Джаншанло Р. Е



бет13/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Ағымдағы өтімділік,ұйымның алдағы қарастырылып отырған кезеңдеі төлемқабілеттілік (+) немесе төлемқабілетсіздікті (-) көрсетеді:

АӨ = (А1 + А2) - (П1 + П2);

  1. Болашақтағы өтімділік – болашақ түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлемқабілеттілікке болжам жасайды:

БӨ= А3 - П3.
Баланс өтімділігін талдау мен оның нәтижелерін дайындауда келесі кесте 5 құрылады.

Кесте 5– Баланс активтері мен пассивтерінің өтімділігі


(мың теңге)

Актив

Жыл басына

Жыл соңына

Пассив

Жыл басына

Жыл соңына

Қалдық
(кемшілік)

жыл басына

жыл соңына

Ерекше өтімді активтер (А1)

-

10

Неғұрлым жылдам пассивтер (П1)

158

2409

-158

-2399

Жылдам өтетін активтер (А2)

25

2264

Қысқамерзімдіпассивтер (П2)

93

1803

-68

+461

Жай өтетін активтер (А3)

555

3140

Ұзақ мерзімді пассивтер (П3)

-

-

+555

+3140

Ауыр өтетін активтер (А4)

104

95

Тұрақты пассивтер (П4)

433

1297

-329

-1202

Баланс

684

5509

Баланс

684

5509

-

-

Жоғарыда көрсетілген сызба баланс өтімділігін талдау жуықталған болып табылады. Тереңдетілген талдау барысында абсолютті көрсеткіштермен қатар өтімділік коэффициенттері– аналитикалық көрсеткіштер реті есептеледі.


Қысқа мерзімді активтерді үш топқа бөлу, ұйымның жалпыланған өтімділік коэффициенттерін есептеуде қолануға болатын, өтімділіктің үш негізгі коэффициенттерін құруға көмектеседі.

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жабу)=Қысқа мерзімді активтер/Қысқа мерзімді міндеттемелер

Ағымдағы өтімділік коэффициенті бір теңге қысқа мерзімді міндеттемеге қанша теңге қысқа мерзімді актвитерден келетіндігін көрсете отырып, ұйымның жалпы өтімділігіне баға береді. Коэффициенттің ұсынылған мәні – 2,0 – 2,5.

  1. Жылдам өтімділік коэффициенті =(Қысқа мерзімді активтер – Қорлар) / Қысқа мерзімді міндеттемелер.

Жылдам өтімділік коэффициенті қорларды сату мүмкіндігі болмаған, дағдарыстық жағдайда ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Көрсеткіштің жуық мәні – 0,8-1,0.

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті = Ақша қаражаттары және оның баламалары / Қысқа мерзімді міндеттемелер.

Абсолютті өтімділік коэффициенті өтімділіктің қатаң өлшемі болып табылады, ол қысқа мерзімді берешектердің қай бөлігі қажет болған жағдайда қолда бар ақша қаражаттарының негізінде дереу өтелетіндігін көрсетеді. Көрсеткіштің жеткілікті деңгейі болып, 0,2-0,7 тең мәндері.
Есептелген өтімділік көрсеткіштерінің мәні кесте 6 көрініс көреді.

Кесте 6– Баланс өтімділігінің коэффциенті



Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл соңына

Ұсынылған мәндері

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,31

1,28

2,0 - 2,5

Жылдам өтімділік коэффициенті

0,13

1,06

0,8 - 1,0

Абсолютті өтімділік коэффициенті

-

0,08

0,2 - 0,7

Бұл үш көрсеткіш ұйымның қаржылық жағдайынатек қана жан-жақты мінездеме беріп қоймай, әртүрлі сыртқы қолданушылардың аналитикалық ақпараттарының қызығушылығына жауап береді. Мысалы, шикізаттар мен материалдарды жеткізушілерді абсолютті өтімділік коэффициенті қызықтырады. Ұйымды кредиттейтін банктер, жылдам өтімділік коэффициентіне басты назар аударады. Ұйымның акциялары мен облигацияларын ұстаушылар көп жағдайда ұйымның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициентімен бағалайды.
Қарастырылған коэффициентер мен модельдермен, өтімділік пен төлемқабілеттіліктікті бағалаудың әртүрлілігі жоққа шығарылмайды; осы және өзге көрсеткіштердің арасында басымдылықты орналастыру мүмкіндігінің болуы шамалы. Бұдан басқа, нақты ұйымға талдау жүргізуде, мүмкіндігінше оның – салалық, аймақтық, елдік және т.б.ерекшеліктерін ескеру жөн.
Төлемқабілеттілік дереу өтелуді талап ететін, кредиторлық қарыздармен есеп айырысуға қажетті ұйымның ақша қаражаттарының болуын көрсетеді. Төлемқабілеттіліктің басты көрсеткіштері болып табылады: а) есеп айырысу шотында жеткілікті көлемде қаражаттардың болуы; б) уақыты өткен кредиторлық берешектің болмауы.
Өтімділік төлемқабілеттілікке қарағанда серпінділігі бәсеңдеу. Себебі, кенеттен болатын өзгерістері сирек болатын, ұйымның өндірістік қызметін тұрақтандыруда ұйымда бірте – бірте белгілі бір активтер мен қаражат көздері жиналады. Сол үшін, өтімділік коэффициенттері де алдын ала жорамалданатын шекте түрленеді.
Қарсы жорамал, қаржылық жағдай төлемқабілеттілікке қарағанда күннен күнге өзгермелі болуы мүмкін: кеше ғана ұйым төлемқабілетті болса, алайда бүгінгі жағдайы күрт өзгеріп кезекті кредитормен есеп айырысу уақыты келіп жетті делік, ал ұйым шотында ақша қаражаттары жоқ, өйткені алда жеткізілген өнім үшін уақытылы төлемдері түспеді. Басқа сөзбен айтқанда, өздерінің дебиторларының қаржылық бассыздығының арқасында төлемқабілеттілігінен айырылды.
Бұған қарамастан, өтімділік пен төлемқабілеттілік экономикалық категория ретінде тепе – тең емес, бірақ тәжірибеде олар өзара тығыз байланысты. Алғашқы түсінік құндырақ. Өтімділік дәрежесінен төлемқабілеттілік байланысты. Сол уақытта өтімділік тек ағымдағы есеп айырысуларды сипаттап қоймай, болашағын да көрсетеді.
Төлемқабілеттілік қысқа мерзімді активтердің өтімділігіне сүейне отырып, баланс мәліметтері бойынша есептеледі, яғни қолма – қол ақшаға айналу уақытымен. Осылайша,төлемқабілеттілік қысқа мерзімді активтердің өтімділік деңгейімен сипатталады, ол ең бірінші ұйымның қарыздарды өтеу мерзімі бойынша өзінің міндеттемелерін толықтай жаба алу мүмкіндігін көрсетеді.
Ұйымның төлемқабілеттігін талдауда қалыпты жағдайда келесі коэффициенттер есептеледі:

  1. Ағымдағы төлемқабілеттілік коэффициенті = Қысқа мерзімді активтер/ Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар.

Бұл коэффициент ұйымның қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары қаншалықты оның қысқа мерзімді активтерімен жабылатындығын көрсетеді.
Ағымдағы төлемқабілеттілік көрсеткішінің ең төменгі мәні 2.

  1. Жылдам төлемқабілеттілік коэффициенті = ( Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар+ Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар+ Ақша қаражаттары мен оның баламалары) / Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар.

Жылдам төлемқабілеттіліктің төменгі мәні шамамен – 1-ге тең.

  1. Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті = Ақша қаражаттары мен оның баламалары / Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар.

Бұл коэффициент өтімділіктің қатаң өлшемі болып табылады, ол қысқа мерзімді кредиторлық берешектердің қай бөлігі қажет болған жағдайда қолда бар ақша қаражаттарының негізінде дереу өтелетіндігін көрсетеді. Коэффициенттің толық төлемқабілеттілік жағдайындағы ең төменгі мәні – 0,25-кетең.

  1. Жалпы төлемқабілеттілік коэффициенті = Баланс валютасы / (Қысқа мерзімді міндеттемелер + Ұзақ мерзімді міндеттемелер).

Бұл көрсеткіш ұйымның қарыздарын өтей алудың нақты мүмкіндіктерін көрсетеді. Аталған көрсеткіш қызмет көрсету кезінде: капиталды өтеу, инвестицияларды қорларға, дивиденттерді төлеу және т.б.шығындарын жабу үшін ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алған ақша қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды.
Жалпы төлемқабілеттілік жоғары коэффициенті сырттан қосымша қаражаттарды тарту үшін қолайлы мүмкіндіктерінде минималды қаржылық тәуекелділікті көрсетеді.Коэффициент деңгейінің төмендеуі ұйымның ( оның әскерлік белсенділігінің) кеңейгендігі немесе қысқарғандығын сипаттайды. Жалпы төлемқабілеттілік коэффициентінің қалыпты шегі - ≥2.
Алғашқы үш коэффициенті есептеу кезінде логикалық келіспеушілік туындайды, не активтер белгілі кезеңге көрсеткен, ал қарыздар, сол уақытқа есептелсе де белгілі уақытта өтелуі тиіс. Соған сәйкес қарыздар болған жағдайда қорқудың қажеті жоқ. Барлығы оны қай кезде төлеуіне байланысты. Мысалы, ұйымның қарыздарының көп бөлігі есепті мерзімнен кейін алты айдан аса өтелуге жараса, онда төлемқабілеттілік естен тандырарлық болып көрінбейді, себебі төлемқабілеттілік коэффициентінің көрсеткіші есеп айырысу уақытында шамалы азаяды.
Кешенді талдау динамикасы мен сәйкестігін ұсынылған мәндер бойынша төлемқабілеттілік коэффициентін кесте 7 көрсетуге болады.

Кесте 7– Төлемқабілеттілік коэффициенті



Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл соңына

Ұсынылған мәндер

Ағымдағы төлемқабілеттілік коэффициенті

6,24

3,00

≥2

Жылдам төлемқабілеттілік коэффициенті

0,27

0,06

≥1

Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті

-

0,005

≥0,25

Жалпы төлемқабілеттілік коэффициенті

2,72

1,31

≥2

Ұйымның төлемқабілеттігінің динамикасы мен деңгейі жайлы дұрыс ақпарат алу үшін келесі факторларды есепке алу керек:



  • Ұйым қызметінің сипаты. Мысалы, өндірістік және құрылыс ұйымдарында қорлардың салыстырмалы салмағы жоғары және ақша қаражаттарының салыстырмалы салмағы төмен болады; ал бөлшек сауда ұйымдарында ақша қаражаттарының үлесі жоғары болады, алайда алып-сатуға және т.б. тауарларкөлемі де едәуір;

  • Дебиторлармен есеп айырысу жағдайлары. Тауарларды сатып алғаннан кейін қысқа уақыт арасында дебиторлық берешектердің келіп түсуі сатып алушылардың қарыздарының қысқа мерзімді активтерінің құрамында шамалы үлесіне алып келеді, және керісінше;

  • Қорлар жағдайы. Ұйымда үздіксіз қызметіне қажетті көлемімен салыстырғанда қорлардың артықшылы мен жетіспеушілігі болуы мүмкін;

  • Дебиторлық берешектердің жағдайы: Уақыты өткен немесе ұмітсіз қарыздараның болу, болмауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет