Дүниетану пәні



бет1/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,72 Mb.
  1   2   3   4
«Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Дүниетану пәні

Тақырыбы:

«Денсаулық – зор байлық»

Орындаған: 1 «Г» сынып оқушысы

Аманкелді Дайана

Бастауыш сынып мұғалімі:

Чабденова Нурсулу

Талғар, 2016-2017 оқу жылы.

Пікір

Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектептің, 1 «Г» сынып оқушысы Аманкелді Дайана кішкентай жасына қарамастан, өте алғыр, пысық, зейінді де зерек қыз. Сабағына өте ұқыпты, білімпаз оқушыларымның бірі.

Сабақтан бос кездерінде үнемі таза ауада серуендегенді ұнатады. Қоршаған ортаның таза болғанын және де оны тазалығына өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар достарын да үгіттейді.

Денсаулықты сақтау өте маңызды. Бұл орайда Дайана, сыныптастарына денсаулыққа зиян келтіретін тағамдардан, сусындардан бойын аулақ ұстауды үнемі насихаттап отырады. Атап айтсақ, қаптамадағы «Кириешки» қытырлақтарының құрамында зиянды қоспалар көп мөлшерде адам денсаулығына кері әсер ететін әңгімелейді.

Сонымен қатар, денсаулықты сақтаудың құпияларын да анасынан біледі. Денсаулықты күтудің қарапайым түрлерін, «ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» демекші, апа-атасынан денсаулықты жастай қалай шынықтыру керек екенін бойына сіңіріп, өсіп келеді.

Демалыс сайын Талғардың көркем табиғатын ата-әжесімен тамашалағанды жақсы көреді. Әсем табиғатымызды аялап, сақтауды да осы ата-әжесінің әңгімелерінен, істерінен байқайды.

Шынығып, шымыр болу үшін спорт ойындарының маңызы өте зор екенін, Дайана жақсы біледі. Таңғы жаттығудан басталатын әрбір күн, Дайана үшін денсаулыққа және қоршаған ортаға келтіретін пайдалы істерден тұрады.

Қорыта келе, Дайана алдағы уақытта тек сыныбымыздың мақтанышы болып қана қоймай, барша Қазақ елінің жанашыр, білімді, дарынды ұрпағы болатынына сенемін.

Пікір білдіруші: Чабденова Нурсулу

Мазмұны:

  1. Кіріспе бөлімі.....................................3-бет

  2. Негізгі бөлімі..............................4-9-беттер

  3. Қортынды бөлі........................10,11-беттер



Кіріспе бөлімі.

Мақсаты: Адам денсаулығы өз қолында екеніндігін түсініп, салауатты өмір салтын ұстану, қоршаған ортаны, табиғатты аялау. Сүт өнімдерін және де көкөніс, жеміс-жидектерді көп қолдану денсаулыққа пайдасын ұғыну. Күн сайын таза ауада серуендеу,спортпен шұғылдану, қимылды жаттығулар жасаудың маңыздылығы.

Міндеті:
- денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсінік.
- адам денсаулығын нығайту қажеттілігі.
- денсаулығын күтуге, бағалауға насихаттау.

Денсаулықтың 1- құпиясы- денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл- ойымызда жатыр. 


Денсаулықтың 2- құпиясы-біздің тыныс алуымызда.
Денсаулықтың 3- құпиясы - шынығу әрекеттері күш әкеледі
Денсаулықтың 4- құпиясы - дұрыс тамақтану күші
Денсаулықтың 5- құпиясы - күлкі. Күлкі- бұл мәңгілік емші
Денсаулықтың 6- құпиясы – демалу күші
Денсаулықтың 7- құпиясы - тұлғаны түзу ұстай білу күші.
Денсаулықтың 8- құпиясы - таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың 9- құпиясы - сенім күші


Денсаулықтың 10- құпиясы - сүйіспеншілік күші.



Денсаулық деген сөз - деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

Көңілді әуендер тыңдау, сызылтып ән айту, тіпті би қимылдары денсаулығымызды жақсартуға көп көмегін береді. Миды тынықтыру үшін уақытылы ұйықтау да ағзамызды сергітеді. Бос уақытымызда сүйікті істермен шұғылдану адамның өмірге сүйіспеншілігін арттырады.

Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді. Сонымен қатар бөлмеміздің де ауасы таза болғаны дұрыс.

Каталог: uploads -> doc -> 0e08
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e08 -> Тақырыбы: Жақсы мінез Мектеп: №15 жоббм
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: «Джунгли» театры
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы
0e08 -> Сабақ үлгерімін жақсарту. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу