Джаншанло Р. Е



бет8/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Ішкі қолданушылардың мүддесі шеңберінде жүргізілетін қаржылық жағдайды талдау жұмысы, мүмкіндіктерді анықтау және нығайту мақсатында кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі әлсіз позицияны анықтауға бағытталған; кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін, басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық база құру.
Сыртқы қолданушылардың мүддесі шеңберінде жүргізілетін қаржылық жағдайды талдау жұмысыолардың экономикалық мүдделерінің кепілдікті бағалау деңгейін, өз уақытында міндеттемелерді өтеу, инвесторлар үшін қаржыны тұрақты қолдануды қамтамасыз етуді бағалау үшін жүргізіледі. Бұл талдау нақты кәсіпорынмен серіктестіктің пайдалылығы мен сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржылық жағдайды талдау өндіріс құралдарын орналастыру мен қолдану, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, жеке айналым құралдарымен қамтамасыздығы, қорлардың жағдайы, меншікті және қарыздық көздердің қалыптасуы, жеткізушілер мен мемлекетпен есептесу тәртібі, қаржылық ресурстарды қолдану тиімділігін анықтаудан тұрады.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты қаржылық ресурстарды қолдануды объективті бағалау негізінде қаржылық жағдайды нығайту мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көтерудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
- активтердің құрамы мен құрылымын бағалау, олардың жағдайы мен қозғалысы;
- меншікті қарыздық капитал көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау, олардың жағдайы мен қозғалысы ;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатыстық көрсеткіштерінің талдауы;
- шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігінің және оның балансының өтімділігінің талдауы.
Қаржылық жағдайды талдаумен кәсіпорынның тек басшылары мен сәйкес қызметтері емес, сонымен қатар, ресурстарды қолдану тиімділігін зертеу мақсатында – инвесторлар; несиелеу шарттарын бағалау мен тәуекелділік деңгейін анықтау үшін банктер; өз уақытында төлемдерді қабылдау үшін жеткізушілер; бюджетке қаржының түсу жоспарын орындау үшін салық инспекциялары және т.б. айналысады. Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі талдау кәсіпорында жүзеге асырылады, яғни оның қызметімен және мұндай талдаудың нәтижесі кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау мен болжамдау үшін қолданылады.Аталған талдаудың мақсаты кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіжәне пайдасын максималдау үшін қаржы құралдарының өз уақытысында түсіп отыруын және меншікті және қарыздық құралдардың барынша тиімді әдіспен орналастыру болып табылады.
Сыртқы талдау инвесторлар, материалды және қаржылық ресурстардың жеткізушілері, жария етілетін қаржылық есептеменің негізінде бақылаушы органдармен жүзеге асырылады. Оның мақсаты – пайданы максималдау мен шығынды қысқартуды қамтамасыз ету үшін, қаржының пайдалы салынуына мүмкіндік жасау. Сыртқы талдаудың келесідей ерекшеліктері бар:
• талдаудың көптеген субъектілері, кәсіпорын қызметі туралы ақпарат қолданушылары;
• талдау субъектілерінің мақсаттары мен мүдделерінің түрлілігі;
• есеп пен есептеменің типтік әдістері, стандарттарының бар болуы ;
• тек сыртқы есептеме үшін бағытталу;
• тек сыртқы есептемені қолдану барысында талдаудағы міндеттердің шектеулігі;
• кәсіпорын қызметі туралы ақпараттарды қолдану үшін нәтижелердің максималды ашықтығы.
Сыртқы талдау жарияланатын есептік ақпараттарда, яғни жалпы қоғамның игілігі болып табылатын кәсіпорын қызметі туралы ақпараттың аса шектеулі бөлігінде орналасады.Сыртқы талдау үшін ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік баланс пен оған берілетін қосымша табылады.Сыртқы талдау кәсіпорындағы қызмет жағдайы туралы барлық ақпаратты қолданады, сонымен қатар, кәсіпорынның қызметін басқаратын шектеулі адамдар үшін.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау құрамы:
- қаржылық жағдайдың жалпы бағасы;
- баланс активтері мен пассивтері құрамы, құрылым мен динамикасы талдауы;
- өтімділік пен төлем қабілеттілік талдауы;
- қаржылық тұрақтылық пен несие қабілеттілік талдауы;
- банкроттық пен кәсіпорын құнын бағалау талдауы.
Нарықтық экономика шартында талдау негізінде кәсіпорынның жоспарлаудың барлық этаптарында алдына қойған міндеттерін тиімді шешу нұсқаларын бекітуге болады. Бұл тек ағымдағы жұмыс емес, сонымен қатар, кәсіпорынның ары қарайғы дамуы үшін резервтерді зерттеу мен анықтауға мүмкіндік береді.
Талдау объектісі болып ішкі шаруашылық жоспарлау, есеп, есептеме және ақпараттың басқа да көздеріндегі көрсеткіштер жүйесінде бейнеленетін әлеуметтік және мәдени даму сұрақтарын қоса алғанда, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің барлық жақтары табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдісі болып ақпаратты өңдеудің математикалық, статистикалық, есептілік және басқа да әдістерін қолдана отырып кәсіпорын қызметін кешенді, тиімді зерттеу табылады.
Талдауда, әдетте, жедел бухгалтерлік есеп және бақылау үдерісінде қалыптасатын, көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жеткіліксіз көрсеткіштер зерттеу барысында есептеледі. Талдау нәтижесінде, кәсіпорын қызметі нәтижесінің өзгеруіне әсер ететін анағұрлым мағыналы көрсеткіштер бекітіледі.Талданатын көрсеткіштер арасындағы өзара қатынасты анықтау және өлшеу кешенді, кәсіпорынның өзара байланысты зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдай талдауы баланс «оқылуы» немесе абсолютті көлемді зерттеу болып табылатын нақты әдістерді қолдануды айтады. «Оқу» немесе баланс мазмұнымен танысу, қаржының негізгі көздерін; қаржы салудың негізгі бағыттарын; кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен онымен қамтамасыз етілуін бағалауға мүмкіндік беретін, қаржы мен оның көздерінің қатынасын бекітуге мүмкіндік береді. Бірақ абсолюттік шамаларда берілген ақпарат әрқашан көрсеткіштердің динамикасын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді және шешімдерді негіздеу үшін жеткілікті емес. Сондықтан қаржылық жағдайды талдаған кезде абсолюттік шамалармен қатар салыстырмалы шамалардың есебін және бағаларын болжайтын талдаудың әр түрлі әдістері қолданылады.
Талданатын ұйымның салыстырмалы көрсеткіштерін салыстыруға болады:
- тәуекел деңгейін бағалау үшін және дәрменсіздік мүмкіндігін болжамдау үшін жалпыға ортақ қабылданған және бекітілген нормалармен;
- ұйымның күшті және әлсіз жақтарын және оның мүмкін потенциалын анықтауға мүмкіндік беретін басқа ұйымдардың (әсіресе бәсекелестердің) ұқсас мәліметтерімен;
- ұйымның қаржылық жағдайының жетілуі немесе нашарлауының тенденцияларын анықтау және зерттеу үшін өткен жылдардағы ұқсас мәліметтермен.
Әр түрлі авторлар қаржылық жағдайды талдаудың әр түрлі әдістерін ұсынады. Талдау әдісінің рәсімдік жағын егжей-тегжейлеп талдау қойылған мақсаттарға және ақпараттық, уақыттық, әдістемелік және техникалық жасақтамаға тәуелді. Аналитикалық жұмыс логикасы оның екімодульдік құрылым түрінде ұйымдастырылуын көздейді:
• қаржылық жағдайдың экспресс-талдауы;
• қаржылық жағдайдың егжей-тегжейлі талдауы.
Экспресс-талдауды мақсатты түрде үш кезеңде орындайды: дайындық кезеңі, қаржылық есептілікті алдын-ала шолу, есептілікті экономикалық оқылым және талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есептілік талдауының мақсаттылығы туралы шешім қабылдау және оның оқылымға дайын екеніне көз жеткізу. Бұл жерде формальдық белгілер бойынша және мәні бойынша есептілікті визуалды және қарапайым есептік тексерулер жүргізіледі: барлық қажетті формалар мен қосымшалардың, реквизиттар мен қордардың бар-жоғы анықталады; барлық есеп формаларының дұрыстығы мен анықтылығы тексеріледі; баланс валютасы және барлық аралық қорытындылар тексеріледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа түсіндірме жазбамен танысу. Бұл есеп кезеңіндегі жұмыс шарттарын бағалау үшін, қызметтің негізгі көрсеткіштерінің тенденциясын, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайында сапалық өзгерістерді бағалау үшін қажет.
Үшінші кезең – экспресс-талдаудағы негізгісі; оның мақсаты – ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижелерінің және қаржылық жағдайының жалпы бағасы. Мұндай талдау қолданушылардың мүдделеріне қарай әр түрлі егжей-тегжейлі түсіндірмелердің әр түрлі дәрежесінде өткізіледі. Ұйымның қаржылық жағдайын талдауының нәтижесі мен сапасы көбінесе ақпараттық базаның қолжетімділігі мен сапасымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет