ДҮниетану оқу бағдарламасы


Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



бет3/7
Дата19.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#4243
1   2   3   4   5   6   7

6 Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Дүниетану бағдарламасында оған жатады:


  • тұлғааралық құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін өзара ынтымақтастық пен тыңдауға бағытталған жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;

  • түрлі ұлт өкілдері оқушыларынан тұратын топтар, жұптар құру (мысалы, қазақтілді және орыстілді оқушылардан);

  • өзге адамның пікіріне, дәлелдеулеріне назар аудару және құрметтей білу;

  • «Дүниетану» пәні тақырыптарына сәйкес сұрақтарды талқылау және диалог құру.



7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

Бұл «Дүниетану» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:



  • БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  • дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

  • сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

  • сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;

  • басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

  • электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

  • интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

  • аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту



Жалпы білім беретін мектептердің Білім беру бағдарламалары мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын, оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады.

Оқу үдерісінде оқушылардың коммуникативтік, сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, пәндік ғылыми тілді сауатты түрде қолдана білу дағдылары дамытылады.

Ауызша сөйлеуді дамыту мақсатында жұппен үлкен және кіші топтарда сыныппен жұмыста қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде диалог талқылау, пікірталас өз пікірін айту.



«Дүниетану» пәнінде оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:

  • «Менің Отаным» тақырыбы бойынша пікірталасқа қатысу: сұрақтарды зерделеу, өз пікірін айту, басқалардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап, гипотеза ұсыну, қорытынды жасау және қорытындыларымен таныстыру;

  • рөлдік ойындарға, диалогқа, талқылауға және пікірталас пен қойылымдарға қатысу;

  • жұппен, шағын топтарда мәселелерді шешу тапсырмалары барысында тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдар бойынша дереккөздермен диалог құру және талқылау;

  • өз ой-пікір қорытындыларын сыныпта, топта таныстыру, аудитория алдында сенімді түрде сөйлей білу қабілетін дамытады.


«Дүниетану» пәнінде оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:

  • дереккөздермен жұмыс істеу, мысалы: нақты тарихи тақырыптар бойынша ақпарат жинау;

  • пән бойынша қойылған сұраққа жауап беру үшін әдебиетпен жұмыс (әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлең-тақпақтар, пьесалар, публицистика мен повестер);

  • сұрақтарға жауап іздеу үшін интернет-ресурстарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу;

  • берілген тақырып бойынша түсінігі мен білімін тереңдету үшін күрделі және қиын мәтіндермен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену;

  • дереккөздердің қорытындылар алудағы маңыздылығын бағалау үшін олардың

  • шығу тектерін және сенімділігін айқындау критерийлерін қолдану.

«Дүниетану» пәнінде оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:

Жеке және бірлескен модельдеу, таныстырулар барысында көркем немесе ғылыми-танымдық жанрды меңгеру және қолдану;



  • жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды қолдану;

  • нақты жанр шеңберіндегі жазбаша жұмыстың түпкілікті нұсқасын көркем және ғылыми-танымдық, көпшілік жанрлардың төмендегі көрсетілген кең спектріне сүйене отырып әзірлеу:

  • хикаялар;

  • әңгімелер;

  • есеп берулер;

  • баяндамалар;

  • эссе;

  • өлең.

Бұл жанрлар мультимодальдық және мультимедиалық түрде орындалып, көпшілікке ұсынуға болады.
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Дүниетану» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезеңде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.

Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.

3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:


  • тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.

  • жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.

II «Дүниетану» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі


Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> Математика
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Дене шынықтыру оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет