Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық


Мақсаттық топтар: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар



бет8/30
Дата06.02.2022
өлшемі294,5 Kb.
#76609
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
1.3 Мақсаттық топтар: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар.
1.4. Денсаулықты нығайту мектептерінің принциптері:


  • Денсаулық мәселелерін сабақтастыра шешу жолдары.

  • Мектептегі денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыруға оқушылардың, мектеп қызметкерлері мен ата-аналардың - қатысуы.

  • Мектептің сапалылығы. Мектептер сабақ беру мен оқыту процесін жақсарту, сонымен қатар денсаулықты сақтай отырып оқушылардың академиялық үлгерімін арттыру үшін жағдай жасайды.

  • Негізділік. Мектептер, ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, тиімді жолдар мен тәжірибелік жұмыстарға бағдарланады.

  • Мектеп және қоғам. Мектеп пен жергілікті қоғам арасындағы өзара тығыз ынтымақтастық.

Теңдік.
Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп бәріне білім беру саласындағы мүмкіндіктердің барлық спектрлеріне тең қолжеткізуіне және әр адамның бүкіл қабылеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін пайдаланып, олардың эмоционалдық, әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып білім беру процесінің теңдік принципін қамтамасыз етеді.
Заңды құқықтар мен нақты құзыреттерді қамтамасыз ету.
Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп оқушылардың қажетті шараларды қабылдап, өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттырады. Соның аясында олар өз мұғалімдерімен, ата-аналармен және мектеп контингентімен бірлескен жұмыстарды жүргізе отырып, алға қойылған мақсаттарға жету сезімін сезіндіретін нақты жағдайлар жасалады.
Мектеп ортасы.
Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп денсаулықты нығайту мен сақтаудың шешуші факторлары, денсаулықты тиімді тұрғыдан нығайтуға арналған маңызды қор ретінде мектеп ортасының физикалық, әлеуметтік аспектілеріне баса назар аударады. Бұл денсаулық қорғау пен қауіпсіздік шараларын әзірлеу мен мониторингтеуді, сонымен қатар тиісті басқару құрылымдарын енгізуді қажет етеді.
Бағдарламалар.
Мектептердің оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі және болашақтағы сұраныстарына сәйкес білім алып, өмір сырларын ұғыну, және де өмірлік маңызды дағдылар мен тәжірибелерді игеру мүмкіндіктерін береді, сондай-ақ оқушыларды өмірге шығармашылық тұрғыдан қарауға ынталандырады. Мектептердің оқу бағдарламалары мұғалімдер мен мектеп қауымы үшін шабыт көзіне айналуы, олардың жеке және кәсіби тұрғыдан дамуын ынталандыруы тиіс.
Оқытушыларды оқыту.
Оқытушыларды оқыту белгілі бір деңгейдегі денсаулық пен білім алуға салынатын инвестиция болып табылады.
Табыстылық деңгейін анықтау.
Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп мектеп пен тұрғындар деңгейінде жүргізілетін өз іс-қимылдарының тиімділігін бағалап, тәжірибелерін әрі қарай жұмыстар жүргізу үшін пайдаланады.
Болашақты инвестициялау.
Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің концепциялары мен тәжірибелерінің негізіне осы принциптер алынған. Олар мектептерде қолайлы орта қалыптастыру және кәсіптік мүмкіндіктер жасауға жаңа серпін беру арқылы болашақ ұрпақты оқыту, денсаулығын сақтау мен демократиялық дамыту ісіне үлес қосу негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет