«Дүниетану» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып



бет16/26
Дата27.10.2022
өлшемі1,91 Mb.
#155295
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
ЖБ Дүниетану 4 сынып каз (1)
биостатистика, 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259, Ахмет Байтұрсынұлы- ұлт ұстазы ( тәрбие сағаты)
Барлығы

6

18

  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Дүниетану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-тапсырма


а) Далалы жердің климатын сипаттап жаз.

[1]
b) Далалы жерде қандай шаруашылық түрлерін дамытуға болады?







  1. тапсырма


    1. Суреттерге қара. Бұл жерлерде қандай табиғи апаттар туындауы мүмкін?

[1]








[2]

    1. Бұл табиғи апат қандай зиян келтіруі мүмкін?

[1]

  1. тапсырма


Суреттер бойынша жасанды ортадағы қауіпсіздік ережелерін құрастырып жаз.

1)


2)
3)
[3]
  1. тапсырма


Кескін картадан Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш көлін белгілеп, атауын жаз.

[3]



  1. тапсырма


    1. Берілген тұжырымдарды оқы. Дұрыс және бұрыс тұжырымдарды анықтап, «+» және

«-» таңбаларымен белгіле.



Тұжырымдар

+ /-

Жер өз осінен айналғанда, оның полюстері айналмайды.




Меридиан Жерді Оңтүстік және Солтүстік жарты шарға бөледі.




Экваторға қатарластыра жүргізілген сызықтарды параллель деп атайды.




Полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды.







    1. Қате берілген тұжырымдардың дұрыс нұсқаларын жаз.



[4]

  1. тапсырма


Картадан экваторды, параллель және меридиан сызықтарды бастырып сыз. Олардың атауын жаз.

[3]

Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Жазы ыстық әрі құрғак, жиі-жиі аңызак жел соғып тұрады. Ал қысы суық, қатал болады. Қар, жауын-шашан аз мөлшерде түседі.

1


Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Егін шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік береді/ Мал жайылымы ретінде пайдаланылады/ ара шаруашылығын дамытуға болады/...

1


2


1) қар көшкіні/ сел/жер сілкінісі/лай көшкіні/...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады

2) су тасқыны/су басу қаупі/ орман өрті/..

1

Жер сілкіну кезінде үйлер, ғимараттар құлайды/Жер жарылып, адамдар мен жануарлар опат болады/Қар көшкіні жолындағыларды басып қалады, адамдардың өміріне қауіп төнеді/ Сел жер бетін бұзады, өсімдіктер мен жануарларға, елді мекендерге зиян келтіреді/ Судың тасуы елді мекендерге көп зиян тигізеді. Үйлер қирайды,
жануарлардың індері бұзылады

1


3


Танымайтын адамдармен сөйлеспе!

1

Тапсырмаға сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Терезенің алдына отырма!

1

Суқоймалардағы мұздың үстімен жүрме!

1

4



3

Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

5





2


Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

Экватор Жерді тең екі жарты шарға бөліп тұрады/

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы дұрыс жауаптар қабылданады.

Оңтүстік және солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды меридиан деп атайды.

1

6




3


Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

Барлығы

18




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет