Джаншанло Р. Е


Қаржылық тұрақтылық пен кредит қабілеттілікті талдау



бет14/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
treatise101973

2.4. Қаржылық тұрақтылық пен кредит қабілеттілікті талдау

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жағдайдың ең басты сипаттамалардың бірі ұйымның қаржы тұрақтылығы, яғни келешектегі ұзақ мерзімді қызметінің тұрақтылығы.Ол, өндірістің үздіксіз үдерісі мен өнімді өткізудің тиімді жолдарын қолдану арқылы ұйым ақша қаражаттарын еркін қолдана алатын қаржылық ресурстардың жағдайын, сонымен қатар кеңею мен жаңаруға кетген шығындарды көрсетеді. Сол себепті, ұйымның қаржы тұрақтылықтылығының шегін белгілеу экономикалық мәселелердің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені тұрақтылықтың жеткіліксіздігі ұйымның төлемқабілетсіздігіне, оның операциялық және инвестициялық қызметін қаржыландыратын ақша қаражаттарының жетпеуіне, дәрменсіздігіне алып келуі мүмкін; қаржылық тұрақтылықтың шектен тыс болуы қорларға жұмсалатын артық шығындарға, ұйымның жетілуіне тосқауылдар қояды.


Қаржылық тұрақтылық көптеген және әртүрлі ішкі және сыртқы жағдайлар әсерлерінен туындайды.
Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын, ішкі жағдайларға мыналар жатады:

  • Ұйымның салалық жабдықтары;

  • Өндіретін өнімнің құрылымы мен құрамы;

  • Шығындардың көлемі, құрылымымен динамикасы;

  • Ұйымның жарғылық капиталының көлемі;

  • Қаржылық ресурстар мен мүліктің құрамы мен құрылымы және т.б.

Ұйымның қаржы тұрақтылығына әсер етуші сыртқы жағдайларға жататындар:

  • Шаруашылықтың экономикалық жағдайлары;

  • Тұтынушылардың төлемқабілеттілік сұранысы;

  • Салықтық және кредиттік саясаты;

  • Қаржылық нарықтың даму дәрежесі;

  • Валюта бағамының өзгерісі және т.б.

Ұйымның тұрақтылығы оған әсер етуші факторларға байланысты келесідей болуы мүмкін:

  • Ішкі тұрақтылық – бұл қызметті тұрақты жоғары нәтижемен қамтамасыз ететін, ұйымның жалпы қаржылық жағдайы. Оның негізінде сыртқы және ішкі факторлардың белсенді өзгерісіндегі жетістіктері жатады;

  • Ұйымның сыртқы тұрақтылығы ұйымның қызметі аясында экономикалық ортадағы тұрақтылығының шарты. Ол барлық ел көлемінде нарықтық экономикалық басқару жүйесімен сипатталады;

  • Ұйымның жалпы тұрақтылығы – бұл шығындарға (шығыстар) болған жағдайда әрқашан қаражаттардың түсімімен (табысымен) қамтамасыз етіп отыратын, ақша қаражаттарының ағыны.

Қаржылық тұрақтылық қаржы ресурстарының қолданылуы мен үлестірілуінің тиімділігімен анықталады, ал төлемқабілеттілік сыртқы көрсеткіш ретінде көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылық қаржы-шаруашылық қызметінің барысында құрылады және ол ұйымның жалпы тұрақтылығының басты компоненті болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық талдауы активтер мен пассивтердің тепе-теңдігін көрсететін, баланстың негізді формуласының нәтижесінде құрылады. Ол келесідей түрде болады:
Ақ + Аұ = Мқ + Мұ + К,
Бұл жерде Ақ – қысқа мерзімді актвитер, Аұ - ұзақ мерзімді активтер, Мқ – қысқа мерзімді міндеттемелер, Мұ – ұзақ мерзімді міндеттемелер , К – капитал.
Қаржы тұрақтылық пен төлемқабілетсіздік тәуекелі көп жағдайда ұйымның капиталының құрылымына байланысты, оның активтерінің түрлері мен арақатынасынан. Қаржылық капитал ұйым үшін белгілі бір тәуекелдің бөлігін алып келеді, себебі ұйымның қаржылық жағдайына тәуелсіз олар бойынша кредиттер мен пайыздар белгіленген уақытта төленуі тиіс. Ұйымның өзінің міндеттемелерін орындай алмауы шығындардың болуына алып келеді, нәтижесінде ол меншікті капиталын сіңіруінің себебі болады. Ұйым үшін мұндай жағдай дәрменсіздікке соқтыруы мүмкін.
Меншікті капиталдық ерекшелігі оның өзгермеуінде, сондай-ақ, ол міндетті түрде табыстың түсуіне кепілдендірмейді. Тәуекелдік тұрғысынан қарағанда, бұл мәселенің екіжағы бар. Бір жағынан, меншікті капитал ұйымның тәуекел капиталы болып табылса, басқа жағынан, меншікті капитал тәуекелдіктің аз мөлшерімен байланысты және пайыздарды төлеу үшін арнайы талаптары жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет