Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі


Бұл терминді алғаш рет қолданған грек математигі Пифагор болды



бет2/13
Дата29.12.2021
өлшемі34,94 Kb.
#106293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дәріс контенты (1)

Бұл терминді алғаш рет қолданған грек математигі Пифагор болды. Пифагор бойынша философияның негізгі мақсаты ақиқатты іздеуде.
Философия бірдей уақытта, яғни, б.з.д.2-3 мыңжылдықта әлемнің 3 географиялық аймағында: Ежелгі Грецияда, ежелгі Қытайда, ежелгі Үндістанда пайда болды.
Философия – даналыққа құштарлық деген анықтама философияның толық мәнін ашып тұрған жоқ, себебі философияның мәнін толық түсіну үшін даналыққа құштар болу жеткіліксіз. Тіпті даналық дегеніміз не? деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді, яғни философияның өзегі болып тұрған даналықтың өзі таза абстрактылы ұғым. Мысалы: Пифагор философияның негізгі мақсаты –дүниенің ақиқатын іздеп табуда десе, грек философы Платон философияның мақсатын мәңгілік және абсолютті ақиқатты тануда деп түсінді. Ал осы ақиқатты тану қабілетті адамдарға туылғанда бірге беріледі. Сондықтан да, «адам философ болып қалыптаспайды, керісінше, философ болып туылады» - деп тұжырымдады. Себебі даналықты түсіну, даналықпен айналысу, оған шыдамдық таныту, өз басының кунделікті проблемаларының шеңберінен шығып, бүкіл адамзаттың мәселелерімен айналысу кез – келген адамның қолынан келе бермейді. Ал Аристотель бойынша философияның негізгі мақсаты бүкіл әлемнің мәнін түсіну, ол үшін алдымен болмыстың түпкі мәні мен алғашқы себептерін табу керек.

Көріп отырғанымыздай, философияның айналысатын мәселелері және осы мәселелерді шешу тәсілдері өте күрделі. Дүниелік маңызы бар мәселелермен айналыса отырып, философия адамдарды болашақтағы қорқыныштар мен уайымдардан босатып, осы өмірде бақытқа, жан дүние тыныштығына жетуге көмектеседі. Ол адамды өмірдегі қиыншылықтардан, қорықпауға, қайғыны көтере білуге, өзінің және басқалардың өміріне жауапкершілікпен қарауға, өлім алдындағы қорқыныштан арылуға, бақытын бағалауға рухани тұрғыда үйретеді.



Жалпы айтқанда философия адам үшін маңызды дүниетанымдық мәселелерді ақыл-ой, сана арқылы зерттеп адамзатқа осы дүниені терең танып-білуіне жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет