Қызғалдақ
–
қыздар,
қауызын
ашқан көктемде; Желігіп тудың желі аймаласа,
327
қызқайың
бетін басып қымсынады;
Жауқазын жан
екенсің, жасанды
әсемдікке алданбаған
т.б.
Әсемдік әлемін, қыз сұлулығын жеткізген гүлдер туралы айтқанда,
ең алдымен, көктемнің алғашқы көркі саналатын
бәйшешек
гүлі еске
түседі
. Бәйшешек
гүлі – қар кете салысымен іле-шала көктеп бой
көрсететін өсімдік. Қазақы орта танымына сай қолданысындағы
бәйшешектей құлпыру; бәйшешектей шешек ату; бәйшешегім
(ұрпаққа
қарасты айтады) деген сөздер мен сөз орамдары осыны аңғартады.
Дәстүрлі қолөнерде гүл өрнегі тектес оюлар салуда
бәйшешек
бейнесі
пайдаланылады [6].
Мен жұмыстан келе жатып «Үш шоқы» баурайынан
бәйшешек
көрдім.
Бәйшешек
! Тым әлжуаз екен, әлі гүл қауызын да жара
қоймапты...Әйтсе де, көктем жаршысы –
бәйшешектің
осынау
өмірге деген құштарлығы, әлі дегди қоймаған тоң жерден өсіп
шығуының өзі – маған үлкен ерлік болып көрінді. Мен көктем жаршысы
–
бәйшешекті
ұзақ сипаладым
(Көмеков О. «Қаңтардағы бәйшешек»).
Осы мәтінде біз
бәйшешек
гүлі арқылы «қайсарлық»,«мықтылық» пен
«ерліктің» де символданатынын байқаймыз. Бұл мықтылық қазақ
әйелінің бойынан табылатын қайсарлықты көрсететіндей. Қазақ
халқының басынан өткен небір тарихи кезең, зұлмат-зобалаңдарда қазақ
әйелдері де ерлерден қалыспай, қайсарлық, батырлық үлгісін көрсетіп
отырған. Табиғаты нәзік болса да, әйелдер тек ерлік тағдыр кешеді.
Бірақ олар жаһанға жар салып, жарияламай күнде ерлік жасайды. Ел
басына төнген қара бұлтты ақыл-парасаты, ұстамдылығымен,
қулығымен, кейде ерке назымен бір сәтте ыдыратып жіберетін қазақ
әйелдерін бейнелейтін мысалдар көркем әдебиетте молынан кездеседі.
Сонымен қатар көркем шығармалардың көпшілігінде «әсемдік»
пен «сұлулық», жұпар иіс – «
бөртегүлге»
баланады.
Алматыда
бөртегүл
ашты бүрін,
Жұпар исі сол гүлдің басты сыры.
Әсем қала әдемі күйге енді,
Алатаудан асқан күн шашты нұрын
(Асылбекова Ж. «Бөртегүл
гүлдегенде»).
1929-1997 жылдар аралығында қазақтың орталығы болған
Алматының бар сұлулығын талай ақын жырлап, ғалымдар, жазушылар
мен өнер адамдары білім алып, ел мәдениетіне зор үлес қосты.
Алматының әсемдігін жазбаған, жырламаған қаламгер кем де кем
шығар. Ақын бұл өлеңінде қаланың талай жырға арқау болған
сұлулығының сиқырын
бөртегүлдің
жұпарынан іздейді.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали
сиреньді бозқараған
деп атайды:
328
Көрдің бе
Достарыңызбен бөлісу: |