Джаншанло Р. Е



бет10/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Баланс талдауының негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
- ұйымның мүліктік жағдайын бағалау;
- активтердің жеке топтарының өтімділігінің талдауы;
- пассивтердің құрамын, құрылымын және динамикасын зерттеу;
- міндеттемелердің активтермен қамтамасыз етілуінің сипаттамасы;
- активтер мен пассивтердің жеке топтарының арасындағы байланысының талдауы;
- ұйымның ақша қаражаттарын шығару қабілетінің талдауы;
-капиталды сақтау және көбейту мүмкіндігін бағалау.
Баланс талдауын өткізген кезде қажет:
активтер талдауында:
- негізгі аналитикалық топтарды белгілеу: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
- активтердің жеке баптарының мәндерін бағалау;
- активтердің жеке баптарындағы өзгерістер динамикасын сәйкестендіру;
- қысқа мерзімді активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердегі өзгерістер динамикасын салыстыру;
міндеттемелер талдауында:
- аналитикалық топтарды белгілеу: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді; мерзімді және мерзімі өтіп кеткен; қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген;
- активтерді қалыптастыру үшін қарыздық қаржыландырудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді көздерінің маңыздылығын бағалау;
капитал талдауында:
- капиталдың меншікте енушілердің үлестері арқылы қалыптасқан бөлігін және ұйымның табысы арқылы қалыптасқан бөлігін бөліп көрсете отырып капитал құрылымын бағалау;
- капиталдағы өзгерістердің себептерін талдау;
- резервтердің бар болуын ұйымның қаржылық беріктігі ретінде бағалау;
Баланс қасиеттерін талдаған кезде қажет:
- активтердің олардың қайтарымдылық мерзімдері бойынша топтастыру, ал пассивтерді оларды өтеу жеделдігі бойынша топтастыру және активтер мен пассивтер топтарын сәйкестендіру жолы арқылы баланстың өтімділігін бағалау;
- жеке капитал мен міндеттемелердің қатынасын сипаттау;
- қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін –жеке капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелер – қаржыландыру көздерінің жалпы шамасында бағалау;
- дебиторлық және кредиторлық берешектердің қалыптасу және өтеу шарттарын сәйкестендіру;
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін баланс оқуды білу және оны талдаудың әдісін жақсы меңгеру қажет. Балансты оқуды білу - бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау жолдарын және баланстың басқа баптарымен байланысын, әрбір бап бойынша мүмкін болатын өзгерістердің сипаттамасы және олардың ұйымның қаржылық жағдайын әсерін, оның төлем қабілетін білуді білдіреді.
Балансты оқу талдаудың бастапқы кезеңі болып табылады, бұл кезеңде пайдаланушы ұйыммен алдын-ала танысады. Балансты оқыған кезде анықтайды: баланс валютасы және оның жеке бөлімдерінің, баптарының өзгерістерінің сипаттамасын, ұйым қаражатының дұрыс орналастыруын (бөлінуін), оның ағымдағы төлем қабілетін.
Баланс валютасының, ұйымның активтері мен пассивтер құрылымының динамикасын талдау ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ перспективалық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, есеп кезеңіндегі баланс валютасының азаюы (абсолюттік көріністе) ұйым шаруашылық айналымды қысқартқандығының айғағы болып табылады. Қаржылық-шаруашылық қызметті тұжыру фактісін анықтау оның себептерін (ұйым өніміне төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеуі, қажетті шикізат пен материалдар нарығына шығу мүмкінідігі шек қойылуы және т.б.) талдауын өткізуді талап етеді.
Есеп кезеңіндегі баланс валютасының өсуін талдай отыра, негізгі қорларды қайта бағалаудың әсерін, олардың құны өндірістік қызметтің дамуымен байланысты болмаған кезде, есеп алу керек.Баланс валютасының өсуі дайын өнімнің инфляцияның әсерінен қымбаттауының салдары ма, әлде ұйым қызметінің кеңеюінің айғағы екендігін анықтау қажет.
2 кестеден ұйым жылдың соңында қаржылық жағдайын жақсартқанын көреміз, оның қарамағындағы ресурстардың сомасы 4825 мың теңгеге немесе 705,4 %-ға артып 5509 мың теңгені құрады. Қарастырылып отырған кезеңдегі баланс валютасының өсуі ұйымның өндірістік мүмкіндіктерінің артуын және жағымды бағаға лайық екенін дәлелдейді.
Ұйым қызметін жүзеге асыру үрдісінде активтер мен пассивтер, олардың құрылымы тұрақты түрде өзгерістерге ұшырайды.
Баланс активтері мен пассивтері құрылымындағы орын алған сапалық өзгерістер, сонымен қатар бұл өзгерістер динамикасы туралы түсінікті тік (құрылымдық) және көлденең (динамикалық) талдау көмегімен алуға болады. Бұл ретте баланстың құрамын, құрылымын, баптарының байланысын және олардың топтастырылуы баланстың тік талдауына, ал динамиканы бағалау көлденең талдауына жатады.
Тік талдау жалпы қорытындыдағы баланстың жеке баптарының үлес салмағын анықтау және болашақта нәтижелерді өткен кезең мәліметтерімен салыстыру үшін өткізіледі. Ол баланстың абсолюттік көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін инфляциялық үрдістердің әсерін тегістейді және есеп мәліметтері талданып отырған ұйымның көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленетін басқа ұйымдармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Тура талдаудың мақсаты баланс жиынындағы жеке баптардың үлесін есептеу және олардың қозғалысын бағалау, ол арқылы активтер мен олардың құралу көздерінің құрылымдық өзгерістері болжау және анықтау мүмкіндігіне ие болады.
Тура талдауды құру үшін база ретінде (100% алып) баланс есепті мерзімнің басы мен соңына арналған активтер мен пассивтердің нәтижесі қажет және жалпы жиындағы әрбір баланс бабының пайыздық үлесін анықтаудан тұрады.
Балансты тура талдаудың мысалы 3 кестеде көрсетілген.
Кесте3 – Балансты тура талдау



Көрсеткіштер



Жыл басына

Жыл соңына

Өзгерістер (+, -),
мың. теңге

Өзгеріс қарқыны (+, -), %

мың. тенге

%

мың. тенге

%



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет