Доғалы протезді дайындаудың Клиникалық кезеңдері: 1



бет2/12
Дата05.10.2022
өлшемі0,72 Mb.
#151865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5 ПРАКТИКА

Отқа төзімді мүсін алу.
1) Дублирлеуге мүсін дайындау. Мүсінді параллелометрде үйренген соң, тірек тістерге орта сызық сызып, каркастың суретін салады. Тірек тістердің беті параллель болуы үшін барлық ішкі шұңқырларға балауыз құяды. Мүсінге доға орнласқан жерде балауызды прокладка қояды. Оның қалыңдығы жоғарғы жақта 0,2-0,3 мм, төменгі жақта 0,3-0,5 мм. Ершік орнласқан жерде 1,5-2 мм. Бұл изоляцияны бөгельді балауызбен жасайды.
2) Негативті пішін алу. Гелин массасын майдалап кеседі, эмальді ыдысқа салып қақпақпен жабады, су банясына салып, 1 сағат көлемінде 80 С ерітеді. Мүсінді бірнеше суға салып қояды, кейін кюветаның отртасына пластилиннің көмегімен бекітеді. Кюветаны қақпақпен жауып, бір бетінде 40-50 гр дейін сұйытылған гелин құяды. Ол басқа бетінен шыққанша құйылады. Кюветаның түбін ашып, мүсін негізінің айналасын кесіп, мүсінді аймалып итереді. Негативті пішін ортасына жартылай металды корпус орнатады.
3) Отқа төзімді мүсін алу. 100-200 гр Силамин порошыгін келкен резина ыдысқа салып, инструкцияда көрсетілген мөлшермен су құяды. Парошоктың мөлшерін анықтау үшін мүсіннің кебу массасын 1,7 көюейтеді. Порошокты араластырып, аз аздан вибростоликте негативті пішінде 3-5 минут көлемінде толтырады. Мүсінді пішіннен соңғыларын пышақпен кесе отырып шығады. Мүсінді ауада 15-20 минут немесе келтіру шкафында 30 минут 180-200 С температурада келтіреді. Мүсін біртегіс, түйіршіксіз, кілегей қабат рельфін және протез орнының шлакаларын қайталайды және беті тегіс, қатты, жабысқақ болуы керек.


Доғалы протез қаңқасын балауыздан мүсіндеу.
Бюгельді протез каркасын балауызбен мүсіндеудің алдында, гипсті мүсіннен отқа мүсінге оның барплық элементтерінің чертежін ауыстыру керек. Кламмердің шығының труа болуы гипс мүсіндегі шектеулі сызықша сай келетін тірек тістердің бетіндегі теппешектер көмектеседі. Отқа төзімді мүсінге каркасың балауыз бөліктерін орнату алдында жақсы қыздырылған және мүсіннің барлық бетіне жақсы жабысатын бюгельді балауыздың жұқа бір қабатын жабады. Бұл мүсіннің бетіне балауыз композициясының жақсы жабысуына қол жеткізеді. Каркас элементтерін пішіндеу үшін силиконды материалдар бар. Қыздырылған балауызды таңдап алынған кламмер пішінінде силиконды матрица құяды. Сонымен бірге калммерлерді мүсіндеу үшін 0,8-1,0 мм балауыз жіпшелерін қолданады. Тірек тістерде орнласқан клммер бөлігі қалыңырақ. Ол тістің ретенциалды бөлігінде жұқа, домалақ болуы керек. Жоғарғы жақтан доғаның ені 4-5 мм, төменгі жақта балауыз сызығымен мүсіндейді. Балауыз композициясының сыртқы беті тегіс жылтыр болуы керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет