Джаншанло Р. Е


Ұйымныың күйреуі (банкроттықты) мен құнын бағалауды талдау



бет18/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
treatise101973

2.5.Ұйымныың күйреуі (банкроттықты) мен құнын бағалауды талдау


Банкроттық деп ұйымның бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді міндеттемелердің активтерге қарағанда артуына, баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты қамтамасыз ете алмауын қоса алғанда, өнім (жұмыс, қызмет) үшін төлем бойынша кредиторлардың талабын қанағаттандыра алмауы түсіндіріледі.
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкер мүлігінің өтімділігінің жеткіліксіз деңгейіне байланысты кредиторлар алдында міндеттемелерін уақытында өз мүлкі есебінен өтей алмау жағдайындағы мүлкі мен міндеттемелерінің жай-күйі. Солай бола тұра, мүлік құны міндеттемелердің жалпы сомасына тең немесе одан артық болуы мүмкін.
Банкроттық – нарықтық экономиканың құрылымдық элементі. Онсыз нарықтық экономика бола алмайды, себебі өзінің экономикалық көрсеткіштері бойынша оның талаптарына сәйкес келетін шаруашылық жүргізуші субъектілерді іріктеу бойынша нарықтың табиғи заңдылығын іске асыратын бірден-бір формасы болып табылады.
Банкроттық нарықтық экономиканың динамикасы мен өсу сипатының кезеңдігіне негізделген басқа да маңызды заңдылығының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бүгінде нарық талаптарына жауап беретін ертең тұтынушы сұранысына ие болмайды, өйткені, нарықтық конъюктура түбегейлі өзгереді. Бірақ экономиканың өрлеу кезеңінде болуыбір жағдай, ал дағдарысты бастан кешіп жатуы мүлдем басқа жағдай екені мәлім. Дағдарыстың негізгі себебі – жиынтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, бұл өз кезегінде өндіріс көлемі мен құрылымы және төлемге қбілетті сұраныс арасындағы үлкен сәйкессіздіктің нәтижесі болып табылады. Банкроттық – қаржылық дәрменсіз ұйымдарды жоюдың ауырсынды жолы.
Ұйым банкроттығының бірнеше түрлері бар. Заң және қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс табуда:
1. Нақты банкроттылық. Бұл банкроттық түрі ұйымның болашақ кезеңде қолданылатын капиталдың үлкен жоғалтулары себебінен өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіздігін сипаттайды. Капитал жоғалтуларының шекті деңгейі әсерінен ұйым тиімді шаруашылық қызмет жүргізе алмайды, нәтижесінде заңды түрде банкрот деп жарияланады.
2. Техникалық банкроттылық. Бұл термин ұйымның дебиторлық берешегінің төлеу мерзімі өтіп кетуі себебінен оның төлем қабілетсіздігін сипаттайды. Ұйымның дебиторлық берешек мөлшері кредиторлық берешек көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен айтарлықтай асып түседі.
Ұйымның дағдарысқа қарсы тиімді басқаруы мен сауықтыру техникалық банкроттылықты заңды банкроттылыққа дейін жеткізбейді.
3. Қылмыстық банкроттылық. Бұл меншікті жосықсыз иеленіп алу құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында кез келген мемлекетте банкроттылық экономиканы қайта құрылымдаудың табиғи үрдісі құралының бірі болып табылады.
Қылмыстық банкроттылық бірнеше белгісіздердің феномені болып табылады, оларды анықтау мен жауапкершілікке тарту үшін негіздеу қажет. Кез келген кәсіпкерлік қызмет субъектісінің шаруашылық қызметі көп жоспарлы болып келеді, несие алу мен беру және мәмілелерді жасау әрдайым тиімді және табысты операциялар бола бермейді. Себебі бизнесті тиімді жүргізудің нақты белгіленген жолдары жоқ, яғни кәсіпкерлік қызметтің міндетті шеңберін заңнамалық түрде белгіленбейді. Осыған байланысты ірі залал әкелетін банкроттылық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің сол немесе өзге іс-әрекеттерінің қасақана жасалғанын кейде анықтау қиын. Сонымен қатар, банкроттылық саласында кәсіпкерлердің әрекеттері мен мүліктік залалда көрініс табатын әрекеттерінің нәтижесі арасында себепті байланыс болғанда ғана олардың әрекеттері қылмыстық деп таныладыы.
Банкроттылықтың басқа да жіктемелері белгілі. Мысалы, банкроттылықтың туындау себептеріне байланысты түрлері.
Банкроттылықтың бірінші түріұйымды басқарудың, маркетингтік стратегия немесе қолда бар ресурстардың қолданылуының тиімсіздігімен байланысты бизнес банкроттылығы. Екінші түрі – негізгі қорлар мен еңбек ресурстарының қалыпты көлемі, маркетингтік саясат, өнім сұранысы бар кеңейтілген, ал кейде қарапайым өндіріске қажетті инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігінен туындайтын банкроттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет