Джаншанло Р. Е



бет7/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Байланысты:
treatise101973

10. Қаржылық есептеліктің негізгі формалары:
а) капиталдың өзгеруі туралы есептілік;
б) пайда және шығын туралы есептілік;
в) қаржы құралдарының қозғалысы туралы есептілік;
г) бухгалтерлік баланс;
д) барлық жоғарыда айтылғандар.
11. Қаржылық талдаудың қандай түрі қаржылық құралдарға айналуға байланысты активтер топтамасын, ал пассивтердің өтеуге байланыстысын көрсетеді?
а) өтімділік талдауы;
б) іскерлік белсенділік талдауы;
в) рентабельділік талдауы;
г) қаржылық тұрақтылық талдауы.
12. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен пайдалылығын бағалауға мүмкіндік беретін қандай көрсеткіштер талдауы бар?
а) өтімділік;
б) рентабельділік;
в) іскерлік белсенділік;
г) қаржылық тұрақтылық.
13. Қаржылық талдаудың қандай түрі нәтижелі көрсеткішке жеке өлшемдердің әсерін табуға және бағалауға мүмкіндік береді?
а) тік;
б) көлденең;
в) факторлы;
г) коэффицентті.
14. Қаржылық талдаудың нормативті моделі дегеніміз не?
а) бұл, бюджет бойынша есептелген, кәсіпорын қызметінің нақты нәтижесін күтілетін нәтижемен салыстыруға мүмкіндік беретін модельдер ;
б) бұл, кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалауда негізгі болып табылатын бейнелеуші сипаттағы модельдер;
в) болжамалы сипаттағы модельдер;
г) факторлары алгебралық сома түрде кіретін модельдер.
15. Қаржылық талдаудың әдістемелік негізі болып келесі қағидалар табылады:
а) ақпараттық базаның кешенділігі,бірыңғайлығы;
б) аналитикалық рәсімдердің жүйелілігі, маңыздылығы, бірыңғайлығы және келістілігі;
в) нәтижелердің салыстырымдылығы;
г) барлық жауаптар дұрыс.


2.ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


2.1.Қаржылық жағдайды талдау негіздері

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыра алу қабілеті түсіндіріледі. Кәсіпорынның дұрыс қызмет етуі үшін, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олардың тиімді қолданылуы үшіндұрыс қозғалысымен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қарым-қатынаспен, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен түсіндіріледі.


Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдыңдағы) және дағдарысты болуы мүмкін.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төлемдерді өз мерзімінде жүзеге асыру, кеңейтілген деңгейде өз қызметін қаржыландыру, кенеттен болатын жағдайларды оңай бастан кешіру және төлем қабілеттілікті қамтамасыз етумен түсіндіріледі. Ал келтірілген сипаттардың жоқтығы кәсіпорының қаржылық тұрақсыздығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығының шегі банкроттық, яғни өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның қызмет етуінің келесідей параметрлерімен сипатталады:
- пайдалылықпен (рентабельділік);
- өтімділікпен (төлем қабілеттілік);
- кәсіпорынның өндіріс пен өнімді сату үдерісіне жеткілікті қаржылық ресурстардың бар болуымен;
- негізгі қор мен айналым құралдарының тиімді орналастыру мен қолданумен;
- қаржылық тұрақтылық пен несиеге қабілеттілікпен.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тікелей тәуелді. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалып жатса, ол қаржылық жағдайда қолайлы әсер етеді, және керісінше, өндіріс пен өнімді сату бойынша жоспардың орындалмауы оның өзіндік құнының жоғарылауына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және төлем қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты пайданың және түсімнің кемуіне алып келеді. Демек, кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, барлық сауатты және озат факторлардың кешені. Тұрақты қаржылық жағдай өз кезегінде өндірістік жоспарды орындау мен өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Осылайша, тұрақты қаржылық жағдай дегеніміз кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, барлық сауатты және тиімді факторлардың кешені.
Түрлі түсінік қаржылық жағдайдың құрылымында да көрінеді. Көптеген зерттеушілер ондаған қаржылық коэффициенттер мен талдаудың басқа да әдістерінің топтамасына бөле отырып, сәйкес талдау бағыттарын (мақсат, міндет, этаптар) анықтайды. Бағыттар топтардың санына, сонымен қатар ішкі құрамына байланысты ерекшеленеді.
Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы қаржылық жағдайды бағалау түсінігіне қарағанда кең ұғым екендігін ескеру қажет. Себебі, нақты қаржылық жағдайды бағалаудан бөлек, оны анықтайтын факторлар мен бекітетін себептерді, сонымен қатар, қаржылық жағдайды жақсартудың негізгі жолдары мен әдістерін анықтау қосылу қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада қарастыру қажет. Бірінші жағдайда қаржылық жағдайды бағалау өтімділік және төлем қабілеттілік болып табылады, жалпы жағдайда кәсіпорынның мүмкіндігін өз уақытында және толық көлемде контрагенттердің алдында қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есептерде жүргізуді сипаттауды айтамыз.
Ұзақ мерзімді перспективада кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын бағалау, кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен, сыртқы кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік деңгейімен, сыртқы қаржы көздерінің тартылу және қызмет ету шарттарымен байланысты.
Қаржылықжағдай кәсіпорынның қаржылық шаруашылық үдерісінде қалыптасады және көп жағдайда жеткізушілер, сатып алушылар, салық және қаржы органдары,банктер, акционерлер және басқа де мүмкін серіктестер қарым-қатынасымен анықталады.Қаржылық жағдай талдау көрсеткіштерінің жиынтығы кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіздігін, оның инвестициялық тартымдылығын, төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нақты кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеуде сыртқы, әрі ішкі қолданушылар мүддесі танылады. Ішкі қолданушыларға кәсіпорынның иелері мен әкімшілігі, сыртқы қолданушыларға - кредиторлар, инвесторлар, коммерциялық серіктестер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет