Дневник практики



бет5/8
Дата26.10.2022
өлшемі5,27 Mb.
#155031
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
дневник Жумагулова Айжан

5- күн
Тақырыбы:Жұмсақ дəрілік қалыптар өндірісімен танысу


Жұмсақ дəрілік түрлерге: жағылмалар, кремдер, пасталар, суппозиторийлер мен жапсырмалар жатады.
Жағылма - сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр жұмсақ дəрілік түр. Жағылмаларды дəрілік зат (əсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тəрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) жəне синтетикалық заттар пайдаланылады. Əрине жағылмалар мөлшерге бөлінбеген дəрілік түр.
Пасталар - құрамында 25%-65% ұнтақ тəрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою жəне тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тəрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады. Пасталар мөлшерге бөлінбеген дəрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады.
Балауыздар (Суппозиторийлер) - бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дəрілік түр.
Жапсырмалар (пластыр - теріге тартатын жабысқақ таңғыш) - дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты жəне сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар. Медициналық







тəжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады.

11.10.2022



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет