Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет24/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020
2018-12-12-Краткий отчет по АПН-Туркестанская обл. 0
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инклюзивті білім 
берудің енгізілуіне байланысты педагогтар өздеріне берілетін жаңа 
кәсіби рөлді бірден қабылдай қоймайды, бастапқыда ашық немесе 
жасырын түрде қарсылық білдіреді. Кез келген жаңа құбылыс сияқты, 
бүгінгі таңда инклюзивті білім беру жалпы білім беретін 
мектептердің педагогикалық ұжымдары тарапынан айтарлықтай 
қолдауға ие бола алмай отырғаны мәлім. Педагогтардың бойында 
толеранттылықтың болмауымен қатар бұл үдеріс кәсіби біліктілікті 
арттыруды, қосымша жұмысты, өзгерістерге дайын болуды, кәсіби 
ізденістерді талап ететін проблема деп қабылдау байқалады, 
ақпараттар мен білімнің аздығынан пайда болған белгісіздік пен 
үрейлену қалыптасады.
Сондықтан педагогтарды ерекше балалармен ерекше жағдайларда 
жұмыс істеуге даярлауды жоғарғы оқу орындарынан бастаса мұндай 


69 
проблема туындамайтыны даусыз. Болашақ педагогикалық кадрлар 
инклюзивті оқытудың БАҚЕ баланы әлеуметтендірудегі рөлін жете 
ұғынып, қалыпты дамыған балалар мен ерекше балаларды біріктіре 
оқыту қызметіне кәсіби және жеке тұлғалық даярлығы қажетті деңгейде 
қалыптасады. 
Болашақ педагогикалық кадрлардың инклюзивті білім беру 
үдерісін жүзеге асыруға психологиялық-педагогикалық даярлығының 
деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, педагогикалық 
білім бағдарламалары мазмұнының заманауи педагог-маман тұлғасын 
даярлауға сәйкестігі айқындалды.
Сауалнамаға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университетінің 
«Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқитын
1-4 курстардың 132 студенті қатысты.
Студенттердің жас мөлшері 
17-ден 25 жасқа дейінгі аралықты қамтыды, гендерлік құрамы: 105 
студент қыз және 27 жігіт. Студенттерге арналған сауалнама олардың 
инклюзивті білім беру туралы жалпы ақпараттарының, кәсіби және жеке 
тұлғалық даярлық деңгейлерін анықтайтын сұрақтардан құрылды. 
Алынған нәтижелерді талдай отырып, келесі мәліметтер 
анықталды: педагогикалық мамандықтардың студенттері педагог-
мамандарды кәсіби даярлау психологиялық, практикалық және 
теориялық дайындық тұрғысынан жетілдіруді қажет етеді деп есептейді. 
Студенттер педагогикалық практикадан өту мен қоғамдық пікірдің 
негізінде білім беру жүйесі туралы дұрыс түсініктерді меңгергенін, 
сонымен бірге кейбір қате түсініктерге бой алдыратынын байқатты. 
Бастысы, студенттер өздерінің кәсіби қызметіндегі еңбектің қолайсыз 
шарттарын алдын ала сезінеді. Бұл тұтастай алғандағы білім беруді 
ұйымдастыруға қатысты мәселелер болғандықтан келіспеуге болмайды, 
мысалы білімді бақылау формаларын таңдау мәселесі. Педагогикалық 
мамандықтар үшін емтиханның тестілеу түрінен гөрі ауызша түрі 
пайдалы екендігі ақиқат, себебі болашақ мұғалімдер ауызша және 
жазбаша сауатты сөйлеу тілін меңгеруі тиіс. Соңғы жылдары студенттер 
арасында сауаттылықтың төмендеу тенденциясы байқалуда, бұл тест 
сұрақтарына үнсіз жауап іздеу дағдысының салдары болып табылады.
Зерттеу нәтижелер мұғалімдердің инклюзивті білім беру 
жағдайларында жұмыс істеуге барынша қалыптасқан кәсіби 
даярлығының қажет екендігін тағы да дәлелдейді, бұл даярлық кәсіби 
және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерді қамтиды. Педагогтардың 
инклюзивті жағдайларда жұмыс істеуге қажетті кәсіби құзыреттілігінің 
мазмұнын зерделеу мәселесі жаңа форматтағы педагогты даярлаудың 


70 
кезеңдерін, инклюзивті білім беру саласы үшін мамандар даярлаудың 
моделін жасауды жан-жақты қарастыруды көздейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім алу қажеттіліктері 
ерекше балаларды жеке сүйемелдеуді жүзеге асыратын мұғалім-тьютордың 
немесе мұғалім-ассистенттің бірыңғай моделі әзірленбеген. Білім алу 
қажеттіліктері ерекше балаларды үйде (қашықтықтан) оқыту мен 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету технологиялары жеткіліксіз. 
Демек, 
жаңа 
модельдің 
қолданыстағы 
баламалардан 
басты 
айырмашылығы – инклюзивті білім беру жағдайында білім алу 
қажеттілігі ерекше балаларды тьюторлық сүйемелдеу үдерісін 
ұйымдастыру, жобалау және іске асыра алатын, ерекше баланы үйде 
оқыту үдерісін жүзеге асыра алатын және ерекше бала мен оның ата-
анасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үдерісін 
ұйымдастыру, жобалау және жүзеге асыра алатын жан-жақты, яғни 
жаңа форматты мұғалімдер дайындауды есепке алатындығы болып 
табылады. 
Тьютор немесе ассистент-педагогтың мамандығына байланысты, 
яғни педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог, 
педагог-пән мұғалімі және т.с.с. мамандардың инклюзивті білім беру 
жағдайындағы қызметінің бағыты мен мазмұны, функционалдық 
міндеттері жеке модуль ретінде қарастырылуы тиіс. Яғни, ерекше 
баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің әрбір 
мүшесі оның жеке тьюторы бола алады. Осыған байланысты, бұл 
проблема едәуір тереңірек зерттеуді және әдістемелік қамтамасыз етілуі 
талап етеді. Тьюторлық қызметті енгізудің шарттары мен тетіктерін, 
және бірінші кезекте жоғары және қосымша білім жүйесінде 
тьюторларды дайындау тетіктерін анықтау; педагогикалық бағыттағы 
болашақ мамандардың тьюторлық сүйемелдеу саласындағы кәсіби 
құзыреттілігін әзірлеу қажет.
Білім алу қажеттіліктері ерекше оқушылар мен олардың ата-
аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі 
бойынша да шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті. Бұл жерде инклюзивті 
білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 
технологиялары тек арнайы мамандар (дефектолог, логопед т.б.) 
даярлау білім мазмұнында ғана қарастырылған. Ал жалпы білім беретін 
мектептердегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 
командасындағы педагог-психолог, әлеуметтік педагог, үйлестіруші 
(координатор) және т. б. мамандардың БАҚЕ бала мен оның ата-
анасымен 
орындайтын 
жұмысының 
бағыты 
мен 
мазмұны, 
функционалдық міндеттері терең қарастырылмайды. 


71 
Тағы бір маңызды мәселе – денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 
оқушыларды үйден оқыту формасы бойынша туындайтын проблемалар. 
Бұл, ең алдымен үйден оқытылатын оқушылардың әлеуметтенуінің 
назардан тыс қалатындығы. Оқушылар оқу пәндері бойынша 
тағайындалған сағаттар көлемінде теориялық білім алғанымен, 
практикалық дағдыларды қалыптастыру, әлеуметтік бейімделу, 
оқушылармен тұлғаралық қатынастар орнату, қоғамдық және мәдени іс-
шараларға қатысу мүмкіндігі т.с.с. көп мәселелер шешілмейді. Демек, 
үйден оқыту технологияларын жетілдіру проблемасы және сол 
технологияларды 
болашақ 
мамандарға 
меңгерту 
проблемасы 
туындайды. 
Жоғарыда 
аталған 
мәселелерді 
шешу 
үшін 
білім 
бағдарламасындағы «Инклюзивті білім беру» пәнінің мазмұнына осы 
сұрақтарды енгізу шарт. Енгізген күнде де қажетінше терең 
қарастырып, теория мен барлық әдістемелерді, технологияларды 
меңгерту мүмкін емес. Демек, қосымша элективті пәндер қажет, 
педагогикалық практика мазмұнын қайта қарау шарт. 
Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін педагог 
даярлаудың дидактикалық моделі жоғары білім беру саласындағы 
педагогикалық қағидаларға сүйене отырып қайшылықтарды анықтап, 
даярлық үдерісіндегі қателіктердің алдын алуды, даярлық үдерісінің 
жетістіктеріне болжам жасауды, қажетті түзетулер енгізуді және 
болашақ педагогтар даярлау үдерісіне оң ықпал ететін факторларды 
анықтауды мақсат етеді.
Инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби қызметке болашақ 
педагогты даярлаудың дидактикалық моделі педагогикалық қағидалар 
негізінде 
құрылып 
кәсіби 
құзыреттілікті 
қалыптастыратын 
компоненттерді, білім мазмұнын, педагогикалық шарттарды және 
кәсіби даярлық үдерісінің нәтижесін қамтиды.
Қағидалар: саналылық, белсенділік пен өз бетімен әрекеттену, 
ғылымилық, жүйелілік пен үздіксіздік, теория мен практиканың 
байланысы, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, біріктіре оқыту. 
Компоненттер: мотивациялық-құндылық,танымдық-мазмұндық 
және операционалдық-әрекеттік. 
Мазмұны: міндетті пәндер – Педагогика, Психология, Инклюзивті 
білім беру. Элективті пәндер: Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 
балаларды тьюторлық қолдау, Үйден оқыту жағдайындағы білім беру 
үдерісіне қолдау көрсету технологиясы, Білім алуда ерекше 
қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау т.б. 


72 
Педагогикалық шарттар: болашақ педагогтарды даярлаудағы 
жүйелілік; білім мазмұнының жаңартылуы; білім беру ұйымдары 
арасындағы үздіксіздік; болашақ педагогтардың БАҚЕ балалармен 
жұмыс істеудің маңыздылығын ұғынуы; болашақ педагогтардың БАҚЕ 
балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне қажетті білім, білік, дағдыларды 
меңгеруі мен қажетті құзыреттерді игеруі. 
Нәтиже: педагогтардың инклюзивті білім беру жағдайындағы 
қызметке кәсіби және жеке тұлғалық даярлығы. 
Осылайша, жаңа дидактикалық мoдель кәсіби педагогикалық 
білім берудегі үйлестіруші орталық қызметін атқарады. Білім алу 
қажеттіліктері ерекше балаларды оқыту үдерісі анағұрлым кең спектрлі 
құзыретті, яғни инклюзивті білім беру жағдайларында жұмыс істеуге 
дайын білікті педагогтармен қамтамасыз етуді талап етеді. Инклюзивті 
білім беру үдерісін кадрлық қамтамасыз ету инклюзивті білім беруді 
енгізу мен дамытудың аса маңызды бағыттарының бірі болғандықтан 
ұсынылып отырған модель классикалық педагог үлгісінен өзгеше, білім 
беру кеңістігінің заманауи талаптарына сай педагогтарды даярлаудың 
ғылыми негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланыған әдебиеттер 
1.
Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в 
Республике Казахстан. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2015. –13 с.
2.
Clementina Acedo. Preparing teachers for inclusive education // Prospects (2011) 
41:301–302. Published online: 3 September 2011_ UNESCO IBE 2011. DOI 
10.1007/s11125-011-9198-2. 
3.
Kosnik C., Beck C., Goodwin A. Lin. Reform Efforts in Teacher Education.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет