Дүниежүзі тарихы пәнінен 7-сыныптар үшін



бет1/2
Дата13.09.2023
өлшемі482,59 Kb.
#180941
  1   2
Байланысты:
!ОШ доп СО Всемирная История 7кл каз



НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ


ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН
7-СЫНЫПТАР ҮШІН
ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


(жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушылар үшін)
МАЗМҰНЫ

1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4
5. Модерация және балл қою 4
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу 6
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері 8
Балл қою кестесі 10


Кіріспе

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес үш немесе одан да көп пәндерден жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.


Бір немесе екі пәннен аралық аттестаттауда «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін оқу жылына жиынтық бағалау ұйымдастырылады. Ол мектеп құрастырған кестеге сәйкес оқу жылы аяқталған соң өткізіледі.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қосымша жиынтық бағалауды қайта тапсырады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған жиынтық бағалау мен қосымша жиынтық бағалау осы спецификацияға сәйкес өткізіледі.
Білім алушы қосымша жиынтық бағалаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта оқу жылына қалдырылады.

1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты


Оқу жылына арналған жиынтық бағалау пән бойынша оқушылардың күтілетін нәтижеге жеткенін көрсете алуына қосымша мүмкіндік беру және оқуды жалғастыру үшін қанағаттанарлық баға алу мақсатында өткізіледі.


2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар




Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер

Білу:


- дүниежүзі тарихы кезеңдерін;
- әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
- тарихи даму барысында қалыптасқан әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
- тарих ғылымының базалық ұғымдарын;
- тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну:
- орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
- әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
- заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
- әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану:
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: әлем елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде.
Талдау:
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
- тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
- проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
- түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау:
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды.
Бағалау:
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
- әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Жиынтық бағалау барлық еске түсіруге мүмкіндік беретін көрнекі құралдары: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталары жабылған оқу кабинетінде өткізіледі.


Жиынтық бағалау басталар алдында оқушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Оқушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Оқушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.
Оқушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде оқушыларда көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.
Жауаптар ұқыпты жазылғаны дұрыс. Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң оқушылар дер кезінде жұмысын тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюы қажет. Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң оқушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтініңіз.

5. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет