылығын білдіреді;
- меншікті айналым құралдары есебінен қорлармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,68 бірлікке артып, кезең соңына 1,28 құрады (ұсынылатын мәні 0,6 - 0,8).
Ұзақ мерзімді кезеңде ұйымның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын абсолюттік көрсеткіштердің негізгі және маңыздысы болып таза (бөлінбеген) пайда болып табылады. Пайда –ұйымның дамуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстарды құрастырудың ішкі көзі. Ұйым қызметінде пайданы алу мүмкіндігі жоғары болған сайын, сырттан қаржылық құралдарды тарту қажеттілігі төмендейді, басқа тең шарттар жағдайында ұйымның даму тұрақтылығы мен нарықта бәсекеге қабілеті жоғарылайды.
Пайда ұйымды банкроттықтан қорғайтын негізгі қорғаныш механизмі болып табылады. Бірақ мұндай қауіп табысты қызмет жағдайында да туындауы мүмкін (қарыз капиталдың, әсіресе қысқа мерзімді қарыз капиталдың айтарлықтай үлесін жөнсіз қолданғанда; активтер өтімділігін тиімді басқара алмағанда), бірақ басқа тең шарттар жағдайында ұйым пайданы өндірудің жоғары әлеуеті байқалса, дағдарыс кезеңінен ойдағыдай шығады. Алынған пайданың капиталдандыруы есебінен өтімді активтер үлесі тез өсіп (төлем қабілеттілігі қалпына келеді), меншік капиталдың үлесі артады, сәйкесінше қарыз капиталдың көлемі кемиді (қаржылық тұрақтылық артады).
Қаржылық тұрақтылық деңгейін қалыпты ұстау үшін пайданың өсімі ғана емес, пайданың салынған капитал немесе ұйым шығындарына қатысты деңгейі, яғни рентабелділік те маңызды орын алады. Рентабелділіктің мөлшері мен өзгерісі ұйымның табыстылығы мен іскерлік белсенділігін сипаттайды. Тұрақтылықтың ең жоғарғы формасы болып ішкі және сыртқы ортаның әрдайым өзгеріп тұруына қарамастан ұйымның өсу қабілеті болып табылады. Бұл үшін ұйымның қаржылық ресурстарының икемді құрылымы мен қажет болған жағдайда қарыз құралдарды тартуға мүмкіндігі болуы керек.
Жоғары пайдалылық жоғары тәуекелмен байланысты, ал бұл дегеніміз ұйым табыс алудың орнына зиян шегіп, төлемге қабілетсіз болуы мүмкін. Демек, табыстылыққа жету жолында ұйымның алдында тұратын мәселе: жоғарытөлем қабілеттілік пен ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейі және серпінді өсуді қатар алып жүру үшін рентабелділік немесе өтімділікті таңдау. Ұйымның дер кезінде төлемдерді жасау, кеңейтілген негізде өз қызметін қаржыландыру, жағымсыз жағдайда өз төлем қабілеттілігін ұстап тұру қабілеті оның қаржылық жағдайының орнықтылығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет