ДҮниетану оқу бағдарламасы


«Дүниетану» пәнінің мазмұны



бет4/7
Дата19.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#4243
1   2   3   4   5   6   7


1 «Дүниетану» пәнінің мазмұны

Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.






Бөлім

Тақырып

1

Мен және қоғам

1.1 Өзім және отбасым

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

1.3 Менің атамекенім

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

1.5 Құқық пен жауапкершілік

1.6 Мерекелер

2

Елімнің табиғаты

2.1 Жергілікті жерде бағдарлану

2.2 Климат және ауа-райы

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

2.4 Туризм

3

Тарих беттерінен

3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары

3.3 Қазақстан тарихындағы аңызды оқиғалар

3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік

Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


2 Оқу мақсаттарының жүйесі
1 Мен және қоғам


Тақырып

1 -сынып

2 -сынып

3-сынып

4-сынып

1.1 Отбасым

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау



2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін құру

3.1.1.1. Түрлі дереккөздерді талдау негізінде отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық дәрежесін түсіндіру;

3.1.1.2 Отбасылық шежіре құру



4.1.1.1. Түрлі дереккөздерді талдау негізінде отбасының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру

1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау



3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау

3.1.1.4 Жалпыға ортақ отбасылық құндылықтарды анықтау



4.1.1.2 Өз бақылаулары мен зерттеулері негізінде отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін түсіндіру

1.1.1.4 Тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін білу

1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау



2.1.1.4 Бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу

3.1.1.5 Шығындарын жоспарлау және негіздеу

3.1.1.6 Отбасы бюджетінің негізгі түрлерін талдау



4.1.1.3 Отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін біліп, түсіндіру







1.1.2.2 Мектептегі функционалдық аймақтардың арналымын және орналасқан жерін білу

2.1.2.2 Мектеп қоғамдастығының құрылымын және оның мүшелерінің атқаратын қызметін білу







1.1.2.3 Мектептегі мінез-құлық ережелерін және олардың мағынасын баяндау

1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

1.1.2.5 Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын білу және қолдану











1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын білу және түсіндіру

2.1.2.4 Өз сыныбына сипаттама беру



3.1.2.1 Қоғамда қабылданған мінез-құлықтың әдеп нормаларын білу және түсіндіру

3.1.2.2 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың қажеттілігін және маңыздылығын дәлелдеу






1.3 Менің атамекенім

1.1.3.1 Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орналасқан жерін қарапайым түрде сипаттау, өз мекенжайын білу

2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу

3.1.3.1 Елді мекендерді кейбір белгілеріне қарап ажырату (тип, көлемі, қызметі)

4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату

1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

2.1.3.2 Қазақстан картасынан өз облысын, ірі өзендерін, қалалар мен жолдарды көрсету

3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне қарапайым сипаттама беру

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру










1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер мен өзіндік зерттеулер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау







1.1.4.3 Үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құру

2.1.4.2 Оқу, ойын әрекеті кезіндегі, күнделікті жағдаяттардағы (үйде, қоғамдық орындарда, көшеде, табиғатта) қауіпсіз мінез-құлық ережелерін білу және түсіндіру

3.1.4.1 Электр аспаптарын пайдалану ережелерін білу және графикалық түрде көрсету




1.1.4.4 Жолдағы мінез-құлық ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін білу

2.1.4.3 Көлік түрлерін, олардың арналымын ажырату

2.1.4.4 Қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережелерін білу









1.1.4.5 Шұғыл көмек қызметтеріне хабарласу нөмірін білу




3.1.4.2 Спорт түрлерін білу, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті бастапқы белгілерді анықтау

4.1.4.1 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу

4.1.4.2 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну









3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

3.1.4.4 Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау



4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау



1.5 Құқық және жауапкершілік




2.1.5.1 «Құқық» және «Жауапкершілік» ұғымдарын білу, өз өмірінен мысалдар келтіру

3.1.5.1 «Конституция» ұғымын білу

4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қарапайым қорытындылар жасау

4.1.5.2 Қазақстан Республикасының жас азаматы ретіндегі өз құқықтары мен жауапкершіліктерін білу



1.6 Мерекелер

1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

2.1.6.1 ҚР жекелеген ұлттық және мемлекеттік мерекелерін білу және мәнін түсіндіру (таңдау бойынша): Наурыз мейрамы, ҚР Тәуелсіздік күні

3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін білу және мәнін түсіндіру

4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын білу және түсіндіру

2 Елімнің табиғаты


Тақырып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1 Жергілікті жерде бағдарлану

1.2.1.1 Көкжиек тұстарын және оларды анықтау әдістерін білу

2.2.1.1. Астрономиялық және жергілікті белгілер бойынша бағдарлану әдістерін білу













3.2.1.1 Жоспардың арналымын, масштаб және қарапайым шартты белгілерді білу

3.2.1.2 Масштабты сақтап, шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құра білу



4.2.1.1 Глобус пен карталардың арналымын білу, олардан негізгі нысандарды көрсете білу

4.2.1.2 Глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу

4.2.1.3 Шартты белгілеулерді пайдалана отырып, жалпы географиялық оқу карталарын оқу

4.2.1.4 Картадан өз өңірінің және Қазақстанның аумағын көрсету



1.2.1.2 Табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу және түсіндіру










2.2 Климат және ауа-райы

1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау

2.2.2.1 Ауа-райының адамдардың өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оңды және теріс әсерлерінің сипаттамаларын анықтау

3.2.2.1 Жердегі климаттың негізгі типтерінің сипаттамаларын анықтау

3.2.2.2 Қолайсыз ауа-райы климаттық жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін білу



4.2.2.1 Климаттың адамзат дамуына әсерін талдау

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

1.2.3.1Жыл мезгілдерінің бос уақыттағы іс-әрекеттің түрлерімен айналысудағы артықшылықтары мен кемшіліктері

2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау

2.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оңды және теріс жақтарын анықтау



3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін түсіндіру




2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын білу және жіктеу

3.2.3.2 Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы мінез-құлық ережелерін білу

4.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау

2.4 Туризм

1.2.4.1 «Туризм» және «турист» ұғымдарын білу

1.2.4.2 Туризмнің негізгі мақсаттарын атау



2.2.4.1 Туризмнің негізгі түрлерін мақсаттары бойынша жіктеу

2.2.4.2 Зерттеу негізінде Қазақстанда түризмнің алуан түрін дамыту үшін нысандарды анықтау

2.2.4.3 Туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау


3.2.4.1 Жарнамалық-ақпараттық өнімдерде қазақстандық туристік нысанның тартымдылығын негіздеу

3.2.4.2 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау



4.2.4.1 Ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру

3 Тарих беттерінен


Тақырып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы айту

2.3.1.1 Дереккөздерді пайдалана отырып, тұтынушы және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты білу және түсіну

3.3.1.1 Бұрынғы адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіну

4.3.1.1 Зерттеулер негізінде түрлі тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресс деңгейін анықтау

1.3.1.2 Көне заманның ең белгілі тарихи ескерткіштері туралы әңгімелеу

2.3.1.2 Дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

3.3.1.2 Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын білу және түсіну

4.3.1.2 Тарихи мұражайлардың рөлі мен мәнін түсіну

4.3.1.3 Тарихи мұражай құру бойынша өз жобасын ұсыну



3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары

1.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы сақтардың өмір салтын және сақтар дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау

2.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын және ғұн дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау

2.3.2.2 Сақтар мен ғұндар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау



3.3.2.1 Материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын және түркі дәуірінің жекелеген ескерткіштерін сипаттау

3.3.2.2 Ғұндар мен түркілер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау



4.3.2.1 Қазақ елінің шығу тарихы туралы түрлі дереккөз ақпараттарын жалпылау

4.3.2.2 Сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу



3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу

1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды сипаттау және бейнелеу



2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

3.3.3.1 Қазақ хандығының пайда болу себептерін түсіндіру

4.3.3.1 Қазақстанның ХХ ғасырдағы жетістіктерін білу және түсіндіру (мәдениет, ғылым, білім, экономика)

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері

1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы тарихты әңгімелеу

2.3.4.1 Әл-Фарабидің ғылым дамуындағы рөлі туралы қарапайым қорытындылар жасау

3.3.4.1 Хандардың, батырлар мен билердің негізгі сипаттамаларын білу және рөлін түсіндіру (тарихи мысалдар бойынша)

3.3.4.2 Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескен адамдарды білу және шығармашылықпен таныстыру (тарихи мысалдар бойынша)



4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, көрнекі мәдениет, білім, ғылым, мамандық қайраткерлерінің өмірі туралы әңгіме құрау

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

2.3.5.1 ҚР мемлекеттік рәміздерінің мәнін түсіндіру

2.3.5.2 Бақылаулар негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау



3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерін білу және мәнін түсіндіру (Алтын адам, Бәйтерек, «Мәңгілік ел» триумф аркасы, т.б.)

4.3.5.1 Зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын ұсыну (ұлттық брендті ілгерілету)

1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілерін білу

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру



2.3.5.3 Қазақстан халықтарының достығын түсіну және мәнін түсіндіру

3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіну және анықтау

4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік оқиғалардағы рөлін білу және түсіндіру

4.3.5.3 Қазақстан аумағында жүргізілетін әлемдік ауқымдағы оқиғалар туралы білу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет