Джуманбаева жаныл калменовна



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата27.04.2020
өлшемі0,9 Mb.
#64873
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
ДЖУМАНБАЕВА ЖАНЫЛ КАЛМЕНОВНА

«Тазару» жаттығуы 

Терең  дем  алып,  демді  барынша  қайта  шығарыңыз.  Денеңізді  босатыңыз. 

Ӛзіңізге былай деңіз: Мен ӛмір сҥруіме кедергі келтіретін барлық ӛкпе, реніштен 

тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, 

ӛкпелерден  қҧтылғым  келеді.  Мен  жанға  рахат  жайбырақаттылықты  сезінемін. 

Мен  ӛз  қалпымдамын.  Ӛз  ӛмірімнің  ағынымен  барамын  Бірақ  ӛкпені  ҧмыттым, 

кештім. 

 

Қарым-қатынасты дамытуға   арналған   жаттығулар 

―Бет-әлпетті еске сақтау‖ Ӛзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға 

дағдылан.  Қарап  ал  да,  кӛзіңді  жҧм,  кӛргеніңді  тҥгелдей  еске  тҥсір.  Толық  еске 

тҥсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала. 

―Ол  қалай  кҥледі?‖  Бет  жҥзіне  қарап,  адамның  қалайша  кҥлетінін, 

жылайтынын  кӛз  алдыңа  елестет.  Ӛзінің  жақсы  кӛргенін,  сҥйіспеншілігін, 

махабатын  қалай  білдіреді?  Абыржып, сасқан  кезде  қандай?  Ол  қулана  ма,  әлде 

сытылып, қҧтылып шыға ма? Қалай дӛрекілік кӛрсетеді? Ҧрсыса ма? Ӛкпелегенде 

қандай? Ол бҧрын қалай кӛрінетін еді? Кейін қандай болады? 

―Мен басқалардың кӛзімен‖ Әр тҥрлі жағдаяттарда және әр тҥрлі адамдармен 

ӛзіңнің  әңгімелесушінің  кӛзімен  қарағанда  қалай  кӛрінетініңді  елестуге  тырыс. 

Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды? 

―Ӛзіңді  бағалау‖  Неғҧрлым  бағалаушы  болудан  гӛрі,  бағаланушы  болған 

жӛн. Айналаңдағылар сенен не кҥтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік 

жіберсе,  сол  қателікке  емес,  оған  ӛзіңнің  реакцияңды  қалай  болатынына  назар 

аудар. 


 

―Кӛңіл-кҥйге  ортақтасу‖  Жеке  тақырыпта  әңгімелесе  отырып,  ӛзіңмен 

әңгімелесушіні ҧқыпты тыңдауға  тырыс. Егер ол саған кӛңіл сырын сеніп ашса, 

ӛзіңдікін  айтып  жарыспа,  бӛліп  тастама,  кӛңіл-кҥйіне  ортақтас,  ӛзіңді  оның 

орыныа қойып кӛр. 

―Қоштау‖  Балаларға  кӛз  салып  қара,  олардың  іс-әрекеттерін  бақыла,  оны 

қоштау мҥмкіндіктерін жіберме. 

―Кҥлкі‖ Бет-жҥзіңде әрдайм кҥлкінің табы тҧруын, жылы кейіпті, мейірімді 

жҥзді,  ақжарқын  қалрыңды  сақтауға  ҥйрен.  Кҥлкің  келмесе  де,  оған  әруақытта 

дайын бол. Әрдайым ішкі дҥниең кҥліп тҧрғаны жӛн. 

―Саған  аманшылық  тілеймін‖  Кез-келген  адаммен  кездескен  кезде  алғашқы 

сӛзің  (ішкі  тілегің)  ―Саған  аманшылық  тілеймін‖  болуы  керек.  Мҧны  оған  бар 

жан-жҥрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға тҥсіп, ҧрсысып қалатын 



 

36 


болсаң,  ―Саған  аманшылық  тілеймін‖  дегенді  дереу  есіңе  тҥсіріп,  қайталайтын 

бол. 


―Жаңа тҥрге ену‖ Ӛзіңді басқа адамның орнында сезініп кӛр. Сен – ол екенін 

кӛз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп 

байқа. Оның жҥріс-тҧрысын, мимикасын,  қозғалыстарын салып кӛр. Жаңа тҥрге 

тҥс, оның сезімдері мен ойларымен астасып ӛмір сҥруге тырыс. 

―Нажағай  қаупі  жоқ‖  Ӛзіңнің  жағымсыз  эмоцияңды  тежеуге  тырыс.  Саған 

оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. 

Ҧрысысып-керіспеуді,  кҥңкілдеп-жыламауды  ҥйрен.  Бір  апта  бойы  барлығын 

кешіруге,  бәрін  тҥсінуге,  ешкімді  сынамауға,  ескерту  айтпауға,  кінәламауға 

тырыс. Мҥмкін одан да ҧзағырақ осылай істерсің? 

―Мен – ғажаппын!‖ Әр адам ӛзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты 

лайықты  болады.  Тҧлға  ретінде  қалыптасуың  ҥшін  ӛзіңді,  ӛмірлік  іс-әрекетіңді 

лайықты  бағалай  білуің  керек.  Ӛзіңе  арнап  неғҧрлым  жақсы,  жағымды,  жылы 

сӛздерді кӛбірек айту керек. Ӛзіңді-ӛзің дҧрыс бағалағаның жӛн. 

Әр адамның ӛзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сӛздері 

болуы тиіс. 

Мысалы: 


Мен осы ӛмірге келуіммен кереметпін. 

Мен сияқты бҧл ӛмірде ешкім де болған емес, болмайды да. 



Мен ғажаппын, мен кереметпін. 

Менің кҥш-жігерім кӛп, денсаулығым мықты. 



Мен ӛмірді сҥйемін, ӛмір мені аялайды. 

Мен тамаша жанмын. 



Мен мейірімді, жылы жҥректі адаммын. 

Мен сабырлымын, салмақтымын. 



Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды. 

Мен әділетті, адал жанмын. 



Мен айналама бақыт шуағын шашамын. 

Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. 



Менің қолымнан бәрі келеді. 

Мені тек жақсы адамдар қоршаған. 



Мен ҥшін ӛмірдің қызығы мол. 

Мен бәріне ризамын. 



Мен бақытты адаммын. 

 

 

 



 

 

 



 


 

37 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет