Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерін шешу жолындағы жұмысын үйлестіру .
Білім беру мен әлеуметтік қорғау жүйесі құрылымдарының жұмысын үйлестіру, мүмкіншілігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балалар үшін бейімдетілген білім беру ортасын қалыптастыру.
Бағдарламаны қоғамдық қолдау жүйесін жасау, БАҚ , қоғамдық және кәсіптік мекемелер көмегімен оның нәтижелерін бағалау.
Әр адамның өзінің және айналасындағылардың денсаулығын қорғау жолындағы жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасында, оқушылар мен мектеп қызметкерлері және ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынастардың болуына ат салысу.
Денсаулықты нығайту шараларын қолдау үшін қолданыстағы ресурстарды пайдалану және жаңаларын жұмылдыру.