Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық



бет5/30
Дата06.02.2022
өлшемі294,5 Kb.
#76609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
1 Т А Р А У
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
«Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасы

    1. Елімізде жоба таңдауын негіздеу.

Мектеп оқушылары халықтың ең көп әрі әлеуметтік тұрғыдан белсенді топтарының бірі болып табылады. Республикадағы жалпы білім беретін 7 590 мектепте 3 млн.-ға жуық оқушы оқып жатыр. Қалалық жерлерде барлық мектептердің 23%-і шоғырланған, оларда барлық мектеп оқушыларының жартысына жуығы оқып жатыр. Ауыл мектептерінің үлесіне 77%-і келеді, онда оқушылардың 51%-і білім алуда.
Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 100-ден аса ұлыстың балалары оқиды, олардың арасындағы қазақтардың үлесі – 71,1%, орыстар – 15,2%, ұйғыр – 1,6%, басқалары – 12,1%. Мемлекеттік тілде жалпы білім беретін бағдарламалар барған сайын кеңірек таралуда.
Қазақстан Республикасында білім алу нормативтік-құқықтық базалармен реттеледі: ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты, 12-жылдық орта білім Концепциясы, жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер және басқа да нормативтік құжаттар. Білім беру процесін ұйымдастыру кәсіби маман педагог кадрлары бар және стандарттарға сәйкес техникалық жабдықталған заманауи мектеп жағдайында денсаулықты сақтаушы технологиялар негізінде жүзеге асырылады.
Бірнеше жылдар қатарынан қауіпті мінез-құлық факторларының «жасаруы» және көбеюі, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдылары мен өз денсаулығына деген жауапкершіліктің болмауы есебінен мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы нашарлап бара жатқаны байқалады.
Сонымен қатар, оқушылардың қазіргі заманғы мектептерде болу жағдайы денсаулықты сақтауға, аурудың алдын алуға, және де сауықтыру шараларын қабылдауға ықпал етпейді.
Мектептердің 87,5%-інде медициналық кабинеттер бар, оларда білім жүйесіне бағынышты медбикелер жұмыс істейді, бұл аумақтық ЕПҰ тарапынан олардың кәсіби жұмысын бақылау мүмкіндігін шектейді. Және де, білім беру жүйесінде денсаулық сақтау жүйесіндегі дипломнан кейінгі білім беру ұйымдарындағы сияқты, олардың медициналық біліктілігін арттыру курстары қарастырылмаған. Денсаулық сақтау жүйесіне қарасты мектеп дәрігерлері мектептердің тек 20%-де ғана бар. Мұның бәрі қазіргі заманғы мектепте болу жағдайына байланысты оқушыларда болтаны түрлі патологиялардың алдын алуға бағытталған шараларды үйлестіруді қиындатады.
Республикадағы мектептердің қазіргі санитарлық-техникалық жағдайы оқып жүрген жылдары ішінде оқушылар денсаулығын сақтауға ықпал етеді (СЭСмМҒТО деректері бойынша):

  • мектептердің 50%-і ғана орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген,

  • 25%-і орталық кәріз жүйесіне қосылған,

  • мектептердің 20%-і орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген,

  • іс жүзінде әрбір төртінші мектепте спорт залдары жоқ.

  • мектептердің 34,7%-ндегі оқу жиһаздары бойы мен жас айырмашылық көрсеткіштеріне сәйкестендіріп ауыстыруды қажет етеді.

  • республика мектептерінің 87,9% -нде оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Бұл физикалық белсенділіктің нашарлауы, жақсы дұрыс тамақтанбау және санитарлық-тазалық мәдениеті жеткіліксіз болу салдарынан көру органдары бұзылысының, ас қорыту, тірек-қимыл және зәр шығару-жыныс жүйелері патологияларының, жүйке-психикалық бұзылыстардың көбеюіне ықпал етеді.
Соңғы 5 жылда оқушылардың сырқаттанушылығы 22%-ке көбейді, оның ішінде анемия - 2,5 есеге, тыныс алу органдарының ауруы 1,5 есеге, эндокриндік аурулар мен дұрыс тамақтана алмау 1,4 есеге, жүйке жүйесінің аурулары 1,5 есеге, жарақат алу мен улану 1,2 есеге өсіп отыр.
Асқазан-ішек жолдары ауруларының көбейіп кетуі ерекше алаңдатушылық тудырып отыр. Денсаулық жылы аясында 2002 жылы республика бойынша жалпы білім беретін мектептер жүйесінде оқып жатқан, жасы 12 мен 18 аралығындағы 1637484 бала медициналық тексеруден өткізілді. Зерттеулер нәтижесінде мектеп оқышыларының сырқаттанушылық құрылымында ас қорыту органдарының ауруы алдыңғы орынға шықты (16,7%), әрбір алтыншы оқушы осы аурулардан зардап шегуде. 2010 жылы жүргізілген профтексеру деректері тексерілген оқушылардың 32,1% -нен осы патологияны анықтаған. Мұндай жағдай отбасылық дәстүр, әлеуметтік жағдай мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, тамақтанудың мерзімділігі мен сапасына, азық-түлік түрлеріне, уақтылы әрі құнарлы тағамдардың қолданылуына тікелей байланысты болады.
Кейбір тағам түрлерінің балалар денсаулығына келтірілетін жағымсыз әсерлерін азайту мақсатында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2007 жылғы 30 наурыздағы №12 қаулысымен мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде газдалған және алкоголсіз энергетикалық сусындарды, чипсілерді, қытырлақ нандарды және құрамында генномодификацияландырылған ингредиенттері бар тамақ өнімдерін сатуға тиым салынған.
Ұлттық зерттеулер деректері бойнша (2007 жыл) 13-15 жас аралығындағы балалар арасында темекі шегушіліктің таралуы 9,9% -ті құрады (оның ішінде ұл балалар арасында 12,2%, қыз балалар 7,8 %), 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында – 11%; 9,4% балалар мен 21,3% жасөспірімдер алкоголь қолданады; 11-14 жасар балалар арасындағы физикалық белсенділік көрсеткіші– 39%-ті құрады, 15-17 жастаңы жасөспірімдер арасында – 37%.
Сексуалдық қауіп мінез-құлық факторлары әрбір 8-ші қыз баланың гинекологиялық ауру түрлерімен сырқаттануына немесе жыныстық дамуының бұзылуына соқтырып отыр. Ұрпақ өрбіту жүйесі органдарының созылмалы аурулары мектепте оқи бастаған әрбір 3-4 –ші қыз балада және кәмелет жасына толған қыздардың 75%-нде тіркеліп отыр. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 18 жасқа дейін жүкті болу жағдайы жыл сайын 10 000 –ға дейін тіркеледі, оның үштен екісі абортпен аяқталады. Барлық үзілген жүктіліктің 48% -і қайталанған, яғни осы аборттан кейін болмады дегенде тағы бір жүктілік болып отырған.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес 01.01.2010 жыл бойынша жасөспірімдер арасындағы психобелсендіргіш заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар көрсеткіштері 100 мың тұрғынға шаққанда 564,2 –ні құрады, бұл 2008 жылдың деректерінен 17 %-ке жоғары.
Жасөспірімнің тұлға болып қалыпьасуына, оның психикалық, физикалық денсаулығын сақтауға ықпал ететін маңызды аспект мектептегі қоршаған ортаның жағдайы болып табылады, онда девианттық мінез-құлық қалыптастырылады. Девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдер жағымсыз әрекеттер жасауға бейім болады, бұл құрбыларының, педагогтардың, ата-аналарының және жалпы бүкіл қоғамның оларға деген теріс қарым-қатынасын туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет