Джуанышова Элмира Қуанышовна
орта мектеп
физика пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
Сын тұрғысынан ойлау
(коучинг)
Ортақ мақсат
|
Коуч сессия қатысушыларына «сын тұрғысынан ойлау» туралы ойлана отырып, технологияның әдістерімен танысып, тәжірибеде қолдана білуге бағыттау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Коуч сессия қатысушылары сын тұрғысынан ойлау технологиясының әртүрлі әдістерімен оқыту үдерістерінде әртүрлі технологияларды мақсатты қолдануды біледі.
|
Түйінді идеялар
|
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
|
Материалдар және ресурстар
|
компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, түрлі-түсті үйлестірме суреттер мен сөздер.
|
Коучинг бөлімдері
|
Мұғалім және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері
|
Уақыты
|
Сәлемдесу
|
Коуч тақырып және оның мақсатымен таныстырады.
|
1 минут
|
Сергіту сәті
|
Коучинг сессия қатысушыларғаеңалдыменпсихологиялық жағымдыахуалқалыптастырып, сабақты бастарда:
Сәлеметсіздер, ме ?
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыздар ма?
Жаңалыққа дайынсыздар ма?
|
2 минут
|
Шағын топқа бөлу
|
3топқа бөлу. Мұғалімдер ретімен санайды. Санау реті: қазақша, орысша, ағылшынша. 1-топ – қазақша санағандар, 2-топ – орысша санағандар, 3-топ – ағылшынша санағандар болып отырады.
|
3 минут
|
Жаттығулар
|
Коучинг қатысушыларына «Көліктер» атты тапсырмалар беріледі.
|
8 минут
|
Түйінді идеялар
|
Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз? Көліктерді топтастыру барысында қандай қабілетті пайдаландыңыздар?
|
3 минут
|
Презентациялар таныстырылымы
|
1. Ұтымдық;
2. Сыңар жақтылықтың болмауы;
3. Пайым;
4. Тәртіп;
5. Өзіндік сана-сезім;
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
«Сын тұрғысынан ойлау» мәтінімен жұмыс
|
3 минут
|
Топпен жұмыс
|
Мәтін бойынша «Бірге ойланайық» постер жасау
|
15 минут
|
Рефлексия
|
«Смайлик» коучинг қатысушылары өзін-өзі бағалайды
|
2 минут
|
Қорытындылау
|
Коучинг сессия қатысушыларға сабақ соңында кері байланыс сұрақтары:
1. Сіздің СТО туралы түсінігіңіз қалыптасты ма?
2. Осыған дәлел келтіріңіз.
3. СТО сіздің пәніңіз үшін не береді?
арқылы өздерінің сабақта қаншалықты меңгергендерін көрсетеді.
|
5 мин
|
Келешекке тапсырма
|
Осы коучингтен үйренгендерін сабақта пайдаланады.
|
|
Коучингтің рефлексиясы
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Коучинг барысында мен іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілін енгізу арқылы мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлатуды көздей отырып, «сын тұрғысынан ойлау» туралы мәліметтерді өздігінен ізденіп қорытуды жоспарладым.
Коучинг сабағына арналған оқыту мақсатын:қатысушыларға «сын тұрғысынан ойлау» туралы ойлана отырып, технологияның әдістерімен танысып, тәжірибеде қолдана білуге бағыттау деп алдым. Коучинг барысында коучингке қатысушы мұғалімдер 3 топ болып бөлінді. Бірінші тапсырмада топтар сыни ойлауға байланысты «Көліктер» тақырыбында түрлерін топтастырды. Көлік түрлерін үш топ мұғалімдері үш түрлі топтастырып, өз пікірлерін білдірді. Кейін топтар «Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз? Көліктерді топтастыру барысында қандай қабілеттерді пайдаландыңыздар?» сұрақтарына, топ ішінде талқылай отырып, жауап берді. Қорыта келгенде қатысушылар осы тапсырманы орындау барысында ұтымдық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім және т.б. қабілеттері жүзеге асқаны туралы айтты.
Келесі кезекте «Бірге ойланайық» әдісі бойынша қатысушы мұғалімдерге, СТО модулі туралы ресурстар мәтін түрінде тарата отырып, топтарға түсінгені туралы, дәстүрлі оқыту мен жаңаша әдіс-тәсілдер енгізілген сабақтың айырмашылығын айтуды,өз сабақтарында қалай қолдануға болатыны туралы постер қорғады.
Коучинг кезінде қатысушы мұғалімдер өз ойларын ашық жеткізуге, білімдерін толықтыруға, жан-жақты ойлануға, тақырыпты ашуға, дұрыс шешім қабылдауға тырысты. Сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы әріптестер топпен жұмыс жасай отырып, ашық пікір білдірді. Коучинг сабағымның жақсы өткен тұстарына мұғалімдердің дәстүрлі сабақтағы және жаңаша әдіс-тәсілдер енгізілген сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне баға беруі еді.Дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімді тыңдап, мұғалім басшылығына сүйенеді, келіседі, қайталайды, ал жаңаша оқытуда оқушы мақсатқа өз іс-әрекеті арқылы жетеді. Өзін-өзі, бірін-бірі оқытады, өзі ізденіп, табысқа жетеді,өзгенің көмегін қажетсінбейді десе, ал дәстүрлі оқытуда мұғалім жалпыға бағытталған тапсырмалар ұсынады және орындалуын талап етеді, тексереді,бақылайды, бағалайды, қорытады, ал жаңаша оқытуда мұғалім жеке тұлғаға бағытталған тапсырмаларды ұсынады, оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушыны жетектейді, құптап отырады, ынталандырады, мақсатқа жетелейді. Сын тұрғысынан ойлаудың ұтымдылығы сол, ол оқушыны шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді. Білім мен тәрбие беру ұштастырыла жүргізіледі. Бұл әдіс туралы коучингке қатысушылар өз ойларын сызбаға түсіріп те көрсетті, сол себепті де сабақ қызықты болды. Онда олар дәстүрлі сабақты кәдімгі май шаммен салыстырса, ал бүгінгі сабақты күн энергиясынан нәр алып тұрған жасыл баққа теңеді.
«Блоб ағашы» стратегиясына сүйене отырып коучинг қатысушылары өзін-өзі бағалады.
Осыдан кейін мен әріптестерімнің сыни ойлана алатындықтарын байқадым. Осылайша олар әр пәннің өз ерекшелігіне сай сабақтарында осы модульдің ең тиімді түрлерін таңдап, оны іс-тәжірибеде қолдана алатындықтарын көрсетті.
Коучинг сабақ соңында мұғалімдерге кері байланыс тараттым.Онда мынадай сұрақтар қойдым:
1. Сіздің СТО туралы түсінігіңіз қалыптасты ма?
2. Осыған дәлел келтіріңіз.
3. СТО сіздің пәніңіз үшін не береді?
Химия және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері бұл әдістің тиімділігін айтса, бастауыш мұғалімі бұл оймен аздап келіспейтінін айтты. Жоғарыдағы 3 мұғалім коучинг сабақтың соңында бір пікірге келіп, мынадай ой түйді:
- өздерінің де оқушылар сияқты ойлаудың жоғарғы сатысы-сыни ойлап, осы әдіс бойынша білімінің өскенін; Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Яғни өздерінің сыни ойлай алатындықтарын байқатты.
- өз жұмысына талдау жасап, жоғары деңгейге ұмтылыс пайда болғанын;
- білімдерін кеңейтуге осы әдістің көмегі тигенін.
Ал өзім: «Егер білімді ойландырарлық, ізденерлік, дамытушылық сипатта берсең, оқуда болсын,тәжірибеде болсын жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады» деп түйдім.
Достарыңызбен бөлісу: |